Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Заманауи экономикалық жағдайда құрылысты қамтамасыз



Pdf көрінісі
бет71/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Заманауи экономикалық жағдайда құрылысты қамтамасыз 
етуді ұйымдастыру. Технологияның жəне құрылыс өндірісін (ағындық-
жылдамдықтық, блокті, құрылыс құрылымарының жинақталуын жəне 
технологиялық жабдықтарды жинақтауды үйлестіру жəне т.б.) 
ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы түрлері құрылыс жинақтау 
жұмыстарының материалды-техникалық қорлармен жиынтықтылығы, 
үйлесімділігі жəне жеткізудің уақыт бойынша қамтамасыз ету шарттарын 
қатаң орындауды талап етеді. Бұл шарттарды қамтамасыз ету мақсатында 
нысанға құрылмалы құрылым, бөлшек, жартылай фабрикаттар жəне қатаң 
ретте материалдар жиынтығы ретінде технологиялық жиынтықты 
қолданады. 
Берілген мəселені шешу ӨТЖБ жүктеледі жəне кешенді заңды тұлға 
ретінде жүзеге асырылады. Бұл ұйымдастырушылық бөлім негізгі үш 
функцияны 
атқарады: 
материалды-техникалық 
қамтамасыз 
ету, 
материалдарды жəне жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу жəне құрылыс 


141 
үдерістерін өнімдер, құрылымдар жиынтықтарымен қамтамасыз ету. 
Қамтамасыз ету функциясы құрылыс нысандары үшін келіп түсу көздеріне 
тəуелсіз материалдық қорларды алу жəне сақтауға келіп тіреледі; 
өндірістік қызметі материалдар мен өнімдерді құрылыс жұмыстарында 
тікелей қолдану үшін қайта өңдеуде жəне типті емес жəне сериялық емес 
құрылымдар, бөлшектер жəне жартылай фабрикаттар жасауда жатыр; 
материалдар жəне өнімдер жиынтығы оларды құрылысқа келісілген жұмыс 
өндірісінің графиктеріне сəйкес құрылысты материалдық қамтамасыз 
етудің соңғы деңгейі ретінде орталықтанған жеткізуден тұрады. 
ӨТЖ (өндірістік-технологиялық жабдықтар) құрылымы олардың 
басқарушы органдарынан, өндіріс жəне орау базасынан, жинау жəне 
жөнелту орындарынан тұрады. Жабдықты басқару блогының құрамына 
басқару бөлімі, экономикалық жоспарлау бөлімі, материалдық активтерді 
басқару бөлімі, іріктеу бөлімі,өндірістік бөлімі, сондай-ақ диспетчерлік 
бөлімі қарастырылған. 
Өндіру жəне жинақтау базасының құрамына өндірістік цехтар мен 
жинау алаңдары кіреді. 
Экономикалық 
жоспарлау 
бөлімі 
өнімнің 
қаптамасына 
келісімшарттар жасайды; құрылыс ұйымының құрылыс-жинақтау 
жұмыстарының тəртібі мен жоспарына сəйкес жеткізілім жəне қаржылық 
жоспар жасайды; өнімнің зауыттық дайындығын, материалдарды өңдеуді 
жəне жинақтау бойынша ӨТЖ өндірісінің шығындарын есептейді жəне 
талдайды; материалдық ресурстардың жұмсалуы бойынша өндірістік 
стандарттар жəне жоспарлы-есептік, шарттық бағаларды əзірлейді; 
жұмысшылардың 
жалақысын 
олардың 
соңғы 
нəтижелерімен 
байланыстырады; статистикалық есептеуді əзірлейді жəне талдайды. 
Іріктеу бөлімі қорлардың барлық түрлеріне қажеттіліктерді есептеуді 
жүзеге асырады; өнімдерді өндіруге арналған шарттық тапсырыстарды 
орындау үшін қажетті құрылымдарды, өнімдер мен материалдарды 
өндіруге болжам жасайды; ӨТЖ іріктеу бойынша жедел жəне ұзақ 
мерзімді жоспарлар жасайды; құрылыс ұйымдарымен олардың өндірістік 
кестелерімен жəне материалдық-техникалық қорларды толтыру кестесімен 
үйлестіріледі; қабылданған шешімдерді бақылайды; кадрларды даярлау 
жəне қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 
Материалдық активтерді басқару бөлімі ӨТЖ қызметі үшін қажетті 
өнімдерді, материалдар мен жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз етеді; 
жеткізілетін қорлар ауқымын, оларды жеткізу мерзімін, көтерме сатып 
алуды жүзеге асырады; тауар биржалары жұмысына қатысады; алынған 
өнімдердің сапасын бақылауды жүзеге асырады; материалдық-техникалық 
қоймалардың қызметін басқарады; қорларды есепке алуды жүргізеді. 
Өндірістік 
бөлім 
құрылыс 
ұйымдарына 
технологиялық 
жинақтардың, 
материалдық-техникалық 
жинақтардың 
қорлардың 
жеткізілу барысын жедел реттеу, есепке алу жəне жедел бақылауды 


142 
ұйымдастырады; ӨТЖ өндірістік бөлімінің жұмысын реттейді; 
жинақтарды жеткізу үшін көлік құралдарын басқарады; технологиялық 
жинақтардың қолжетімділігі, сатып алынуы, жөнелтілуі жəне жеткізілуі 
туралы ақпаратты жинайды жəне өңдейді. 
Өндірістік-жинақтау базасы ӨТЖ өндірістік қызметін жүзеге 
асырады. 
Технологиялық жинақтар (ТК) - бұл объектілерді салу үшін қажетті 
бөлшектер мен материалдарды,ғимараттар, құрылыстар немесе жұмыс 
кезеңдерін орындауға арналған құрылымдар жиынтығы. 
Технологиялық жинақ құрылыс құрылымдарынан, бұйымдардан, 
материалдардан 
жəне 
жартылай 
фабрикаттардан 
тұрады. 
Бұл 
ресурстардың жиынтығы белгілі бір технологиялық үдерістің орындалуын 
жəне берілген жұмыс көлемін немесе құрылыс объектісін жалпы алғанда 
қамтамасыз етеді. 
Жеткізу жиынтығы-объектіге жеткізілетін материалдық-техникалық 
қорлардың технологиялық жиынтығының бөлігі. 
Монтаж жинағы- бұл құрама құрылмдардан, бұйымдардан тұратын 
жəне технологиялық жиынтықтың бір бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет