Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу
Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар: жұрнақ, жалғау. Жұрнақ – өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың өзі 2 түрі бар. 1.Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына береді. М:қой-шы, өнер-паз. 2.Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей сал түрлендіреді. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады: кітапханалардан. Жалғау– сөздерді байланыстырады.Оның 4 түрі бар. 1.Көптік жалғау - -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер жалғаулары арқылы жасалады. Тәуелдік жалғау – заттың біреуге немесе бірнәрсеге тәуелді екенін білдіреді. Тәуелдену үш жақта, жекеше, көпше түрде болады. Тәуелденудің 2 түрі бар. 1.Оңаша тәуелдену- бір не бірнеше заттың, нәрсенің бір адамға не бір нарсеге ғана тиесілі екенін білдіретін тәуелденудің түрі.М: Менің үйім,Сенің үйің, Сіздің үйіңіз,Оның үйі. 2.Ортақ тәуелдену- бір не бірнеше заттың, нәрсенің бірнеше адамға нарсеге тиесілі екенің білдіретін тәуелденудің түрі.М: Біздің үйіміз, Сендердің үйлерің, Сіздердің үйлеріңіз, Олардың үйлері. Тәуелденге сөз көбіне ілік септігіндегі сөздермен келеді,кейде жасырын тұрады:мектептің алды-мектеп алды. Септік жалғауынқабылдауын септелу дейді. 1.Атау с-кім?не? 2.Ілік:кімнің?ненің?ж:-ның,-нің,-дың,-дің. 3.Барыс:кімге?неге?ж:-а,-е,-қа-,-ке,-ға,-ге, на,-не.4.Табыс:кімді?нені?ж:-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н.5.Жатыс:кімде?неде?ж:-да,-де,-та,-те,-нда,-нде.6.Шығыс:кімне?неден?ж:-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен.7.Көмектес:кімнен? немен?ж:-мен,-бен,-пен. Септелудің 2 түрі бар. 1.Жай с-сөздердің түбір күйінде септелуі. 2.Тәуелді-сөздердің тәуелденіп барып септелуі. Жіктік жалғауы-бастауыш пен баяндауышты байланыстырады.Жіктік жалғауы сөз әрқашан баяндауыш болады. Сөздер 3жақта және көпше,жекеше түрде жіктеледі.Жіктік жалғауы негізінен етістікке және есім сөздерге жалғанады. Мен дәрігермен, Мен келемін.
Мөлшер ұғымын білдіретін бірнеше, біраз, бірталай, көптеген, талай, сөздердің қолданылуы.
Грамматикалық категориялардың ішінде көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынамен байланысты болғандықтан, олардың көрсеткіштері өзі жалғанатын сөздерге заттық мән үстейтіндіктен, зат есімнің түрлену жүйесіне көптік, тәуелдік, септік категориялары жатады. Сонымен бірге зат есімнің кейбір топтары предикаттық қызмет те атқаратындықтан, жіктік жалғау адамға байланысты есімдерге жалғанады. Демек, зат есім сейлемде баяндауыш болғанда, жіктік жалғауын қабылдайды.
Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес. Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді. Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік – көптік категориясы жатады, әрі бұл категория зат есімге қатысты, өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |