1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма.Киім стиль түрлеріне жарнама, хабарландыру, хат жазу. 3-тапсырма



бет132/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма.Киім стиль түрлеріне жарнама, хабарландыру, хат жазу.


3-тапсырма.Берілген монологты жатта
«Қазақ»деген қаны таза жұрнағым!
Айтам саған ағымнан қуанып шын,
Нар қазақпын жасырмайтын қуанышын.
Тарих саған жүгін артты,себебі,
Тәуелсіз таңнан жаралған ұланысың.
Өз ғасырың өзіңнің иініңде,
Өзгелерден өзгеше күйің мүлде.
Іздегенің білім,ғылым,өнер болса,
Тәңірден «сана бер»деп сыйын күнде.
Бұл жастарда асыл арман таусылған ба?!
Орындалмай қалса да жасыған ба?!
Еңбек ет те, терің төк ер еліңе
Өмір сүрсін мәңгілік жасыл маңда!
Мен сені құттықтаймын азат өрен,
Мендегі «ғасыр рухты»саған берем.
Үкідейін «жеңіл»болса ақ үмітім
Соншалықты мағынасы маған терең.
Осы күні өз-өзімді баса алмадым,
Жо…жоқ өксік емес қақалғаным.
Кешегінің күңіренген қабағы жоқ,
Бұл менің қуаныштан жас алғаным.
Құтты болсын ертеңім, келешегім.
Болашақтың саған көп берешегі.
«Мәңгілік Ел»деп сенім артып өзіңе
«Нұрлы жолда»Елбасының көп есебі.
Дархан елді «жасыл» етіп құрмағым,
Сен үшін бауырым,туыс,ұрпағым!
Шексіз бол,тамырды тереңге жай,
«Қазақ»дегенқанытазажұрнағым!


БАӨЖ:Заманына қарай киімі (сән әлемінің жұлдыздары жайында презентация)
Қарапайым деңгей (А1)
15-апта
Мерекелер, Отбасылық дәстүрлі мерекелер.
Табыс септігі
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі “қасиетті қара шаңырақ”, “үлкен үй” деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді. Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын оның ел-жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отырған.
Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып-қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды. Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет