1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Көмекші есімдер. Күшейткіш мәнді сөздер



бет136/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Көмекші есімдер. Күшейткіш мәнді сөздер.
Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Күшейткіш мәнді сөздер — сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің беолгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш мәнді сөздер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтіліп шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса маңызды, орасан зор және тағы басқалары. Күшейткіш мәнді сөздердің біразы етістікпен тіркесіп қалай? деген сұраққа жауап береді. Ол қимылдың сипатын күшейтіп не солғыдып көрсетеді. Мысалы: мүлде білмейді, әбден шаршаған, сәл ауырады, керемет сөйледі және тағы басқалары.
1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің дұрыс/ бұрыстығын анықтаңыздар.
Қыркүйекте кейде қатты аяздар да болып қалады.
Тек күздік ақша қардың астында қауіпсіз көктемге дейін жатпайды.
Күзгі табиғат адамның көңіл-күйіне көп әсер етеді.
Күзде құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Күз – жыл мезгілдерінің ең тамаша уақыты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет