Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Негізгі 
материалдарға, 
құрылымдарға 
жəне 
жартылай 
фабрикаттарға қажеттіліктерді анықтау. Дамудың жəне құрылыстың 
материалды-техникалық базасын орналастырудың негізгі бағыттары 
құрылыс материалдары, өнімдері жəне құрылымдары қажеттіліктерін 
қамтамасыз етуге келіп тіреледі.
Құрылыстың материалды-технологиялық базасын орналастыруға 
жəне дамытуға көптеген факторлар əсер етеді, олар: 
құрылыс 
материалдары, 
өнімдері 
жəне 
құрылымдарына 
сұраныстың бар болуы; 
 тұтыну орталықтарының жақындығы жəне өткізу нарығының бар 
болуы; 
 еңбек жəне шикізат қорларының құны жəне бар болуы; 
 жанар-жағар май қорларының жəне көлік жүйесінің құны жəне бар 
болуы; 
 ағымдағы заңнамаға, мемлекеттік жəне салық саясатына жəне т.б. 
сəйкес инвестициялық мүкіндіктердің бар болуы. 
Құрылыстың 
материалды-технологиялық 
базасының 
дамуы 
мемлекетпен, жеке фирмалармен жəне жеке тұлғалармен басталуы мүмкін. 
Құрылыстың материалды-технологиялық базасының өнеркəсіптерін 
орналастыру жəне даму жайлы шешімдерін қабылдау үшін техникалық-
экономикалық зерттеулер жүргізіледі. 
Құрылыс 
материалдары, 
өнімдері 
жəне 
құрылымдарының 
өнеркəсібін орналастыру мəселесі алдағы жылдарға немесе ұзақ уақытқа 
20 жылға дейін 
шешілуі мүмкін.
Нарықтық қарым-қатынас шарттарында орналасу орнын таңдау – 
бұл елеулі кəсіпкерлік шешімдердің бірі болып табылады. Кəсіпкер дəл 
қазіргі уақытта жəне ұзақ уақытта табыс табуға бағытталуы тиісті. Бұл 
ретте, өндіріске шектеулер жəне материалдарды, өнімдерді жəне 
құрылмдарды жүзеге асыру табыстары салыстырып отырады.


139 
Құрылыстың өндірістік-технологиялық жиынтықтылығы. 
Құрылыстың өндірістік-технологиялық жиынтықтылығы (ӨТЖ) – 
бұл бастапқы құрылыс материалдарын өндірістік қайта өңдеу негізінде 
жасалатын құрылысты материалды-техникалық қамсызданыруды басқару 
жəне ұйымдастыру түрі. 
ӨТЖ негізгі міндеті жиынтықтарды құру жəне құрылыс алаңына 
қайта өңделген жəне белгіленген уақытта жəне белгіленген көлемде 
құрылыс материалдарының, өнімдерінің, құрылымдарының жəне 
жартылай фабрикаттарының пайдалануға дайындалған жиынтықтарын 
жеткізуде жатыр. 
Бастапқы құрылыс материалдарын өнеркəсіптік-өндірістік қайта 
өңдеу құрылыс алаңында пайдалануға дайын құрылыс өнімдері мен 
құрылымдарының жиынтықтарын арнайы дайындауды ұйымдастыруға 
мүмкіндік 
береді. 
ӨТЖ 
қызметі 
жиынтықтарды, 
жеткіліксіз 
элементтердіжасайды, элементтерді ірілендіріп құрастыруды, линолеумды, 
түсқағаздарды жəне басқа да бумалық материалдарды сызу жəне 
кесудіжүзеге асырады жəне т.б. 
Құрылыс 
өнімдерінің, 
жартылай 
фабрикаттардың 
жəне 
құрылымдардың жиынтығы құрылыс алаңында нақты нысан құрылысын 
ұйымдастыру жəне технологиясына тəуелді ретті жəне жиынтық түрінде 
қолданылады.
Құрылыс 
алаңына 
құрылмалы 
темірбетон 
өнімдері 
мен 
құрылымдарын жеткізудің жиынтықтылығы əсіресе маңызды, себебі 
ғимаратты тұрғызу күнтізбелік графикке сəйкес жүргізіледі.
ӨТЖ қызметтері байланысқан, бір жағынан, бастапқы, жиынтықтық 
материалдар мен құрылымдардың жеткізушілерімен, екінші жағынан
құрылыс материалдары мен өнімдерінің жиынтықтарын алатын құрылыс 
мекемелерімен, құрылыс алаңдарымен.
ӨТЖ қызметтері белгіленген мерзімде, қажетті мөлшерде, қатаң 
график бойынша талап етілген номенклатураға сəйкес құрылыс алаңына 
құрылмалы темірбетон өнімдерін таңдау жəне жеткізуді қамтамасыз етуі 
тиісті.
ӨТЖ жабдықтау қызметін ғана емес, өндірістік қызметті де 
атқарады. 
ӨТЖ негізгі қызметтері: жылдық, тоқсандық, айлық жəне апталық-
тəуліктік 
жиынтықтарды 
жасау; 
өнімдер 
мен 
құрылымдардың 
сипаттамасын құру; құрылыс алаңына өнімдер мен құрылымдар 
жиынтықтарын жеткізу графиктерін жасау жəне келісу. ӨТЖ қызметі 
ретінде құрылыс мекемесінің қуатына байланысты ӨТЖ кеңселері немесе 
басқармалары (ӨТЖБ) болуы мүмкін. 
ӨТЖБ құрамына əдетте кіреді: 
 басқару аппараты, бөлімдер мен топтар; 


140 
 бастапқы құрылыс материалдары мен құрылымдарын қайта өңдеу 
бойынша цехтарды қосатын өнеркəсіптік-өндірістік бөлімдер; 
 автокөліктік жəне теміржол учаскелерін қосатын сызықтық-
транспорттық бөлімдер; 
 негізінен жұмыс координациясын жүзеге асыратын, жабдықтау, 
жиынтықтау жəне жеткізу графиктерін орындауды бақылаушы диспетчер 
қызметі. 
ӨТЖБ өнеркəсіптік-өндірістік бөлімдері өндірістік-жиынтықтау 
базаларына біріктірілуі мүмкін. Өндірістік-жиынтықтау базалары 
құрылмалы темірбетон өнімдерін жасау, металл өнімдерді, материалдарды 
кесу учаскелерін, өнімдерді бөлшектеубойынша цехтарды жəне 
санитарлық-техникалық 
жəне 
электротехникалық 
жабдықтарды 
жиынтықтау бойынша цехтар мен басқармаларды қосады. 
ӨТЖ қызметтерін жасау экономикалық, ұйымдастырушылық жəне 
технологиялық мақсаттылық көзқарасы жағынан ақталған болуға тиісті. 
ӨТЖ жасаудың мақсаты əрбір жағдайда ӨТЖ алып келетін 
соммалық тиімділікті оның құру жəне қызмет етуіне кеткен соммалық 
шығынды салыстыра отырып орнатылады. Шығын ӨТЖ құруға жəне 
қызмет етуіне, өнеркəсіптік-өндірістік, сызықтық бөлімдер жұмыстарымен 
байланысты. 
ӨТЖ тиімділігі өнеркəсіптік-өндірістік деңгейде материалдарды
жартылай фабрикаттарды, өнімдерді жəне құрылымдарды арнайы қайта 
өңдеуді ұйымдастыру есебінен қалыптасады жəне нысан құрылысы кезінде 
өзін-өзі көрсетеді.
Құрылыс 
алаңында 
тиімділік, 
жұмыстардың 
еңбексыйымдылығының, материалдарды жоғалтудың, материалдарды 
сақтау қорының жəне объектілік қоймаларға қажеттіліктіңтөмендеуі 
арқылы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет