1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет10/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Аналитика B

Қателіктерді болдырмау жолдары

  • Қателікті азайту үшін ең алдымен келесі жағдайларды есте ұстау қажет:

  1. Ұқыпты тiркеу және әрбiр анализдi дұрыс есептеу керек (таза ыдыста).

  2. Ең дұрыс шешiмiн табу, ортақ арифметикалық мәнiн табу керек.

  3. Алынған нәтиженi бағалау және қатесiн табу керек. Бұл жағдайда ықтималдық теориясы мен статистикалық математика зандарын қолдану керек.

6. Гравиметриялық анализ әдістері. Гравиметриялық анализ әдістерінің жіктелуі. Әдістің артықшылығы мен кемшілігі
-Гравиметриялық анализ әдісі – анықталатын белгiлi бiр затты (элемент, ион) жеке элемент күйiнде немесе жүйеден нашар еритін тұнба, не өзге бір құрамы белгiлi қосылыс түріне айналдырып, оның массасын дәл өлшеуге негізделген әдіс. Яғни, анықталатын заттағы элементтің (ионның н/е химиялық қосылыстың) массасын немесе проценттік мөлшерін анықтау.
Графиметриялық анализ әдісі
-Гравиметриялық талдаудың, соның ішінде тұндыру әдісінің негізгі жұмысы тұнба алу.
- Алынатын нәтиженің дұрыстығы мен сапасы көбінесе тұнбаның химиялық құрамына, құрылымы мен тазалығына байланысты болады. Нәтиженің дәлдігіне тұнбаны кептіру мен қыздырудың да әсері бар.
-Гравиметрияда тұнбаны ыстық сұйытылған ерітіндіден тұндырғышты баяу қосып, үзбей араластыра отырып тұндырады. Тұндырмас бұрын ерітіндіге кристалды тұнба алу үшін тұнбаның ерігіштігін арттыратын зат (НСІ) қосады немесе аморфты тұнбалар үшін коллоидты ерітіндінің коагуляциялық (спирт) қасиетін арттыратын зат қосады. Кристалды тұнбалар тез түзілетіндіктен әр түрлі размердегі және формадағы кристалдар пайда болады. Сондықтан кристалдың структурасын жақсартуға тұнбаның «кәртеюі» жақсы әсер етеді, яғни тұнбаны өзі тұнған ерітіндісінде қалдырып қою керек. Сол кезде кристалдардың іріленіп өсуі себебінен тұнбаның жалпы беті азаяды, ал ол деген бөгде заттармен тұнбаның кірленуін азайтады.
-«Гравиметрия» - лат. gravis — ауыр және грек metred — өлшеймін.
-Химиялық әдісте анықталатын заттың массалық үлесіне (салмағына, көлеміне) қарай:
- гравиметриялық (салмақтық),
- титриметриялық (мөлшерлік),
- газоволюметриялық деп бөлінеді.

Заттарды өңдеу түрлері бойынша гравиметриялық әдiсті келесі топтарға жіктеуге болады:


- Химиогравиметриялық әдіс:
- Электрогравиметриялық әдіс
- Термогравиметриялық әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет