1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы



бет20/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

ІІІ. Конгнитивті процестер


Ассоциативсіз үйрету.
Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тірікендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. Ең алғаш төменгі сатындағылармен жүргізіліп, әсіресе қарпапайым жүйке жүйесі бар құрттарда (планари), зерттелді. Үйрету мен бейімделуде айдия немесе кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесін бұзуы).
Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.
Бейімделудің функциялары: жануарлардың қажетсіз реакциялардан сақтануын, шаршамауын реттейді және бұл үйретудің қарапайым функциясы болып табылады.
Ассоциативті – үйретуді бекітумен байланыстыру, жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың қалыптасу процесі және екі түрлі ықпалының арасындағы байланыстық; біреуі жануарларға әсерсіз, ал екіншісі мадақтау немесе жазалау әсерлерімен байланысты болады. Бұлар уақытша байланыс немесе шартты рефлекс. Шартты рефлекстер құрылымына қарай: классикалық – (Павлов) жекеше тітіркендіргіштің негізінде қалыптасатын реакция (слекей сөлінің бөлінуі) классикалық шартты рефлекс (КШР) Павловтың моделі бойынша (S  Р).
Инструменталды шартты рефлекс (ИШР) моделінің негізін жасаушы Торндайк - қателесу және қолдану әдісі, проблемалық жәшік. Торндайк бұны проблемалық жәшікке салу арқылы тәжірибе жүргізген. Қолдану және қателесу концепциясы негізінде жануарлар өздерінің нәтижеге қалай жеткенін есте сақтай отырып, нәтижелі қозғалысын іріктеп, бекітіп оны қозғалыс дағдыларында қалыптастырады. Скиннердің пікірінше инструменталды шартты рефлексі арқылы жануарлардың қозғалыс актілерін қалыптастырып үйретуде лабиринттің маңызы зор деп көрсетті. Инструменталды шартты рефлекспен салыстырмалы сипаттамасы.
Құрылымдық ерекшеліктері: классикалық шартты рефлекстік байланыс барысында шартсыз реакция арасында ырықсыз шартсыз тітіркендіргіштер пайда болады.
Шартты  Бекіту  Реакция
стимул
↓ Инструменталды шартты рефлекс барысында жануар орындайтын қозғалыс шарттытітіркендіргіштермен бекітіледі.
Қозғалыс  Бекіту  Шартты стимул (R S).
Жалпы ерекшелігі: Классикалық шартты рефлекстерде инструменталды шарты рефлекстерде де болатын биологиялық маңызды бекітулер.
Классикалық шартты рефлекстердің кемістігі: Жануарлардың ішкі қажеттілігі немесе ішкі органдарының даярлығы болған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Инструменталды шартты рефлекстердің кемістігі: оның қалыптасуы интенсивті мінез-қылықтың ақырғы фразасымен байланысты, ал бағдарлау фазасы жануарлардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысында ескерілмейді. Фабридің пікірі бойынша Павловтың осы пікірі жануарлардағы мінез-қылықтың табиғи қалыптасу жолын көрсетеді. Өйткені жануарлардың қоршаған ортаны бағдарлауы айқын компоненттердің бейнеленуіне байланысты.
Когнитивті процестері (таным) жануарлардың мінез-қылығының қалыптасуы сыртқы стимулдардың ықпалына, шарты рефлексті жауабына байланысты. Қалыпасуы адамдікінен өзгеше қоршаған ортаны қабылдау жануарларда белгілі бір нақты стимулының ықпалынсыз-ақ бейнеленеді. Жануарларда да адамдарға тән қоршаған ортаның бейнеленуі болды (сурет немесе ойша елестету).
Үйретудің әдістері: 1. Өтіп кеткен реакциялар әдісі – негізін салушы Хаутер (1813) Жануардың көзінше жәшікке приманка салынады. Біраз уақыттан соң жануарларды қатар тұрған үш жәшіктің ішінен приманканы тауып алуға жібереді. Бұл әдістің негізгі мақсаты: жануарлардың есінде сақталатындығын тексеру (приманканың қай жерде жатқанын). 2. Лабиринттің ойша жоспары – негізін салушы Э. Толмен. Бұл әдіс когнитивті карталар немесе аралық реакция деп аталады
3.Заттардың қасиетіне байланыс тұрақтылық бейнелерін тестілеу – негізін салушы Крушинский, яғни жануарлар заттардың қасиетіне байланысты есте сақтауын анықтау. Крушинский негізінен эмпирикалық заң негізінде жануарлардың мінез қылық әрекетінің қалыптасуын зерттеген.
Эмпирика–фактілер, бақылау, яғни жануарлардың мінез-қылығына тән, эмпирикалық заңдар Крушинскийдің пікіріне былайша тоқталады: -Жоғалу заңдылығы – жануарлар заттар туралы түсініктерін ырықсыз қабылдау арқылы есте сақтай алады. (Қысқа мерзімді). -Қозғалысқа байланысты заңдылық. Кез-келген жануарлар кіші кезінен ата-анасының басқа жыртқыштарының ортадағы қозғалысына қарап, тіршілікке қажетті қимыл қозғалыс дағдысын қалыптастырады.
-Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстың көлеміне байланысты, айрықша белгілеріне байланысты жануарлардың есінде сақталынуы.
Үйретудің формалары

  1. Латентік үйрету – жануарлардың өзінің мекен тұрағына байланысты бағдарлауы саналарында бейнеленеді.

  2. Кеңістіктегі үйрету – (латентті үйретумен қатар жүреді) кез-келген жануарлар кеңістікте бағдарламаларды үйренеді және үйренуге қабілетті. Жануарларда өздеріне тән қоршаған ортаны бағдарлаудың тәсілдері қалыптастырылған. Мыс: жүріп өткен жолдарына байланысты, уақыттың күн мен түннің ауысуына байланысты. Жануарлар сыртқы ортадағы кейбір элементтері естеріне сақтайды. Ал бұл есте сақтау ассоциативті есте сақтау жүзеге асырылады.

  3. «Үлгіге байланысты таңдау» - (эксперименттік әдіс) яғни жануарлардағы когнитивтік әрекеттік қалыптасуына байланысты жүргізілетін экспериментік әдіс. Екі немесе бірнеше үлгіге ұсына отырып, арасындағы айырмашылықтарды есіне сақтайды.

  4. Имитациялық үйрету мен еліктеу жануарлардың кез-келген әрекетін, қимылын сол қалпында қайталау.

  5. Эвристикалық үйрету мен инсайт. Инсайт – шындыққа жату. Бұл әдістің негізін салушы Келер-гештальт психологиясы ағымының өкілі. Бұл ілімнің негізі жануарлар мінез-қылығының тұтастығы жануарлар белгілі бір көзқарас барысында ойланбайды. Жануарлар демалу барысында ойланады.

Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды.
Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту
процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады.
Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет