1. АҒылшын тіліндегі жаңа туындылардың Қазақ тіліне аударма жасаудың теориялық негіздемесі


Жазушының алғашқы әңгімелерін тақырыптық жағынан аударма жасау



бет9/10
Дата22.09.2023
өлшемі126.53 Kb.
#478312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жаңа туындыларды аудару

2.2 Жазушының алғашқы әңгімелерін тақырыптық жағынан аударма жасау


Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық жағынан алуан бола тұрса да, жазылу мәнері, тәсілі тұрғысынан көптеген ұқсастықты танытады. Ағылшын әдебиетінің қалыптасу кезеңінде әдебиеттің тақырыптық шеңбері кеңейіп,жанрлық түрлері де мейлінше байып отырады. Қаламгер өмірдің сан-саласын суреттеуді, жаңа өмірдің жақсы сипаттарын көрсетуді мақсат етті.
Кристи, Дейм Агата (Мэри Кларисса) өмір сүрген жылдары 1890-1976. Романист, қысқа әңгімелерінің авторы, драматург, ақын.
Торки қаласында (Девон графтығы) дүниеге келген. Алғаш білімін үйде алған, кейін музыка мен ән сабағын Париж қаласында үйренген. Дүниежүзілік соғыстардың екеуінде де ағылшын госпитальдарында қызмет еткен. Агата жолдасымен бірге Таяу шығыста – детектив жанырының қайталанбас шебері. Ол 70-тен аса романдардың, жүздеген әңгімелер мен 17 пьесалардың, 13 тілге аударылған шығармалардың авторы.
Шытырман оқиғалы шығармалар ханымы аталып, атағы алыс елдерге жайылған Агата Кристидің өмірінен не білесіз? Тіпті жазушының шын аты –жөнін көбіміз біле бермейміз. Агата Кристидің толық аты-жөні Агата Мэри Классира Миллер. Ол 1890 жылы дүниеге келген, әкесі американдық бизнесмен, шешесінің шыққан жері ағылшын болатын. Қызының әжептәуір дауысы барын сезген әкесі мен шешесі оның опера әншісі болғанын қалайды. Бірақ өмір өз әмірін жүргізді.
1914 жылы Агата полковник Кристиге тұрмысқа шығады. Өздеріңізге белгілі, сол бірінші дүниежүзілік басталды ғой. Кристи майданға аттанды. Агата Кристи “Стамбулдағы жұмбақ оқиға” деген тұңғыш романын 30 жасында жазды. Бір қызығы, “Хайнеманн” баспасы осы шығармасын баспай қойған. Сол себепті 1930 жылы “Алыптың наны” романын Мэри Уэстмакотт деген лақап атпен жариялады. Ромады әдеби орта елеусіз қалдырды. Арада 14 жыл өткенде осы лақап атпен тағы бір романын оқырмандар назарына ұсынды. 1925 жылы “Қыздың қызы”, осыдан төрт жылдан кейін “Уақыт” романдарын шығарды.
Англия – классикалық детективтің орталығы. Мысалы, Уилки Коллинз “Ақ көйлекті әйел”, Чарльз Диккенстің “Эдвин Друдтың құпиясы”, Конан Дойлдың “Шерлок Холмс” туралы шығармаларын жақсы білсек керек. Сондай-ақ Дефо, Стивенсон, Оскар Уайльд, Грем Грин сияқты әдебиет алыптарының қалам қарымы Агата Кристидің шығармашылығына зор әсер етеді. Жазушының өмірбаянында қызықты тұстар көп. Соның бірін айтсақ, күйеуімен арасы суып бара жатқанын сезген Агата ешкімге айтпай, қашып кетеді. Газеттер Агатаның қайда жүргенін айтқан адамға сый ретінде 100 фунтстерлинг беретінін хабарлаған. Тіпті бір дәріхана иесі Агата онымен удың қандай түрлері бары жөнінде ақылдасқанын да айтқан көрінеді. Осыдан кейін жазушыны тапқан адамға берілетін сыйақы мөлшері 500 фунтстерлингке жеткен. Полиция дабыл қағып, аяғынан тік тұрып іздейді. Ақыры, Хароггит дейтін шағын қаланың мейрамханасынан бір қызметкері А. Кристидің қонақ үйде жатқанына 9 күн болғанын хабарлап, 100 фунт стерлинг сыйақысын талап еткен.
Бұл күнде А.Кристидің атағы әлемге кең тараған жазушылардың бірі. Тіпті оның кейіпкері Эркюль Пуаро пошта маркасына да шықты. Тағы бір кейіпкері Тюссо ханымның балауыздан жасалған мүсіні мұражайға қойылған. Оның шығармалары әлемнің 120 тілінде аударылған. ЮНЕСКО мәліметіне қарағанда, жазушының “Стайлстегі жұмбақ оқиға” дейтін тұңғыш кітабынан бастап, 1980 жылға шейін бүкіл әлемде 50 тілде 400 миллион дана кітабы сатылған.
Әлем жұртшылығы ағылшындық Агата Кристи ханымды детектив жанрында алдына жан салмаған жазушы ретінде таниды. Оның қаламынан 80 криминалдық роман, 19 пьеса, 150 әңгіме, 4 көлемді эссе, сондай-ақ “Мэри” деген лақап атпен жарияланған 6 сентиментальді повесть туған. Барлық дарын иелері секілді, ет пен сүйектен жаралған пендеге тән неше қилы тосын қылық - әдеттер оған да тән болған. Мәселен, ол көйлек, туфли, шляпа, тіпті, суға түскенде киетін киімнің былайғылар біле бермейтін қыр - сырларын тәптіштеп суреттейді. Өзінің ваннада өмірбақи шұлықпен шомылатынына дейін жасырмайды.
Аталған кітабында ол махаббат, еркектер туралы ойларын да бүкпесін ортаға салады. Еркектерді жанындай жақсы көргенін жасырмай, “Құлпырған қыз кезімде жиырма немесе отыздағы әсем жігіттермен жақын танысып, бәрімен де ашық – машық болдық. Олармен үлкен қабылдауларға барушы едік. Ондайда жүздерін қаққан егде полковниктерге іштей қатты қызығып, ұрлана көз тастайтынбыз. Ал, олар біздейлерге пысқырып та қарамастан, көбінше күйеулері бар сұлу әйелдердің айналасынан шықпайтын”,- деп ағынан жарылады.
Алайда, бұл айтқандарымыздың бәрі Агата Кристи секілді ғазиз тұлғаны ұшқалақ, жеңіл жүрісті болды дегенге саймайды. Ол күйеуге шығып, перзент сүйген, үлгілі ана аталған.
Агата Мэри Клариса Миллер 1890 жылы 15 Қыркүйекте Ла-Манш бұғазына таяу жердегі Торки деген қалашықтағы шипаханада өнегелі отбасында дүниеге келеді. Ештеңеден таршылық көрмей, жақсы тәрбие алған ол жасы жетіге келгенде жергілікті ақсүйектердің балаларына арналған жекеменшік мектепке барады. Үздік оқумен бірге Шекспир, Теннисонның кітаптарына ден қояды. Сомерсет Моэмнің жазу мәнеріне құмартады. Ән-күй сабағын Парижге қатынап оқиды. Фортепианода ғажап ойнайтын кішкентай Агата мектептегі балет тобында айтулы биші де атанады. Жас кезінде асқан сұлу, әрі сиқырлы назданғыш қылығы болыпты. 1912 жылы сауық кешінде танысқан ұшқыш жігіт, тамаша биші Арчибальт Кристиге бір көргеннен ғашық болып, 1914 жылы некеге тұрады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты, Арчибальд Корольдік әуе корпусына, Агата әскери госпиталға жұмысқа кіреді. Бұл кезде Арчибальд авиация полковнигі, Агата танымал жазушы болатын. Ол алғашқы шығармаларын он сегіз жасқа жетер-жетпесінде жаза бастаған. Үлкенді-кішілі редакциялар әңгімелерін баспай, кері қайтара берген соң, бір көшеде тұратын Иден Филпот деген есімі онша белгісіз, бірақ түйсігі мол әдебиетшімен ақылдасады. Агатаның шығармаларын оқып көрісімен “Әлі сенен үлкен қаламгер шығады” - деп қолпаштап қояды. Бальзак, Эдгар По, Диккенс және Тургенвтерді оқып, тәлім ал деп ақыл айтады. Көп ұзамай белгісіз әдебиетші – сыншының болжамы шындыққа айналып, баспалар Агатаның жазғандарын таласып - тармасып басатын болды.
Агата Кристидің бес бірдей детективті романын басуға шарт жасады. Бұл зор мәртебе, теңдессіз абырой. Әдебиетте осылайша қысқа мерзім ішінде табысқа жеткен қаламгер некен-саяқ. 1922 жылы Агата күйеуімен бірге әлемдік саяхатқа аттанды. Осы жолы олар Гавай аралдары, Африка елдері, жаңа Зеландия, Канаданы аралайды. Кемеде жүзу Агатаға мүлде ұнамайды да, керісінше поездбен жүрген ұзақ жолдың әсері өте зор болады. Кейіннен оның бәрі өзінің толып жатқан роман, әңгіме, пьесаларынан көрініс табады.
1926 жылы Агата Кристи дүниежүзілік даңққа ие болады. Сыншылардың жазуынша, Агата Кристидің “Роджер Экройдтың өлімі” атты романы бес құрлық оқырмандарының қолынан түспеген. Детективтік жанрдың ғажайып беллетристика бола алатыны тамаша дәлелденді. Сәл кейінірек жарыққа шыққан “Айыптау куәгері” және
”Тәпі” (“Мышеловка”) пьесалары АҚШ, Англия, Франция,тіпті Жапония театрларының т.б елдерінің сахналарында он бес мың рет қойылған.
Агата Кристидің “Шығыс экспрессі” (“Восточный экспресс”) повесін орысшадан қазақ тіліне көрнекті қаламгер – аудармашы Базарбай Исаев аударған. Ағылшынша нұсқасындағы – “Murder on the Orient Express”- орысша нұсқасында “Восточный экспресс” повесі деп, ал қазақша нұсқасында – “Шығыс экспрессі” повесі деп аударылған.
“Murder on the Orient Express”, орысша “Восточный экспресс” повесі деп аударған – Л.Беспалова. Шығарманың көлемі орысша нұсқасында 168 бетті қамтиды, ал қазақша нұсқасында 14 бетті қамтиды,өйткені Базарбай Исаев тек қана 4 таруын аударып, “Қазақстан сарбазы” газетіне жариялаған.
Л.Беспалов аударған орысша нұсқасында оқиға “Ранним морозным утром, в пять часов по местному времени, вдоль который железнодорожные справочники торжественно именовали экспресс Тавры”, - деп басталса, Базарбай Исаев аударған қазақша нұсқасында оқиға – “Таңғы аязда, жергілікті уақыт бойынша азанғы сағат бесте, Сирияның Алеппо станциясы платформасының ұзына–бойына созылған теміржолшылар анықтамалығында “Тавры экспрессі” деп аталатын состав тұрды”, - деп берілген. Бұл жерде біз қазақша нұсқасында “состав” деген орыс сөзінің нұсқасын таба алмаған алмағаннан ба, әлде білмегеннен бе, сөзді аудармай сол күйінде қалдырғанын байқаймыз.
Бұл “состав” деген сөздің аудармасын “құрам” деп берсе, мәтіннің мәні дәл жетер еді. Ал “эспресс состоял из вагона-ресторана, одного спального и двух вагонов местного сообщения” дегенді. Исаев: “Сол экспресс вагон-рестораннан, ұйықтауға арналған бір вагоннан және жергілікті қатынасқа бөлінген екі вагоннан тұратын” - деп берген. Бұл жердегі “ресторан” сөзі мейрамхана деп берсе болатын еді. Бірақ бұл жерде Исаевтың аударуы барысында көркемдікке қарағанда дәлдікке көп көңіл бөлгенін аңғара аламыз.
Түпнұсқада: “Проводник спального вагона подошел к мужчинам. Дебенхем улыбнулась. Потешный человек! Таких коротышек обычно никто не принимает в серьез. Лейтенант Дюбоск произнес прощальную речь. Он подготовил ее заранее и приберегал до последнего момента. Речь пордуманную и блистательную.”
Не желая уступить ему, Пуаро отвечал в том же духе” Аударма нұсқа: “Ұйықтауға арналған вагонның жолсерігі әлгі екі еркектің қасына барды. Поезд жүргелі тұр – деді ол. – Мырза, вагонға кіріңіз.
Кішкентай кісі басындағы шляпасын қолына алды. ананың басына қарашы, айнымаған жұмыртқа! Көңілі алабұртып тұрған Мэри Дебенхэм еріксіз күліп жібереді. Қызық кісі екен! Мұндай талаптарды әншейін де ешкім адам қатарына қоспайды. Лейтенант Дюбоск қоштасар алдындағы сөзін сөйледі. Ол өзінің осы айтқан сөздерін алдын ала дайындаған және әлгінде айтқанын көңілінің түкпірінде сақтап келген еді. Бұл сөзі әбден дайындалған әрі ғажап болып шықты.
Өзіне айтылған әдемі сөздерді естіп, одан кем түспес үшін Пуаро оған дәл сондай жауап қайыруға тырысты”. Бұл жерде “поезд” деген сөздің қазақ тіліндегі әдемі баламасы “отарбамен” алмастырса орынды болғандай еді. Сондай-ақ “шляпа” сөздің орнына қазақтың “қалпақ” дегені лайық.
Ал үшінші тарауындағы: “Мосье Бук – он уже сидел за столиком – приветственно помахал рукой, приглашая своего друга занять место на против него. Вскоре Пуаро понял, за какой стол он попал, – его обслуживали первым и подавали лакомые блюда. Еда тут, надо сказать, было удивительно хорошо.
Мосье Бук позволил себе отвлечь внимание от трапезы лишь тогда, когда они перешли к нежному сливочному сыру. Мосье Бук был уже на той стади насыщения, когда тянет филосовствовать.
Будь у Меня талант Бальзака, – вздохнул он, – я бы объязательно описал вот это! – И он обвел рукой ресторан”дегенді Базарбай Исаев былай деп аударыпты: “Бук мырза – ол бұл кезде үстелде отырған – сәлем бергенін білдіріп, қолын бұлғап, өзінің қарсысына келіп отыруға белгі жасады. Пуаро көп кешікпей өзінің қандай үстелге тап болғанын түсінді, оған даяшы жүгіріп жүріп қызмет көрсетті. Тамақты да бірінше әкелді және ең әдемі тағамдарды әкелгенін айтсаңшы. Мұндағы дайындалған тағамдардың өте тамаша екенін баса айту керек.
Бұлар алдарындағы майлы ірімшікке кірісе бергенде, бағанадан бері тамақ ішуге бөгет болғысы келмеген Бук мырза әңгіме бастаған еді. Бук мырза бұл сәтте қарны тойып, қанағат жасаған да, енді философиялық ойлардың жетегіне ерген сыңайы бар-ды.”
Мұнда “нежный, сливочный сыр” – дегенді “майлы ірімшік” деп тәржімалаған.
Ал орысша мәтіндегі “труп” дегенді “мүрде” деп аударып берген. Бұл жерде “мүрде” деген сөздің орнына “мәйіт” деген баламасын берсек дұрыс болар еді. (“Мүрде” деп қазақ бейіт немесе моланы айтады).
“Я не вполне вас понимаю, мосье Пуаро.
Ну что ж, приведу пример. Мы находим женский носовой платок. Кто его потерял, женщина? А может быть мужчина, совершивший преступпление, решил: Пусть думают, что это дело рук женщины. Я нанесу куда больше ран, чем нужно, причем сделаю это так, что будет казаться будто некоторые из них нанесены человеком слабым и немощьным и потом обраню на видном месте женский платок. Это один вариант. Но есть и другой. Предположем, что убийца женщина. И тогда она нарочна роняет ершик для трупки, чтобы подумали, будто преступление совершил мужчина. Неужели мы можем всерьез предположить, будто два человека мужчина и женщина не сговориваясь совершили одно и то же преступление и при том каждый из них был так небрежен, что оставил нам по улике? Не слишком ли много тут совпадении?” - дегеннің қазақша мәтіндегі баламасын төмендегідей етіп берген: “Мен сізді онша түсініп отырған жоқпын, Пуаро мырза. Онда не істеймін, мысал келтіріп көрейін. Біз, жаңа өзіңіз көрдіңіз әйелдің беторамалын тауып алдық. Оны жоғалтқан кім, әйел ме? Мүмкін, оны жоғалтқан қылмысты жасаған еркек шығар және ол бұл қылмысты жасаған әйел екен деп ойлап, тура бағыттан адассын. Жарақатты көбірек салайын, жарақат салғанда да оны әлсіз, күш-қуаты кем адам салғандай жеңіл жаралайын, содан кейін әйел беторамалын көзге бірден түсетін жерге тастап кетейін, – деп түйген болуы керек. Бұл – бір жорамал. Бұдан басқасы да бар. Солай-ақ деп ойлайықшы: кісі өлтірген әйел-ақ болсын және ол трубка тазалағышты әдейі тастап кетеді, сөйтіп қылмыс жасаған ер адам екен деп ойласын дейді. Сонда деймін-ау, құдды екі адам: бірі әйел, екіншісі ер кісі, бірімен бірі алдын ала келіспей-ақ екеуі де бір қылмыс жасап, бір адамды өлтіреді, оның үстіне олардың әрқайсысы бізге бір-бір айғақ қалдырады деп шынымен-ақ сенеміз бе?” деген мәтін үзіндісіндегі “ершик для трубки” деген тіркесті “трубка тазалағыш” - деп аударуын, “тұтқа тазалағыш” - деп тұтастай қазақшаласа, дұрыс болғандай еді.
Аударма өнерінің қыры мен сыры мол. Оның өзіндік қиындықтары да қаншама.
Біз аударма сапасы туралы сөз қозғағанда, ондағы әдеби көркемдікке, тіл кестесінің дұрыс өрілуіне, стильдік тазалыққа баса назар аударудың себебі осыдан туындаса керек. Өзінің жазылу мәнері, сондай-ақ оқиға құрлымы мен әлеуметтік астарлы ой айта білуімен, таза кәсіптік шеберлігімен классикалық әдеби шығарма дәрежесіне көтерілген Агата Кристи шығармалары бізге әлі күнге дейін толық жеткен жоқ.
Сөйтіп, әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған детектив жанрында жазылған романдар мен повестер, әңгімелер өміріне бірінен кейін бірі біртіндеп келіп жатты. Солардың ішінде шоқтығы биік туындылардың бірі ретінде “Шығыс экспресін” атауға әбден болады.
Ә. Ахметов қай шығарманы қазақшаласа да, оның тілдік, стильдік қасиеттерінің ешқайсысының да мұртын сындырмайды. Шынайы аударманың қай-қайсысында да аудармашының өзіне тән қолтаңбасы мен мұндалап тұрады.
Қорытынды

Түпнұсқа мен аударманың эстетикалық жағынан сәйкестігі көркем аударманың өзекті мәселесі болып қала береді. Аудармашы орыс және әлем әдебиеті шығармаларын аударуда, аталмыш сөз зергерлерінің суреткерлік тұрғысын танытатын эстетикалық ойларын өз қалпында берумен қатар оқырманды шығарма мазмұнымен дәл таныстыруға күш салады. Түпнұсқаның түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-тәсілдердің ішінде сәттілері қатарына : автордың стилі, интонация, ырғақ, образдылық секілді элементтердің ұлттық пішінге сай әр қилы өзгешеліктерін жоғалтпай тәржімалағанын атап көрсеткен орынды.


Түпнұсқа туындыға негіз болған өмір құбылыстарының сырын, шығармашылық туынды процесін терең пайымдау – аударма еңбек үшін, аудармашы үшін аса маңызды шығармашылық саты. Бұл сатыға мән бермей, түпнұсқа мәтінді аударуды тікелей бастап кету – үлкен олқылық. Мұның өзі аудармашының шығармашылық еңбекке, түпнұсқаға да, аудармаға да жауапкершіліксіз қарауының көрінісі. Бұл орайда, Ә. Ахметов ең алдымен қаламгер шығармаларын тікелей оқып түсіну, саралауы мен бағалай білуі аударманың көркемдік дәрежесін арттырады.
Аудармада тұрақты сөз тіркестер, идеома, фразеологизмдерді аудару да, аудармашы үшін өте ауыр, қиын істердің қатарына жатады. Бұл топтағы тілдік құбылыстардың баламасы аударма тілінде кездесе бермейтінін бұл істі одан әрі қиындатып, орындалмастай күйге түсіреді. Аудармашы мұндай тілдік бейнелеу фактроларын беретін мағынаны кейде түпнұсқадағы ізбен баяндап шығады. Соның нәтижесінде идиома мен тұрақты сөз тіркестерінің мазмұны аударылғанымен, тұтас мағынасы мен мәні аудармада мүлдем сейіліп кетеді. Аудармаға қойылатын талап қатал. Дегенмен де, түпнұсқа мен аударма арасында тепе-теңдік болуын талап еті ретсіз, өйткені оны қамтамасыз ету аудармашының қолынан келе бермейді.Түпнұсқа табиғатына тән көркемдік ерекшкліктерді аудармада түгелдей не тұтастай жеткізу мүмкін емес. Бірақ, бұл аудармашының түпнұсқадан орынсыз ауытқуына, өз тарапынан өзгерістер мен толықтыруларға жол бермейді. Аудармашы ең алдымен аудармадағы әріп қуалаушылықтан, сөзбе-сөз аудармадан және түпнұсқадағы көркем шындыққа сай келмейтін еркіндіктен аулақ болуы қажет. Сонымен қатар, бұл орайда дайындық кезіндегі асығыстық, зерттеу сапасының төмендігі және т.с.с . атауға болады.
Әлем классиктерінің туындыларын аударуда атқарылған жұмыстар аз емес. Осы асыл туындыларды жоғары көркемдік деңгейде аудару үлкен ізденісті, қыруар еңбекті талап ететіні сөзсіз. Осы тұрғыда, прозалық шығарамаларды аударудағы ізденімпаздылығы, сол жолдағы қажыр-қайраты айқын аңғарылады.
Сонымен, Ә. Ахметовтың ағылшын прозасынан жасаған аудармалары жөнінде ой-пікіріміздің түйіндеп айтар болсақ, мынандай қорытындыға келеміз:
1. Аударылатын шығарма тілін білу аударманың түпнұсқаға сай шығуының алғы да негізгі шарты
2. Аудармашы түпнұсқадағы өмірді, сол халықтың ұлттық мәдениетін, тұрмыс-жағдайын, салт, әдет-ғұрпын білуі, бұл салада оның зерттеуші ғалым дәрежеінде болуы талап етіледі, мұнсыз ол жақсы аударма жасай алмайды.
3. Аудармашы өз ана-тілін, оның әдеби көркем сөз қорын, мақалдары мен мәтелдерін, тұрақты сөз тіркестерін еркін меңгергенде ғана түпнұсқаға сай туған халқының асыл мүлкі боларлық аударма жасай алады.
4. Аудармашы бір тілден екінші тілге жай көшіруші емес, түпнұсқа негізінде көркем дүние жасаушы сөз зергері. Жазушы ен аудармашы табиғаты бір. Ә.Ахметовтың прозамен шұғылдануы оған проза саласында жақсы аудармалар жасауына мүмкіндік бергені бұған айқын дәлел бола алады.
5. Аудармашы өзі сүйген, өзіне ұнаған творчествосымен іштей үндес қаламгердің шығармасын аударса, мұның жемісті болатыны аудармашылық практикада дәлелденгені шындық. Аудармашы Ә.Ахметовтың аудармашылық тәжірибесі де осы қағиданың дұрыстығына көз жеткізеді.
Аудармашы жан-жақты әрі көп қырлы аудармашылық тәжірибесі қазақ әдебиетінің аударма саласын дамытып, жетілдіре беретініне сеніміміз мол.
Ә. Ахметов аудармалары ең жоғары деңгейдегі шығармаларға жатады. Оның аудармаларының бағалылығы, құндылығы – оның түпнұсқадан тікелей аударылуында, оның үстіне аудармашы асқан қырағылық, қас шеберлік танытқан. Аудармасының өн бойында күмәнданып қарайтын жері жоқтың қасы. Енді оның аударма сапасына тоқталатын болсақ:
Ә. Ахметовтың аудармалары құрылымдық жағынан дұрыс, семантикалық өрісі кең, жанрлық жағынан қазақ әдебиетінде ерекше орынға ие болатын шығармалардың қатарынан орын алды. Ә. Ахметов аудармасында пайдалануға мүмкін болған адекватты, сөзбе-сөздік, дәлме-дәлдік сияқты эквиваленттік түрлердің барлығын көруге болады. Әсіресе ол аударған шығармалар кейбір сәттерде ситуацияны бейімдеу, немесе оның баламалық нұсқасын дәл табу бойынша өте жоғары дәрежеде тұрады.
Бұл әрине ІV типке - яғни аударма саласында ең құнды типке жатады. Бұл типтегі ұтымды шығарманы дүниеге алып келу кез келген аудармашының қолынан келе бермейтінін де айтып кеткен жөн. Ал, ол аударған әр бір шығармасында ойын дәл ұстап отырып, өз тілімен шығарма сюжетін құрастыра білген, ондағы сөз қолданысы, мазмұнды беруі өте жатық тілмен, тамаша берілген. Сонымен қатар, антропонимдердің мағыналық тұрғыдан құрылымын өзгертіп шығуда да аудармашы ерекше шеберлік танытқан. Сөзімізге дәлел ретінде аудармашының шығарма тақырыбын қазақ оқырманына дәлме-дәл, түсінікті және де тартымды жеткізуі үшін басқа сөздерді қолдану арқылы таңдауы. Бұл Агата Кристидің әлемге әйгілі болуына негізгі кілт болған «триггер» - яғни оқырман құлағына жағымды естілетін сөздерді көбірек пайдалануы болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет