1 -тарау ќылмыс ќїрамы


Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері



бет10/15
Дата22.12.2023
өлшемі317.5 Kb.
#487567
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Қылмыс-құрамы

3.2. Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері
Бұған дейін айтылғандай, қылмыстың субъектісі ақыл-есі дұрыс кез келген тұлға ғана емес, белгіленген жас мөлшеріне толғанда болуы керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алмайтын, оның кауіптілігін шын мәнінде жете түсінуге қабілетсіз жас тұлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды және өздері жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
ҚР ҚК-ыің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасалған уақытқа дейін жасы он төртке толған тұлғалар, - ҚР ҚК-нің 15-бабынын, 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-де қарастырылған төмендегідей қылмыстар үшін қылмысты жауапты: кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-6.), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (ҚР ҚК 104-6. 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 121-6.), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (ҚР ҚК 121-6.), адамды ұрлағаны (ҚР ҚК 125-6.), ұрлық жасағаны (ҚР ҚК 175-6), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-6.), ұрып-соққаны (ҚР ҚК 179-6.), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын кездемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бабтың 2, 3, 4 –бөліктері), ауырлататып мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-баптың 1,3,4 - бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 283-6.), адамды кепілге алуы (ҚР ҚК 234-6.)- террорлық акті туралы біле тура көрнеу өтірік хабарлағаны (ҚР ҚК 242-6.), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 255-6.), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (ҚР ҚК 257-баптың 2, 3-бөлігі), тағылық (ҚР ҚК 258-6), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 260-6.), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (ҚР ҚК 275-6. 2-бөлік), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (ҚР ҚК 299-6.).
Жалпы қылмыстық жауаптылықты он алты жастан, ал кейбір қылмыстар үшін - он төрт жастан бастап талап ете отырады, қылмыстық заң осы жасқа жеткен кәмелетке толмағандар өз қылығын оның ішінде, қылмыстысын да бағалай алуға қабілеті толығымен жететіндігін ескерген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандарды олардың қылмыстық жауаптылық жасында болуына қарамастан, қылмыстық жауаптылықтан босата алатын ережелер енгізілген. ҚР ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуга тиіс емес. Бұл жерде әңгіме, істің шын мәнінде, жасына қарай ақылының дұрыс еместігі туралы болып отыр.
Қылмыстық кодекстің атақты теориялық моделінде Р.И.Михеев төмендегідей норманы түжырымдаған: "Заңмен белгіленген жасқа толғанымен, психикалық жағынан пісіп – жетілмегендігінен (вариант: ақылы мен денсаулығының дамуындағы тежелу) өз әрекетін (әрекетсіздігін) басқаруға немесе оның шын сипатын не қоғамдық қауіптілігін жете түсінуге, қабілетсіз болған тұлга қылмыстық жауаптылыққа тартылатындар қатарына жатпайды"1. Кәдімгі есі дұрыс еместік туралы бұл жерде айтылмайды, себебі оның дәрігерлік белгісінің (медициналық критериінің) жоқтығы - көз алдымызда. Кәмелетке толмағанын психофизиологиялық дамуындағы тежеліс оның психикасының бұзылуының салдарынан емес, оның
психофизиологиялық дамуындағы жеке өзіне тән, жасына қарай өзгешеліктерден туындаған, бұл жағдай оның әлеуметтік инфантилизімінен байқалады. Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасының кәмелетке жетпеуінен қылмыстық жауаптылық пен жазаның көптеген ерекшеліктерін байланыстырады және олар жеке бір бөлімде қарастырылады (ҚР ҚК-нің жалпы бөлімінің VI бөлімі).Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа қабілеттілігіне қарай тиісті жас мөлшері анықталды, олар 16 және 14 жас. Алайда, бұл ҚР ҚК- нің 15-бабының 2-ші бөлігінде аталған қылмыстардан басқа барлық қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады дегенді білдірмейді.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасты 16 жас деп көрсеткенімен, кейбір қылмыстық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен субъектінің белгілеріне байланысты қылмыстық жауаптылық 18 жастаң бастап тартылатын қылмыстар да болады. Атап айтқанда, әскери қылмыстар үшін және кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту үшін (ҚР ҚК 131-6.) қылмыстық жауаптылық 18 жастан бастап қарастырылған.
Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғалар қылмыс жасаған уақытта олардың жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні). Адам белгілі бір жас мерзіміне (14, 16, 18 жас) туылған күні емес, келесі тәулікте толатын болып есептеледі. Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғаның жасы белгісіз жағдайда сот – дәрігерлік тексерумен анықталады. Оның жасы жаңағы тексеру анықтаган жылдың ең соңғы күні (31 желтоқсан) деп саналады, ал тексеру барысында төменгі және жоғарғы жас шамасы анықталғанда, оның төменгі жасы есепке алынады". Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі жөнімде оның өмірі мен көрген тәрбиесі, психикалық дамуының дәрежесіне көңіл аударылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде қылмыс субъектісінің жасына байланысты маңызды қылмыстық-құқықтық мағынасы бар тағы бір көрсіеткіш аталатынын айта кету керек. ҚР ҚК-нің 49-бабына сәйкес, қылмысты 18 жасқа дейін және үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектер үшін өлім жазасы тағайындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет