1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет5/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Аналитика B

Газды волюметриялық әдіс - химиялық реакция нәтижесінде сіңірілетін немесе бөлінетін газдың көлемін есептеуге негізделген әдіс (газдық анализ).
Химиялық анализдің артықшылығы:
Көпшілік жағдайда анықтаудың химиялық әдісі өзінің орындалу қарапайымдылығымен, сезгіштігі және дәлдігімен басқа химиялық емес әдістерден ұтымды. Ыңғайлы, оған қолданылатын реактивтер және қарапайым зертханалық ыдыстар болса жеткілікті. Сондықтан бұл әдіс көмегімен кез-келген жерлерде анализ жүргізе беруге болады (далада, өзен бойында, мал фермаларында т.б.). Кемшілігі: дәлдігінің төмендігі.

  • Физикалық анализ әдістері физикалық процестер мен физикалық құбылыстарға негізделген, яғни физикалық әдістер – заттардың физикалық тұрақты қасиеттерін (түр-түсі, спектрі, тығыздығы) өлшеуге негізделген әдіс (арқылы заттың құрамын анықтайды):

Физика-химиялық әдістері белгілі бір химиялық реакция барысында талданатын жүйедегі өзгерістердің: жарық сіңіру, жарықтың сынуы, электрөткізгіштік сияқты физикалық сипатын бақылауға негізделген. Бұл кезде алдымен химиялық реакция жүргізіліп анықталатын затқа тән айырықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен зерттейді. Бұл әдістер үшін арнайы құрал-жабдықтар қажет, сондықтан бұл әдістер тек лабораториялық жағдайда жасалынады.
Физика-химиялық талдау әдістерінің артықшылығы:

  1. сұрыптамалығы – құрамдас бөліктері арасынан бір мезгілде тек керектісін сұрыптап, таңдап алу;

  2. анализ жылдам жасалады;

  3. физика-химиялық әдістерді автоматтандыру оңай.

  4. Кемшілігі: арнайы жабдықталған зертхана керек.




  • Биологиялық әдістер – түрлі объектілердің биологиялық активтілігін және химиялық реагенттердің биологиялық объектілерге әсерін зерттеуге негізделген әдіс. Анықтап отырған физиологиялық активті заттың, тірі организмдердің морфологиялық немесе функционалдық өзгерістерін (немқұрайлық, қапалану, өлім) тіркеу. Мұндай жағдайда түрлі организмдерді пайдаланады (бактериялардан бастап сүтқоректілерге дейін, кейде тіпті тірі организмдердің жеке органдарын да пайдаланады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет