3-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Ордада туған байлауын Абай көпке... үй ішіне білдірмек емес еді. Орталарындағы жалғыз арбаны жегіп кеткендігі ... Айдарбектен ғапу өтіну бізге тиіс секілді. Осы кіре беріс бөлмеден төрге ... бірнеше бөлме бар еді. Жүз метр сайын бір бағана. Бағана ... бір шам. Радио... күнбе- күн байланысып тұру қажет. Әсем ақ көк атты жайдақ мініп , екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге ... кетіп барады.
Керекті сөздер: арқылы, сайын, қарай, шейін, үшін.
СӨЖ: Шетелде білім алу туралы сіздің ойыңыз.
ОСӨЖ: «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе жазыңыз.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
3-апта
Қазақстандағы білім беру жүйесі, оның құрылымы.
Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру және мағыналарын түсіну: сөйлеу әрекеттері барысында қолдану. Мөлшер ұғымын білдіретін бірнеше, біраз, бірталай, көптеген, талай, сөздердің қолданылуы.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |