Көмектес септігі (іс-қимылдың құралы) Керек, қажет сөздерінің қолданысы
Көмектес септік іс-әрекеттің, қимылдың немен, қандай құралмен, амалын, қалай істелгенін және қимылға ортақтықты білдіріп, сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшіп келе жатқан – Абай аулымен көрші ауылдар (М.Әуезов). Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр (Ғ. Мұстафин). Көмектес септік жалғауының ерекшеліктері бар. Олар буын үндестігі заңына бағынбайды, жуан сыңарлары жоқ. Сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да жіңішке жалғау (-мен,-бен,-пен) жалғанады. Сондай-ақ мен,бен,пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас келеді. Егер бұлар қатысты сөз –мен,-бен,-пен тұлғасынсыз айтылмаса, ол көмектес септік жалғауы болғаны, сөзбен бірге жазылады,онсыз айтуға болса, немесе және деген сөзбен алмастыруға болса жалғаулық болғаны, бөлек жазылады. Мысалы: Мағаш Кәкітай мен (және) Абайға қарады.
1-тапсырма Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мәтін ішіндегі «халық»,
«бүкіл», «данышпан», «уақыт», «әлем», «келешек» сөздерінің синонимдерін, «жылы», «бас», «біз» сөздерінің омонимдерін, «жоқ», «артық», «өмір» сөздерінің антонимдерін тап.
Әлем таныған Абай
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ақыны. Сондықтан ЮНЕСКО шешімі бойынша 1995 жыл – Абай жылы аталды. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі туралы ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор былай деді: «Абай - әлемдік маңызы зор тұлға. Ол оқырманға өзінің ақындық сезімімен ғана әсер етіп қойған жоқ, ол азаматтың санасына даналықтың дән ін сепкен данышпан, ойшыл. Оның гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен қалай үйлесіп, өріліп жатқанына таң қалмасқа шара жоқ. Бір кезде қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазіргі таңдағы кез келген халық өкілінің көкірегінде күмбірлеп жатыр десем, артық айтқандық емес. Егер біздің уақытымыз тұрғысынан қарасақ, Абай - әлемдік поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға. Сондықтан да біз Абайдың 150 жылдығын 1995 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде салтанатты түрде атап өтуді дұрыс деп таптық».Әлем таныған Абай өмірі, оның шығармалары – келешек ұрпақ үшін үлгі, өнеге.
Достарыңызбен бөлісу: |