1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


Құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен алмастырылуы



бет11/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мақаш Айнұр

1.3.2 Құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен алмастырылуы

Көркем әдебиет мәтіндерін аударған кезде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен алмастырылуы негізінде стилистикалық нормаларға байланысты болып келеді.Қазақ, орыс тілдерімен салыстырғанда ағылшыын тіліндегі мәтіндерде құрмалас сөйлемдердің саны жағынан басым келетіні анық. Осы жағдайдың нәтижесінде бағыныңқы сөйлемдердің құрамында есімшелер мен көсемшелердің саны басым болады, зат есімдер предлогтармен бірге қолданылады :


As they scattered among the scrolling iron desk-legs, their brainless heads and swishing glabellas brushed at the ankles of the girls.
Рассыпавшись меж гнутых железных ножек парт, они своими безмозглыми головами ударяли девочек по ногам.
Қисайған темір парталардың аяқтарының арасында шалып, олар өздерінің ақылсыз бастарымен қыздарды аяқтарынан соғып жатты.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен алмастырылуының тағы бір мысалдары :


... I figured I probably would not see him again till Christmas vacations started.
... Я сообразил, что до начала рожденственных каникул я его не увижу.
... Мен рождестволық демалыстар басталмай оны көрмейтінімді түсіндім.

Ағылшын тілінің it is…(was)… that (who) … конструкциясы бар сөйлемдері орыс, қазақ тілдеріне аударылған кезде құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге айналады. Осы тәсіл әсіресе құрмалас сөйлес құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерді аударған кезде қолданылады. Мысалға :


It was I who had attend the wearisome Press Conferences…
Мне самому приходилось высиживать утомительные пресс-конференции.
Мен өзім де жалықтыратын пресс-конференцияларда отыратынмын.
It was just before the end of the war that she fell out of love with him.
А незадолго до конца войны Джулия его разлюбила.
Соғыс басталмас бұрын Джулия оны сүймейтін болды.

Бірінші мысалда бағыныңқы анықтауыш сөйлемнің, екінші сөйлемде бағыныңқы пысықтауыш сөйлемнің аударылу мысалы көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет