Сын-бейне үстеулері. Мөлшер үстеулері.
Үстеу іс-қимылдың, амал-әрекеттің, белгісін, жай-күйін, мекенін, мөлшерін, мезгілін білдіретін сөз табы. Мыс: бүгін, төмен, жоғары, әрмен, бірталай т.б. Үстеулер қалай? қанша? қашан? қайда? қайдан деген сұраққа жауап береді. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
Сын-бейне үстеулері: әрең, әзер, тез, шапшаң , шикілей, шалқасынан т.б. Сұрақтары: кімше , неше, қайтіп?
Мөлшер үстеулері: сонша, осынша, онша, әжептәуір, бірталай, т.б. Сұрақтары: қанша? қаншалық? қаншама?
1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрін ажыратыңыз.
1)Түнде бармын, кешке жоқпын.
2)Жоғары, төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап.
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай.
2-тапсырма. Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жазыңыздар.
Жол-жөнекей, әуелден, былтыр, ілгеріде, әлдеқашан, тысқары, күндіз, мұнда, төмен, сонда, үнемі, тез, ежелден, қолма-қол, баяу, әрең-әрең, етпетінен.
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Үстеу дегеніміз -
а) Заттың сапасын, сынын білдіреді
ә) Іс-қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді
б) Заттың іс-қимылын білдіреді
2. Үстеудің сұрақтарын ата.
а) Қайда? Қашан? Қанша? Қалай?
ә) Қайда? Қашан? Қалай?
б) Қашан? Қанша? Қай?
3. Үстеулер ең алдымен қай сөз табының алуан түрлі белгілерін білдіреді?
а) Етістік
ә) Есімдік
б) Сан есім
4. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді көрсет.
а) құр босқа, жай әншейін
ә) Бостан-бос, оп-оңай
б) Жылдам, баяу, қазір
5. Еріншектің ... таусылмас
а) бүгіні
ә) ертеңі
б) ұйқысы
СӨЖ: Сән өнері туралы мәліметтер жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |