1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз



бет62/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз:
1. Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны;
2. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең;
3. Даналық жасқа байланысты емес;
4. Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды;
5. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт;
6. Уақыттың көп шашылуы – шығын;
7. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
5-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есмі жасап, оларды сөзбен жазыңыздар. 4, 70, 1000, 8, 5, 9; 
Үлгі: жеті – жетінші, ...
6-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 28 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Есте сақтаңыз!
Абайдың он бесінші қара сөзі:
... Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?


СӨЖ: Уақытқа қатысты мақал-мәтелдер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Уақыт керемет сый» тақырыбына эссе жазыңыз.
Базалық деңгей (А2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет