1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері



бет26/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері.
Есімдік дегеніміз есімдердің яғни, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. жіктеу есімдіктер;

  2. сілтеу есімдіктер;

  3. сұрау есімдіктер;

  4. өздік есімдіктер;

  5. белгісіздік есімдіктер;

  6. болымсыздық есімдіктер;

  7. жалпылау есімдіктері;

Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау

мен

сен

ол

Ілік

менің

сенің

оның

Барыс

маған

саған

оған

Табыс

мені

сені

оны

Жатыс

менде

сенде

онда

Шығыс

менен

сенен

онан (одан)

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.
Сұрау есімдіктері
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.
Өздік есімдік
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

  1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.

  2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине

  1. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет