1. АҒылшын тіліндегі жаңа туындылардың Қазақ тіліне аударма жасаудың теориялық негіздемесі



бет4/10
Дата22.09.2023
өлшемі126.53 Kb.
#478312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жаңа туындыларды аудару

Аударма теориясы үшін осы термин қандай мағынада қолданылады және басқа терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын тілдерінің салыстырмалы стиликасы» («Сопоставительная стилистика французского и английского языков») атты еңбектерінде (1958 жылы) эквивалент және эквиваленттілік терминдерін біз үшін дағдылы мағынада емес, аударманың тәсілдерінің бірі ретінде қолданған.
Аударманың трансформациялық үлгісі Н. Хомскийдің трансформациялық грамматика теориясына негізделеді. Н. Хомский негізін салған грамматикалық лексемалар мен логика-синтаксистік құрылымдардың өзара тығыз байланысын сипаттайтын синтаксистік құрылымдар ережелерін белгілейді. Трансформациялық грамматика бойынша көптеген синтаксистік құрылымдар саны шектелген қарапайым ядролық құрылымдар бола алады. Онда логика-синтаксистік байланыстар әлдеқайда анық көрінеді. Ядролық құрылымдардан туынды құрылымдар алынады. Олардың ғылыми атауы трансформа.
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады» [2, 176].
Аударманың трансформациялық теориясы аясында индивидтің тілдік санасының құрылымына мұндай көзқарас тіларалық әрекеттер шартынан туады. Аударманың денотативті теориясында аударма үрдісі кезіндегі нақты екі тілдің ұқсастықтарына назар аударылса, ал аударманың трансформациялық теориясы түпнұсқа тілінің бірліктерін аударма тілінің бірліктеріне айналдырып, түрлендіруді назарға алынады [1, 191]. Қарапайым сөзбен айтсақ, аудармашы түпнұсқа мәтінімен трансформациялық операциялар жасап, нәтижесінде аударма мәтінін алады.
Н. Хомскийдің теориясын негізге алып, аударманың трансформациялық үлгісін алғашқы боп дамытқан ғалымдардың қатарына танымал американдық аударма теорияшы Ю. Найд жатады. Сондай-ақ аталған үлгінің кей маңызды аспектілері О. Каде, В. Коллер еңбектерінде зерттелген [2, 191].
Сондай ғалымдардың бірі А.Д. Швейцер «Перевод и лингвистика» еңбегінде ядролық және туынды құрылымдарды терең талдап, мынадай мысалдар келтіреді:
Ядролық құрылым – John hit Bill. Одан алынатын туынды құрылымдар:
- Bill was hit by John.
- John’s hitting Bill.
- Bill’s being hit by John.
- The hitting of Bill by John.
- It was John who hit Bill.
- It was Bill who was hit by John.
Бұл трансформаларда бастапқы ядролық құрылым сақталған [4, 35].
Ал, В. Н. Коммисаровтың түсінігінше, мазмұнның жоспары жағынан трансформалар әлдеқайда инвариантты болады, әрқайсысының құрамдас бөліктері, яғни бірліктер формасы жағынан әр түрлі болады [3, 37].
Туынды құрылымдарға қарағанда ядролық құрылымдарда мағыналық байланыстар анық көрінеді. Заттың пәні зат есім, іс-әрекет етістік болады, субъектісі бастауыш, объектісі толықтауыш болады. А. Д. Швейцердің сөзімен айтсақ, туынды құрылымдарды ядролыққа қайта трансформацияласақ, грамматикалық және семантикалық категориялар арасында дара мағыналы сәйкестіктерді немесе басқаша айтқанда, түпнұсқалық мәтіннің грамматикалық конструкцияларының дара мағыналы ұғымдық интерпретациясын анықтаймыз [5, 40].
А. Д. Швейцер, С. В. Тюленев, В. В. Сдобников пен О. В. Петрова еңбектерінде аудармадағы трансформациялық құбылыс бойынша, аударма үдерісі 3 сатыдан тұрады:
- талдау;
- тасымалдау;
- синтез.
Осы 3 сатыға толығырақ тоқталсақ, С.В. Тюленев былай дейді: талдаудың мәнісі, түпнұсқа құрылымдары ядролық құрылымдарға айналып, кері трансформациялық үдеріс жүреді. Екінші сатыда, яғни тасымалдауда, түпнұсқаның ядролық құрылымдарын инвариантты болатын аударма тілінің ядролық құрылымдармен алмастырады. Үшінші саты, синтез немесе қайта құру кезінде аударма тілінің ядролық құрылымдары ақырғы нәтиже – аударма мәтінінің құрылымдары алынады [6, 193].
3 сатысына дәл осындай сипаттама жасайды. В. В. Сдобников пен О. В. Петрова талдауды бір тіл ішіндегі трансформация десе, тасымалдауды тіларалық трансформация деп есептейді [8, 234]. Ал, А. Д. Швейцер 3-ші сатыға қатысты мынадай ескерілуі тиіс жайтты айтады:
«синтез кезінде қос тілдегі бірқатар трансформациялар әр алуан перифразалау нұсқаларын, стилистикалық айырмашылықтары зор нұсқаларды қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, аударма тілінің ядролық құрылымдарын туынды құрылымға айналдыруда стилистика заңдылықтары орындалуы тиіс» [5, 37].
Аударманың трансформациялық үлгісін талқылау үшін мынадай мысал келтірейік:
The Trade Union pressurized the government into reconsidering its decision. Осы түпнұсқалық сөйлемді кері трасформацияласақ, мынадай екі ядролық құрылым алынады:
1. The Trade Union pressurized the government.
2. The government reconsidered its decision.
Осы тұста ең маңызды екі сөйлем арасындағы «себеп – салдар» байланысын жоғалтпау қажет. Сол үшін құрмалас сөйлем жасаймыз:
The Trade Union pressurized the government and it reconsidered its decision немесе The Trade Union pressurized the government so that it should reconsider its decision.
Бұдан кейін екінші сатыға өтеміз де, келесі варианттардың бірін қолданамыз:
1. Кәсіподақ үкіметке қысым жасады да, соңғысы шешімін кері қайтарды.
2. Үкімет шешімін кері қайтару үшін кәсіподақ оған қысым жасады.
Соңғы үшінші сатыда аудармашы контексті мен мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, түпнұсқа және аударма тілдерінің туынды құрылымдары бір-біріне мүмкіндігінше максималды сәйкес болуы үшін аударма тілінің құрылымдарына қосымша өзгертулер мен түрлендірулер жасайды. Бұл жағдай аудармашылырдың жиі қолданатын тәсілдерінің бірі болып саналады. Мұндай варианттардың басқа түрлерін де табуға болады. Біздің мысалымыздың аудармасы осы 2 вариантпен шектеліп қалмайды, оны зерттеуіміздің барысында мысалдар арқылы береміз.
Аударма теориясы үшін аударманың трансформациялық үлгісін жасау аса пайдалы да маңызды мәселе. Трансформациялық үлгінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне келсек, В.Н. Коммисаров бойынша, оның артықшылықтары:
- Әр тілдің формаларын салыстырып зерттеу арқылы аударманың трансформациялық теориясын, аудармалық сәйкестіктерді анықтап, нақты екі тіл арасында аударма жасаудың теориялық базасын құрайды.
- Аударманың трансформациялық үлгісі көмегімен аудармадағы трансформациялық үрдістердің түрлері анықталады.
- Аударма үрдісі барысында түпнұсқалық бірлікке аударма тілінде сәйкес балама табылмағанда, түпнұсқа тілінің ішінде тілдік трансформация жасау, яғни талдау сатысы өте қажет. Сонымен қатар мынадай кемшіліктер де бар:
- Аударманың трансформациялық үлгісі синтез сатысында қандай талаптар бойынша бірнеше трансформалар ішінен біреуі таңдалып алынатынын көрсетпейді, себебі, бұл сатыға келгенде, түпнұсқалық және аударма құрылымдары бір-бірінен тәуелсізденеді.
- Аналог болмайтын кей ядролық құрылымдар арасында орнайтын сәйкестікті түсіндіре алмайды.
- Кей құрылымдар арасындағы сәйкестікті түсіндіре алмайды. Мысалы, instant coffee – ерітінді кофе [6, 40].
«Аударманың трансформациялық үлгісін» қорытындылай келсек, тіларалық трансформациялар түпнұсқалық мәтіннің семантикалық талдауы мен ақырғы нәтиже – аударма мәтінін жасаудың бір тәсілі ретінде пайдаланылады. Әйтсе де, аударма үрдісінде басқа да ситуативтік-прагматикалық факторларға байланысты лексика-синтаксистік перифразалау, семантикалық модификация сияқты амал-тәсілдері қолданылады. Сол себепті аударманың трансформациялық үлгісі басқа да семантикалық, денотативтік үлгілер сияқты шектеулі, бірақ аса қажет маңызды мүмкіншіліктер береді. Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу мәселесімен байланысты. Ол қандай элементтерден тұратынын анықтау қажет. Л. К. Латышев А. Д. Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементтерді белгілейді:
1. заттық жағдайларды белгілеуімен байланысты денотативті мағына (яғни, заттық-логикалық);
2. пікір элементтерінің арасындағы синтаксистік (яғни, оның синтаксистік құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына;
3. функционалды-стилистикалық және экспрессивті бояумен белгіленген коннотативті мағына;
4. тілдік пікірдің және коммуникацияға түскен адамдардың қарым-қатынасымен анықталатын прагматикалық мағына.
Ішкі тілдік мазмұн – бұл тіл белгілерінің арасындағы және толық тіл кодымен сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика – бұл семиотиканың және тіл білімінің зерттеу аймағы. Онда адресат ойының субъектіге, коммуникацияға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынасына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі зерттелінеді [7, 4].
Аудару кезінде түпнұсқаның жалпы мағынасы сақталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет