а) әдістемелік қателіктері қолданатын әдісінің ерекшелігіне тәуелді болады (реакцияның толық өтпеуі, тұнбаның жартылай еруі, индикатор қасиеттері).
б) оперативтік қателіктер - аналитикалық операцияның жеткiлiктi түрде ұқыпты орындалмауынан пайда болатын қателіктер (фильтрде тұнбаның жеткіліксіз шайлуы, құралдар мен реактивтердің қателіктері, таразының тегіс жерге дұрыс орнатпауы).
в) жеке басты қателіктер лаборанттың бойындаға жеке физиологиялық, психикалық қасиеттеріне тәуелді болады (титрлеу кезінде ерітіндінің бояуының өзгеруін дұрыс анықтау қасиеті).
г) приборлық немесе реактивтік қателіктері талдауда қолданатын құралдардың дәлдіктеріне және лабораттың қателіктеріне тәуелді болады, құралдар мен реактивтердің қателіктері, таразының тегіс жерге дұрыс орнатпауы.
Кездейсоқ қателіктерікез-келген өлшеуде кездеседі, олардың санын параллельді өлшеулерді жүрзігу арқылы азайтуға болады. Өлшегіш құралдарды дұрыс орналастырмау; сыртқы жағдайлардың әсерінен (вибрация, колебания температуры, влажность и т.д.); адам органдарының әртүрлілігі (несовершенство). Заңдылықсыз өзгеріп отырады.
М: адам көзі шкалаға перпендикуляр болуы тиіс.
Кездейсоқ қателіктерді алдын ала анықтап білу мүмкін емес. Болдырмас үшін анализді бірнеше рет қайталап жүргізу керек және математикалық статистика әдістерін қолданып нақты мәніне қаншалықты жақындығын тексеруге болады.
Өрескел қателіктер – жеке өлшеулер барысында эксперимент жүргізу шарттарын бұзу нәтижесінде болады,тәжірибені қайталаған сайын елеулі түрде өзгеріп отырады (күткен нәтижеден өте алшақ нәтиже көрсеткен жағдайды айтады): тұнбаны шашып алу, ерітіндіні төгіп алу, өлшемдерді қате есептеу.
Қайта өлшемдер жүргізу барысында немесе матаматикалық өңдеулер жасау арқылы өрескел қателіктерді оңай анықтауға болады.