«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет15/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Айтыс-УМК

Қыз бен жігіт айтысы


Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сауыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Оларды осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатын болғандықтан, халық оны “қыз бен жігіт” айтысы деп атаған.
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты жеңіл-желпі күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ертеде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті, жаттамалы болғандықтан, оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болса да орындай береді. Бұл айтыстың мысалы төмендегідей болып келеді.
Жігіт:
Көгілдірік, ендеше, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік.
Осындай бірме-бірге кез келгенде,
Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп.
Қыз:
Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,
Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап.
Құдай айдап осындай кез келгенде,
Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап, -
деп, айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып, үдей береді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, қалжыңға айналдырады.

Дін айтысы


Тарихшылардың айтуына қарағанда, ХҮІ-ХҮІІ ғасырға дейін қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек ХҮІІ ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдап алған. Осы кезден бастап ислам – қазақтардың да негізгі дініне айналған.
Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан. Дін иелері өздерінің қолына ұстаған ақындарына әдейілеп тапсырып, жұрттың жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған. Осы негізде діни тақырыпқа арналған айтыс өлеңдері туған. Дін айтысы екі ақынның бір-біріне берген сұрау-жауабы түрінде айтылады. Айтыстың негізгі тақырыбы дін әңгімелері, дін үгіті болады, соларға қараңғы халықты иландыру, нандырып, сендіру жағы қарастырылады. Бұл ретте дін айтысы жаңалығы жоқ, бір айтқанын қайталай беретін өлеңге айналады. Дін айтысының үлгісін, мәселен, Болық пен Елентай дейтін ақындардың мына бір айтысынан көруге болады.
Болық:
Ақын жігіт атанған, Елентайым,
Өнерпаздың өнерпаз білер жайын.
Жауап бер, бір азырақ сөз сұрайын:
Әуелі не жаратты бір құдайым?
Елентай:
Болық, маған белгілі сенің сырың,
Біздерден артық емес айтқан жырың.
Бұрынғы даналардан есітемін,
Жер менен көк жаралды елден бұрын –
Осыдан әрі қарай дін әңгімелері жаңағы екі ақын айтысының негізгі тақырыбы болып кетеді. Құдайдың алғашқы жаратқаны жер мен көк болса, сол жерді көтеріп тұрған кім деген сұрауға: “Көк өгіз”, - деп жауап қайырады Елентай. Көк өгізді көтеріп тұрған балық, оны көтеріп тұрған су, ал суды көтеріп тұрған бу... деп өлеңге қоса, әңгімесін соза береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет