1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет107/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

3. Сын есім қандай сөз табы?
А) Заттың санын білдіретін сөз табы.
В) Қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы.
С) Заттың атын білдіретін сөз табы.
D) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табы.
Е) Заттың сапасын білдіретін сөз табы.
4. Сын есімнің жай шырай түрін табыңыз.
А) кішірек
В) сұлу
С) үлкендеу
D) сарғылт
Е) бозаң
5. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.
А) тіпті аласа
В) сарырақ
С) өткір көзді
D) көгілдір
Е) жұп-жұқа
6. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.
А) үлкен-кіші
В) желп-желп
С) биік-биік
D) күп-күрең
Е)тым кең
7. Туынды сын есімді табыңыз.
А) жылтыр
В) биік
С) момын
D) кенді
Е) жұмсақ
8. Сапалық сын есімді табыңыз.
А) қайырымды
В) қорқақ
С) білгіш
D) ыстық
Е) ашушаң
СӨЖ: Тағам түрлері туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» тақырыбына эссе жазыңыз.
Орта деңгей (В1)
12-апта
Киім. Сән. Талғам.
Сын-бейне үстеулері. Мөлшер үстеулері.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім түрлеріне қарай бас киім, сырт киім, аяқ киім, ұлттық киім т.б бөлінген. Ұлттық киімдер арқылы адамның қай ұлт екенін де білуге болады.
Сән – киім кию мәдениеті, ол талғамға байланысты. Сән қоғамға, заманға қарай өзгеріп отырады.
Дизайнер – сәннің бағытын, талғамын, қандай матадан тігілетінін, көркемдеп әшекей түрін ескере отырып шығаратын адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет