Жалпы және жалқы есімдер. Зат есімнің көптелуі.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана койылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыздар. Олардың жалпы немесе жалқы есім екендігін анықтаңыздар.
...... тышқан көрсе, бас салады.
...... кісінейді.
....... – біздің Елбасы.
....... еліміздің астанасы.
2-тапсырма. Төмендегі қатарларды жалқы есімдермен толтырыңыздар.
Қазақстан қалалары: ...
Қазақстан көлдері: ...
Ауыл аттары: ...
3-тапсырма. Көптік жалғауларын жалғап, көптелмейтін зат есімдер тауып жазыңыздар.
Мұнай, пышақ, балық, мыс, тамақ, дәрігер, көмір, оқушы, қонақ, құс, мал, аудан, қала, ел, дастан, адам, су, қалам, мәтін, уран, мақал, қарға, өзен, жүн, өлең, той, күн, көл, дәптер, мақта, сен, септік, кесте, алтын, тақта, астық.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Зат есім дегеніміз не, сұрақтары?
2. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Негізгі зат есім дегеніміз не?
4. Туынды зат есім дегеніміз не?
5. Жалпы есім дегеніміз не? Мысалы:
6. Жалқы есім дегеніміз не? Мысалы:
СӨЖ: Туған өлке ғажайыптары туралы мәліметтер жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |