Индикатордың титрлеу көрсеткіші және оған әсер ететін факторлар
Индикатор көрсеткішіне әсер ететін факторлар.
Температура. Температура өзгерген кезде иондану константасы мен мәні өзгереді.
Бейэлектролиттер. Бейэлектролиттердің (органикалық еріткіштер, ақуызды заттар) болуы индикатордың әсерін өзгертеді.
Индикатордың мөлшері. Оның концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым индикатордың бір түрден екінші түрге ауысуы өте баяу болады.
Титрлеу реті. Мысалы, метиоранж индикаторымен қышқылды негізбен титрлеу тиімді. Себебі, түстің сарыдан қызылға ауысуы қызылдың сарыға ауысуынан әлдеқайда айқынырақ болады.
Қышқыл-негіздік титрлеудегі эквивалентті нүкте ерітіндінің мәнінің өзгеруімен жүреді. Эквивалентті нүктені дұрыс анықтау үшін титрлеу көрсеткішінің мәні эквивалентті нүктедегі ерітіндінің мәніне жақын болатындай және титрлеу қисығының секіруіне сәйкес келетіндей етіп индикатор таңдалады. Алайда, теориялық есептелген эквивалентті нүктеге сәйкес келетін индикаторлар жоқ. Бұл сәйкессіздік титрлеудің индикаторлық қателіктерін тудырады.
Титрлеудің индикаторлық қателіктері
Индикаторлық қателік – қолданылған индикаторға байланысты болатын жүйелі немесе кездейсоқ қателік.
Титрлеудің индикаторлық қателіктерінің бірнеше түрі бар.
Сутектік қателік немесе -қателік – күшті қышқылмен титрлегенде титрленбей қалған -иондарының концентрациясы.
Гидроксилдік қателік немесе -қателік - күшті негізбен титрлегенде титрленбей қалған -иондарының концентрациясы.
Қышқылдық қателік немесе -қателік – әлсіз қышқылмен титрлегенде титрленбей қалған концентрациясы.
Негіздік қателік немесе -қателік – әлсіз негізбен титрлегенде титрленбей қалған концентрациясы
Титрлеудің индикаторлық қателіктері
20. Индикатор таңдау, индикаторлық көрсеткіш, индикатордың түс өзгеріс интервалы. Индикаторлық көрсеткішке әсер ететін факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |