Аналитикалық химия сессия
1)Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі. Аналитикалық химия жай ғана ғылыми пән емес, ол- біліміңді тереңдететін және жүйелейтін, практикалық маңызы зор, химиялық талдаудың орындалуын қамтамасыз етеді. Кез-келген сала тиімді химиялық талдаусыз дами алмайды. Химиялық талдау дегеніміз –практикада кеңінен қолданылатын белгілі әдістерді қолдана отырып заттардың құрамы (сапалық және сандық) туралы мәлімет алу құралы. Сол себепті аналитикалық химия пәні үйрететін химиялық талдаудың түрі де, қолдану саласы да көп. Аналитикалық химияның міндеті: әдістерді өңдеу және оны жетілдіру, олардың қолданылу шекарасын анықтау, метрологиялық және т.б сипаттамаларын бағалау, нақты объектілерді талдау әдісін өңдеу.Аналитикалық химияның мақсаты: зерттелетін қосылыстардың аналитикалық қасиетін зерттеп, Тән реакцияларын жазып, зерттеуге сәйкес түзілген процестерді анықтау; заттың құрылымына қарай аналитикалық қасиеттерін анықтай білу; қосылысты немесе затты бөліп алудың жаңа жолдары мен тәсілдерін табу; заттың аналитикалық қасиетіне сүйене отырып химиялық әдістерді дамыту. Аналитикалық химия жай ғана заттардың зерттеу пәні емес, ол химиялық талдау арқылы заттың пайда болуына себепші, заттардың құрамын анықтауда процестің жүруін қадағалайтын, даму жолындағы білімнің әртүрлі аудандарын біріктіретін ғылым. Аналитикалық химия ұсынған әдісті қолдана отырып нақты объектінің талдануын қамтамасыз ететін жүйе аналитикалық қызмет деп аталады.Әртүрлі саланың түріне қарай аналитикалық қызметтің орындалуының белгілі ерекшеліктері бар, сол себепті химиялық талдау зерттелу аумағына қарай бірнеше түрге бөліне алады. Химиялық анализ қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық талдау және сандық талдау болып екі тарауға бөлінеді.Сапалық талдаудың мақсаты заттардың сапалық құрамын анықтау, яғни, қандай элементарлық бөлшектерден тұратындығын табу (атомдық, молекулалық, иондық изотоптық құрамын). Сонымен қатар, белгілі қосылыстармен ұқсастыру (идентификациялау). Органикалық қосылыстардың құрамында жеке элементтерді ғана анықтау жеткіліксіз, функционалды топтарды да анықтау қажет.Сандық талдаудың негізгі мақсаты зертелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесің немесе олардың бір-біріне қатынасын аныктаy.