1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма Берілген сөздердің антонимдерін тап, олармен сөйлем



бет48/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

3-тапсырма Берілген сөздердің антонимдерін тап, олармен сөйлем
құрастыр.
Ақ, жақсы, ескі, қиын, кәрі, үлкен, терең, арық, ыстық, аш, ашық, ұзын.


4-тапсырма Ішінде антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдерге 10 мысал
келтір.
Үлгі: Жақсы берсең де дос, бермесең де дос. Жаман берсең – дос, бермесең
– қас. Көз – қорқақ, қол – батыр.


Орта деңгей В1
5-апта
Бірінші байлық – денсаулық. Ұлттық тағамның пайдасы. Бейімделген, баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндердің сипатталуы, жалқы және жалпы, деректі және дерексіз ұғымдардың анықталуы (Бұл құнарлы тағам. Жаттығулардың пайдасы)

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат, орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендер бар. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес. Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып-тұлғалы, батыр да дана Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет