1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Редокс-реакцияларының ерекшіліктері. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері реакцияларына қойылатын талаптар



бет25/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Аналитика B

29. Редокс-реакцияларының ерекшіліктері. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері реакцияларына қойылатын талаптар. 

Редоксиметрия әдісінің реакцияларына қойылатын талаптар:



  1. реакциялар белгіленген бағытта аяғына дейін толық жүруі тиіс;

  2. реакцияның жылдамдығы айтарлықтай жоғары болуы керек;

  3. титрлеу барысында қосымша реакциялар жүрмеуі керек және ерітіндідегі қоспалар негізгі реакцияның жүруіне және эквиваленттік нүктені анықтауға кедергі келтірмеуі тиіс;

  4. эквиваленттік нүкте, яғни реакцияның аяқталу моменті анық болуы керек.

реакция стехиометриялы жүруі тиіс және құрамы белгілі қосылыстар түзетін реакциялар болуы тиіс;
Редоксиметрия әдісі тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген дедік. Ал тотығу-тотықсыздану реакциялары ионалмасу реакцияларына қарағанда өзгеше жүреді. Соған орай тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі ерекшеліктерін атап өтсек:

  1. көптеген реакцияларға тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардан басқа да заттар қатысады, мысалы, қышқылдар мен сілтілер қатысады;

  2. кейде реакция бірнеше сатыда жүруі мүмкін және де әр сатысының жылдамдығы да әртүрлі болуы мүмкін;

  3. тотығу-тотықсыздану реакциясының жылдамдығы ионалмасу реакциясының жылдамдығынан төмен болады, сондықтан да процесті соңына дейін жеткізу үшін, тездету үшін белгілі бір жағдайды қажет етеді; температураны арттыру, ерітінділердің концентрацияларын өзгерту, ерітінді ортасын рН-ы өзгерту арқылы немесе катализатор пайдалану арқылы реакцияның өтуін жылдамдатуға болады.

  4. Реакцияға қатысушы бастапқы зат бірдей болса да реакция бағыты өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар реакция барысында түзілген кейбір заттар негізгі реакцияның бағытын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Белгілі мыңдаған тотығу – тотықсыздану реакцияларының барлығы бірдей бұл әдіске жарамды бола бермейді. Редоксиметрия әдісін де басқа әдістер сияқты тотығу-тотықсыздану реакцияларына қойылатын талаптар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет