«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет11/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Айтыс-УМК

Тұжырымдар
1. Айтыс ең алғаш тұрмыс-салт жырлары - "Жар-жар"мен "Бәдік" өлеңдерінен бастау алып, өз дамуында сан қилы асу кезеңдерден өтіп кемелдене жетілді. Оның бастапқы үлгілері көпке ортақ, алғашқы жолдары екі жаққа бірдей жаттанды өлеңдерден тұрса, кейін өз жанынан шығарып айтатын суырып салмалық сипатқа ие болып отырды. Осы жырлар әуелде, әр түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрді орындау талаптарынан туған болса, келе-келе осы негізде талас-тартысы мол, қызуқанды жаңа түр - айтыс жанры туып қалыптасты. Ол ғасырлар бойғы өз дамуында қайымдасудың сан алуына сатысынан өтіп, келелі де кесек ақындар айтысына келіп ұласты.
2. Айтыс өлеңдерінің шығу тегі мен оның жанрлық ерекшеліктерін ашып белгілеуде академик жазушыларымыз М.Әуезов пен С.Мұқановтың еңбектері аса зор. М.Әуезов айтыстың тұрмыс-салт жырларынан бастау алып жеке жанр болып қалыптасуына мән беріп, оның тартысты, қызуқанды драмалық белгілеріне зер салса, С.Мұқанов айтысты халық өміріндегі орны мен мәніне, көркемдік сипаттарына қарай талдап бағалайды. Бұл зерттеулерде біздегі айтыстың өзге елдердегі үлгілері мен ұқсастықтары да сараланып, аталған жанрдың өзге де қайталанбас белгі-сипаттарын талдау арқылы оның көшпелі өмірге байланысты суырыпсалма дәстүрі үлгісінде бізде биік белеске көтерілгенін ашуға зер салады.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент айтыстың түрлерін, әр түрінің өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, айтыс туралы зерттеулерді, ғалымдардың тұжырымдарын ұғыну керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы . А., 1991.

  2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.

  3. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.

  4. Ысмайылов Е. Ақындар. А., ҚМКӘБ, 1956.

  5. Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.



3-дәріс. АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ТАРИХИ ДАМУ ЖОЛДАРЫ


Мақсаты: Айтыс жанрының түрлері, тарихи даму жолдары, айтыстың жанрлық метаморфозасы, халық ауыз әдебиетіндегі айтыс түрлері туралы түсінік беру
Сұрақтар:

  1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ара қатынасы.

  2. Айтыс өнері және оның тарихи даму жолдары.

  3. Жанрдың өзгерістері.

  4. Байырғы кезеңдегі айтыс өнері және оның жасалу жолдары.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: жанр, метаморфоза, фольклор, диалогтық пішін, анонимдік айтыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет