1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет49/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Бейімделген, баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндердің сипатталуы, жалқы және жалпы, деректі және дерексіз ұғымдардың анықталуы (Бұл құнарлы тағам.Жаттығулардың пайдасы)
Қазақ тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім және жалқы есім деп екі топка бөлу А.Байтұрсынов окулыгынан басталады. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «зат есім екі түрлі болады: біреулері-нәрсенің дербес өз басына гана койылған: жалқы есім. Екіншілері-нэрсенің біріне емес, барлык табына қойылған: жалпы есім»,-дей келіп, жалқы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағытай, Қызылжар, Семей, Қырым, Қытай, жалпы есімдерге: кісі, еркек, қала, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке секілді мысалдар келтірген .
Зат есімдерді семантикалық жэне грамматикалық жағынан осылайша жалпы және жалқы есімдер деп бөлу кейінгі оқулықтар мен зерттеулерде жалғасып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқаков жеке я дара заттарға берілген зат есімдерді жалкы есім деп, тілдегі эр алуан деректі жэне дерексіз заттар мен ұгымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Төлеуов “Кейбір зат есімдер тобы жеке нэрсенің өзіне арнай қойылған атын көрсетсе, кейбіреуі жинакты, жалпылама нәрсенің атын көрсетеді. Мәселен, тау, ағаш, жусан, сексеуіл деген сөздер бірыңғай көптеген затгардың жалпылама атгарын көрсетсе, Асан, Алатау деген сөздер- көптеген заттардың ішінен бөліп алынған жеке нәрсенің арнаулы аты. Осындай магыналық ерекшеліктеріне қарай зат есімдер жалқы есім, жалпы есім болып екіге бөлінеді „ -деп сипаттаған. Осы пікірмен үндестікті 2002 жылы шыккан академиялық грамматикадан да кездестіреміз. «Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен кұбылыстарға атауыш болып келетін сөздер жалқы есімдер, ал бір-біріне ұқсас нәрселер мен кұбылыстардын, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді жалқы есім» деп аталған.
Бұдан шығатын қорытынды-зат есімдерді жалпы жэне жалқы деп бөлуде заттың саны ескерілуі керек. Жалпы есім саны жагынан шексіз. Мысалы: қала- жалпы атау, өйткені кала өте көп. Ал Алматы- жалкы атау, өйткені бір каланың атауы. Олай болса, “жалқы есімдер жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атаулар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет