1 -тарау ќылмыс ќїрамы


Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілетсіздік ұғымы



бет11/15
Дата22.12.2023
өлшемі317.5 Kb.
#487567
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Қылмыс-құрамы

3.3. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілетсіздік ұғымы
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін, ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек.
Қылмыс жасау кезінде өзінің іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) есеп бере алатын және оны басқара алатын жеке тұлға - жауаптылыққа қабілетті деп аталады. Жауаптылыққа қабілеттілік ұғымы субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін шешуші мәнге ие болатын кінә ұғымымен тығыз байланысты. Кінәлі болып тек қана жауаптылыққа қабілетті адам ғана танылады. Сондықтанда жауаптылыққа қабілеттілік кінә мен жауаптылықтық алғы шарты болып табылады.
Адамның тәртібі, соның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті де сана мен ерік арқылы анықталып, бақыланады. Сана мен ерік адамның негізгі психикалық функциялары. Психикалық қызметі бұзылған адам сана мен ерікті басқара алмайды. Мұндай қабілеттен айырылған тұлғалар, яғни өз іс-әрекеттерінің қауіптілігін түсінбейтіндер, ал түсінсе де, өз әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) басқара аламайтындар - есі дұрыс емес деп танылып, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Оларға тек медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.
ҚР ҚК-нің 16-бабының 1-ші бөлімі есі дұрыс еместік туралы ұғымды былай атады: "қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кем ақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес'".
Есі дұрыс еместік туралы ұғым заңды және медициналық сияқты екі шарттан (критерийден) тұрады және бұл екеуінің бірігуі осы күйді сипаттайды.
Заңды шарт екі белгіден тұрады: интеллектуальды және еркіне қарай.
Интеллектуалды белгі тұлғаның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін жете түсінуі мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді. Психиканың бұл қасиеті, тұлғаның өзі жасап отырган ісінің шын жағымен қатар, оның әлеуметтік мағынасын да түсіну қабілетінің жоқтығын білдіреді. Тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің шын жағының мазмұнын түсінбеуі, әдетте, оның жасалған іс-әрекет пен орын алған салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбеуін білдіреді (жәбірленушіні өмірден айыратынын, мүлкін тартып алатынын және т.б. түсінбейді). Алайда, интеллектуалды белгінің мазмұнындағы ең бастысы - тұлғаның өз ісінің әлеуметтік мәнін түсінбеуінде, яғни оның қоғамдық қауіпті сипаты туралы түсініктің болмауында. Осыған байланысты, бір тұлғаның ез әрекетінің шын жағын түсіне алғанымен, оныц қауіптілігін түсіне алмайтын жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Айталық белгілі бір психикалық ауруға ұшыраған (мысалы, шизофрения) адам, мысалы темір жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жұмысшысын өмірден айыратынын түсінуі мүмкін, бірақ субъектінің ісінген елесі (психикалық аурудың салдарынан) мұны қылмыс жасаумен (кісі өлтірумен) емес, жарылған террорлық істің (поездың қирауын) алдын алумен байланыстырады. Осыған байланысты, тұлға өзінің әрекеттерін қылмыс жасау деп емес, қоғамдық парызын өтеу деп санайды.
Заңды шарттың тағы бір белгісі, атап өтілгеніндей, еркіне қарай белгісі, яғни тұлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқару қабілетсіздігі болып табылады. Мұндай жағдай психикалық қызметтің ауырып бұзылған кейбір түрлерінде кездеседі. Мысалы, өзінің әрекетінің қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілеті, салыстырмалы түрде болғанымен, ерік жағының бұзылуы есірткіге құмарларда байқалады, бұл жағдайда олардың абстиненция, яғни есірткіге ашығу кездерінде көруге болады. Бұл кездері олар, мысалы, дәріханаға заңсыз кіріп, құрамында есірткілік заттары бар дәрілерге қол сұғушылықтық заңдылықтық қылмысты түрде бұзылуы екенін түсіне отырып, бұл әрекетті жасау жолында өзін -өзі ұстай алмайды. Ерік жағының бұлайша бұзылуы эпидемиялық энцефалит, эпидепсия және т.б. аурулар кезінде болуы да мүмкін. Заңды шарттың болуын мойындау үшін қылмысты заң екі белгінің де міндетті түрде анықталуын талап етпейді, оның тек біреуі ғана - не интеллектуалды, не еркіне қарай түрі анықталса жеткілікті.
Заңды шарттың бір белгісінің ғана болуы тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алмайды. Тұлғаның өз әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқара алмағандығы, оның шынайы сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағандығы медициналық шарттарға байланысты себептерден туындағанын тауып көрсету керек. Бұл шарттар тұлғаның психикалық бүзылуынан және оның бойынан заңды шарттың орын алуына әкеліп соқтыратын аурулардың қорытылған тізімінен тұрады. Ол - ұзаққа созылған психикалық бұзылу, уақытша психикалық бұзылу, кем ақылдық немесе психиканың басқадай науқас күйі.
Ұзаққа созылатын психикалық бұзылыстар - ішкі көңіл-күйдің созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бұзылуының ұзаққа созылуы. Олар кейде аяқ астынан көтеріліп, сосын қайта басылатын түрде де өтуі мүмкін (психикалық күйді жақсартып немесе нашарлата түсіп), бірақ кетпейтін психикалық кемістік қалдырады. Мұндай психикалық ауруларға мыналар жатады: шизофрения, қояншылық, әдеп бара жатқан сал ауруы, паранойя және психиканың басқа да аурулары. Кем ақылдылық - бұл адамның интеллектуалдық қабілеттерінің зақымдауына байланысты оның психикалық қызметінің түрлі деңгейде төмендеуі немесе толық жойылуы. Кем ақылдылық - адамның ақыл-ойы қабілетінің жойылуымен немесе нашарлауымен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе әдей түсуші психикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Кем ақылдылық үш дәрежелі болады: жеңіл (дибильділік), орташа (имбецильдік) және терең, яғни ақылдың қызметінің қатты дәрежеде зақымдануы (идиотия).
Психиканың басқадай науқас күйі - бұл ұғымның дәл мағынасындағы психикалық аурулар болмағандығына қарамастан, психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын сырқатты құбылыстар. Мысалы, іш сүзегі психикалық ауруға жатпаса да, онымен бірге жүретін сананың күңгірттенуі, елестеушілік кездерінде ауру адамның ақыл немесе ерік қызметіне қабілеттілігі төмендеп, кей кездері бұзылуы да мүмкін. Мұндай жағдайды бастың миының зақымдануы, мидың ісуі немесе басқа психикалық емес аурулар кезінде де байқауға болады.
Дәрігерлік шарттың болуы да өздігінен тұлғаны ақылы дұрыс емес деп, тануға жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, кем ақылдылықтың қайсібір дәрежесі болмасын, әрқашан тек тұлғаның өз әрекетінің қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын басқара алу мүмкінсіздігіне әкеліп соқтыра бермейді. Мысалы, тұлганың кем ақылдылығы жеңіл ғана болса, ол тек заңды шарттьң болмауына байланысы ғана арқылы дұрыс деп танылуы мүмкін. Сол сияқты, тұлға мас күйінде де өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін түсіне алмауы немесе оны басқара алмауы мүмкін. Алайда, мұндай тұлғаның ақылы дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауантылықтан босатылмайтындығы анық. Сонымен, заңды және медициналық шарттардың жиынтығы ғана тұлғаның есі дұрыс емес дей танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуына негіз бола алады.
Ақылы дұрыстық сиякты, ақылы дұрыс еместік те - заңдық (қылмыстық - құқықтық) ұғымдар. Осыған байланысты, белгілі бір қылмысты іс бойынша тұлғаның ақылы дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы шешімдері сот (алдын-ала тергеу жұмыстарын жүргізгенде анықтама немесе тергеу органдары) қабылдайды.
Өздерінің шешімін заң қызметкерлері сот - психиатриялық сарапшы қортыпдысына негіздейді. Қылмыстық іс жүргізу заңылыгына сәйкес айыпталушының немесе сезіктінің іс қозғалған кезде өз әрекетіне есеп бере алу немесе оны баскара алу қабілеттілігі мен ақылының дұрыстығына күмән туған кезде, мұндай зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Алайда, бұл қорытынды, сарапшының жалпы кез келген қорытындысы сияқты, анықтама жүргізуші тұлға, тергеуші, сот немесе прокурор міндетті түрде басшылыққа алмауы мүмкін. Олар сот психиатриялық зерттеудің қорытындысымен келіспейтіндей жағдайда, оның нақты дәлелі болуы керек.
Тұлганың ақылының дұрыс емес күйі оның қылмысты жасау кезіне қатысты анықталады. Ақылы дұрыс емес тұлға қылмыстық субъектісі бола алмайтындықтан, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, бірақ ҚР ҚК-нің 16 - бабы 2 - ші бөлігіне сәйкес, оған, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары (ҚР ҚК -тің 90 - б.) тағайындалуы мүмкін. Дәл осындай шаралар қылмысты ақылы дұрыс күйінде жасап, бірақ одан кейін психикалық бұзылуға немесе ауруға ұшыраған тұлғаға да оған қатысты қылмысты жазаны іске асырудың мүмкінсіздігінен тағайындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде алғашқы рет есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы ерекше бап тұжырымдары (ҚР ҚК 17-б.). Бұл баптың 1-ші бөліміне сәйкес, қылмыс жасаган кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Сонымен қатар, дәл осы баптың екінші бөліміне сәйкес, есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тагайындау кезінде жеңілдетпеуші мән-жай ретінде ескереді және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
Сонымен ҚР ҚК-нің 17-бабында аталған психикалық бұзылыс осындай психикалық аурулар мен ауытқуларға байланысты, жалпы олар тұлғаны ақылы дұрыс деп тануға мүмкіндік бере алатындығына қарамастан, қылмыс жасаған тұлғаның өз істегенінің қауіптілігін түсінуге немесе өз қылығын басқара алуға айтарлықтай төмендеген қабілеттілігі дегенді білдіреді. Бұл жағдайларда әңгіме, жалпы осы дұрыстық көлемінде анықталатын есі дұрыстықтың дәрежесі туралы. Заң қызметкерлері мен психиатрлардың жүргізген зерттеулері қылмыс жасаған тұлғалардың арасынан ақылы дұрыс деп табылғандардың көпшілігін психикалық аномалияға ұшырағандар (созылмалы алкоголизм, бас миының негізгі зақымдануы жәнс т.б,)1 құрастыратынын көрсеткенін атап өту керек. Жаза тағайындау кезінде бұл жағдайларды ескеру керектігін кеңестік қылмыстық-құқықтық ғылым бұған дейін де мойындап келген. Алайда, мұндай ескерудің тәртібі мен дәрежесі туралы түсінік әр түрлі болып келді. Кейде авторлардың, мысалы, И.К. Шахриманьян, А.А Хомовскийлердің айтуынша, сот істің басқа жағдайларымен қатар психикалық аномалиялардың да әсерін ескеруге құқығы бар десе, Г.И. Чечель психикалық аномалиялар жағдайы жеңілтпеушілердің тізіміне кіргізілуі тиіс деп есептеп, жазаны жеңілдетпеудің және мұндай жағдайларда жазамен қатар, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың ашық мүмкіндігі болатындығын айтты. Қылмысты, ақылы дұрыс бола түра, психикалық бұзылу күйінде жасаған тұлғаға жазаны жеңілдету туралы нұсқау бірқатар шетелдік қылмыстық заңдарда, мысалы, ГФР Қылмыстық кодексінде кездеседі және бұл ақыл дұрыстығы "азайтылған" деп аталады.
Есі дұрыс еместіктің мәселесіне мас күйде жасалған қылмысқа жауаптылық қабысып тұр. Қылмыстық заң адамның мас күйінде жасаған қылмысы туралы айрықша тоқталады және ол туралы ҚР ҚК-иің 18-бабында: "Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды", -делінген.
Бұл бапта алкогольді ішімдік ішіп, немесе есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды қолданғаннан болатын жәй мас болу (патологиялық емес) туралы айтылады. Мұндай жәй мас тұлғаның өз әрекетіне есеп беру немесе оны басқару қабілетінен айырлып қалуына әкеліп соқтырған күйде де, есі дұрыс еместіктің шеңберінде қарала алмайды, себебі бұл жағдайда есі дұрыс еместіктің заңды және медициналық шарттары, яғни тұлғаның санасы мен еркін істен шығарып тастайтын немесе айтарлықтай шектейтін психикалық бұзылу жоқ. Жәй мас болу (соның ішінде ең кең тараған түрі - алкогольдік ішімдік ішіп мас болу), әдетте, ішімдік пен есірткі заттарын өз еркімен қолдану нәтижесінде пайда болады, ал оның қолданылған мөлшері айыптының мас күйіндегі қылығына, айтарлықтай ықпал жасайды. Тұлғаның қылығы оның тәрбиесі, мәдени деңгейі, әдеті және т.б. факторларға да байланысты. Осының барлығы мас болуды психикалық аурудың түріне теңестіруге болмайтындығын көрсетеді.
Тіпті жәй (физиологиялық) мас болудың ең ауыр сатысында да олар қоршаған жағдаймен белгілі байланысты сақтайды, өз әрекетіне бақылау жасай алады. Мұндай адамдарда сананың, ойлық алмасуы болмайды2. Демек мұндай жағдайда жауапқа қабілетті деп танылып, қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сондықтанда Н.С. Лейкинаның ҚК-тің Ерекше бөлімінде тұлға қоғамдық қауіпті әрекег жасау кезінде өзінің қылықтарын түсіне алмайтын және оларды басқара алмайтын жағдайға дейін мас күйге жеткендігі үшін жауаптылық қарастыратын жеке бап болу туралы ұсынысы қылмыстық-құқықтық теорияға көпшілік қолдауына ие болмады1.
Әдетте, жәй (физологиялық) мастық күйден патологиялық мас болуды ажырата білу қажет. Патологиялық мас болу қысқа уақытқа созылатын психологиялық қапалану тобына жатады. Патологиялық мас болуды танымның ауруға шалдығуы салдарынан кенеттен саңдырақтау, галлюцинация пайда болып, бағдарлау бұзылады, шынайы іс-әрекетпен байланыс жоғалады, себепсіз қорқыныш, ыза болу, кектену пайда болады. Агрессивтік әрекет үлкен күйреткіш күшпен, кенеттілікпен, қаталдықпен ерекшеленеді. Патологиялық мас болу факторлардың (сары уайымға салыну, дабыл, мазасыздық және т.б.) әсерінен пайда болады және ішкен ішкіліктің мөлшеріне байланысты болмайды. Бұл көрсетілген психикалық бұзылыстар кезінде қауіпті әрекеттер жасау қылмыстық жауаптылықтан тыс болады, себебі заңды және мәдициналық шарттардың белгілері болғандықтан, тұлга есі дұрыс емес деп танылып, оған жаза орнына дәрігерлік сипатта мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет