1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Сапалық және қатыстық сын есімдер



бет106/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Сапалық және қатыстық сын есімдер

Сапалық сын есімдер деп заттың сыр-сипатын, түрі мен түсін, сыры мен сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, ақ, әдемі, тәтті т.б.


Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар.


1-тапсырма. Мына сын есімдердің керекті қосымшасын табыңыз.
1)Әдеп – әдепті, ақыл – .., көрік – ...
2)Қыс қарлы, ....., ....., .....
3)..... сөз жарым ырыс.
4)...... киім тәнді жылытар.
5)...... сөз жанды жылытар.


2-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі сын есімдерді тауып, түрін ажыратыңыздар.
Жетім бала жеті күлшеге тоймас.
Жетімге жеті бидай да тамақ.
Жетімнің қарны жетеу.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
Жақсы кісі қырқында толады,
Жаман кісі қырқында солады.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Қорқаққа қос көрінер.

3-тапсырма. Тестпен жұмыс.
1. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) -қы, -лы, -сыз, -лық, -қор
В) -малы, -ек, -ақ, -шек, -ма
С) -мақ, -мек, -шы, -ғай, -ып
D) -у, -ған, -атын, -с, ғалы
Е) -рақ, -лау, -қылт, -шыл, -аң
2. Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз.
А) ызалы жүрек
В) жылы шырайлы жан
С) өте ұяң қыз
D) құп-қу болып кетті
Е) шүніректеу көзді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет