130
кезінде негізгі құжаттар ретінде жұмыс өндірісі жобаларының құрамында
жасалатыноперациялық бақылау сұлбалары жүргізіледі.
Операциялық бақылау сұлбасы келесіден тұруы қажет:
өлшемдерде мүмкін болатын қателіктері көрсетілген жəне
өлшеулер нақтылығын қажет ететін,
сонымен қатар, материалдар сапасы
сипаттамасы бойынша мəліметтері бар құрылымдар эскиздерінен;
орындалу сапасын жұмыс өндірушісі тексеруі тиіс операциялар
немесе тізімі;
құрылыс зертханалары жəне геодезиялық қызметтің қатысуымен
бақыланатын операциялар немесе үдерістер тізімі;
акт жасау арқылы куəландырылуға жататын жасырын жұмыстар
тізімі.
Қабылдау бақылауы құрылысы аяқталған өндіріс, ғимарат немесе
олардың бір бөлігінің, сонымен қатар, жасырын жұмыстардың жəне
жауапты құрылымдардың сапасын тексеру жəне бағалау үшін жүргізіледі.
Орындалған жұмыстардың жəне құрылымдардың
кейбірі кейінгі
жұмыстармен жəне құрылымдармен жабылуы мүмкін; олар бойынша
жасырын жұмыстарды қабылдау акті жасалады, мысалы, балкондарды
құру бойынша жасырын жұмыстар, паркет еденнің негізін жасау бойынша
жасырын жұмыстарға акт жəне т.б.
Жасырын жұмыстарды куəландыру актілері орындаушылардың
бөлімі арқылы жасалған аяқталған үдерістерге жасалуы тиіс. Келесі
жұмыстар ұзақ уақыттық үзілістен кейін жүргізілетін жағайдажасырын
жұмыстарға куəландыру актілерін жасау
тікелей келесі жұмыстың
басталуы алдында жүргізіледі.
Жеке жауапты құрылымдар олардың дайын болуына байланысты
құрылыс үдерісі кезінде бұл құрылымдарды аралық қабылдап алу актілері
арқылы қабылдауға жатады. Аралық қабылдап алуға жататын жауапты
құрылымдар тізімі жобамен орнатылады.
Кейбір жұмыстардың сапасы сəйкестігі əр түрлі өлшеу актілерімен
орнатылатын санитарлық нормаларға байланысты анықталады (мысалы,
лифт жұмысы кезіндегі шуды өлшеу, ыстық су құрамын талдау жайлы
нəтижелері, ішуге жарамды суық суды талдау жайлы нəтижелері жəне
т.б.).
Кейбір жұмыстардың сенімділігі жүргізілген
сынақтар актілерімен
анықталады (мысалы, су құбырын гидравликалық сынау акті, орталықтан
жылыту жүйесін гидравликалық сынау акті жəне т.б.). Кейбір жұмыстар
реті уəкілетті органдардың техникалық куəландырылуын қажет етеді
(мысалы, лифттерді куəландыру бойыша мемлекеттік бақылау органымен
хаттама жасалады). Кейбір жұмыстарды
бекіту орындау сызбаларын
жасауды қажет етеді (мысалы, сыртқы коммуникацияларды төсеу
бойынша орындау сызбалары).