1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері



бет8/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Мақаш Айнұр

It’s our hope that ...
Мы надеемся, что...
Біздің үмітімізше...


The tired speaker was silent
Оратор устало замолчал
Оратор шаршап үндемей қалды


He kept obstinate silence
Он упрямо молчал
Ол қырсыға үндемеді

В.Н.Комиссаров сонымен қатар аудармашылық трансформациялардың үшінші түрін атап кетеді, ол аралас трансформациялар немесе күрделі лексикалық-грамматикалық трансформациялар. Бұл трансформацияларға антонимдік аударма, экспликация және компенсация жатады.


Антонимдік аударма
Антонимдік аударма аталатын таудармашылық трансформациялар аты айтып тұрғандай аудармаға берілген мәтінді аударма тіліндегі антонимдік, яғни мағынасы қарама-қайшы лексикалық бірліктер арқылы аударуға негізделген. Антонимдік аударма кезінде семантикалық қарама қарсы жұптар, антонимдік жұптар қолданылады. Лексикалық-семантикалық, синтаксистік комбинациялар бұл аудармашылық трансформацияларды күрделі етеді.


He hardly ever listened to you then you said something
Он никогда не слушал что ему говорили
Ол ешқашан айтылған сөзге құлақ аспайтын

Антонимдік аударма тәсілі дегеніміз- қарама-қайшы мағыналарды қолдану арқылы аудару. Ағылшын тілінен аудару кезінде сұраулы сөйлемдер хабарлы сөйлемдерге айналады.




No kidding. I appreciate it. I really do!
Честное слово, я очень это ценю, правда!
Шынында, мен мұны бағалаймын, рас айтам!


I guess he thought it was all right to do because it was only me that was in the room
Наверно, он думал, что это можно, потому что, кроме меня, никого тут не было.
Ол бәлкім бұл орынды деп ойлаған болар, себебі менен басқа ешкім болған жоқ.

Я.И.Рецкер антонимдік аударманы мазмұнды сақтап қалуға және мәтін контекстінен ауытқымаудың бірден-бір жолы деп атап кетеді.


Экспликация немесе бейнелеу арқылы аудару


Экспликация немесе бейнелеу арқылы аудару кезінде аудармаға ұсынылған сөз өзініңаударма тіліндегі эквивалнтімен емес, бейнелеуіш, яғни аудармаға берілген сөзді бейнелейтін сөздер арқылы беріледі. Бейнелеу арқылы берілген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын жоғалтпайды, тек қана өзге бейнелеуіш құралдар арқылы беріледі.
Мысалға алатын болсақ, Англияда ғана емес, сонымен қатар Францияда кең тараған Candle Auction деп аталатын дәстүр «шырақты, свечной» аукцион болып аударылуы мүмкін, алайда аударма кезінде, сөйлем ішінде кездескенде бұл сөз тіркесі өзгеше мағынаға ие болады.Бұл жылжымайтын мүлік аукционы деген мағынаны білдіреді. Яғни шырақтың жану мерзімі өте қысқа, сәтті қолданынып мүлікке ие болып қалу мағынасына ие сөз тіркесі. Бейнелеу арқылы аудару тәсілі көбінесе тұрақты сөз тіркестерін аударуда қолданылады.
Whistle stop speech-
Выступление кандидата в ходе предвыборной поездки
Бұл тәсілдің осал жағы ретінде көп сөздердің қолданылуын айтып кете аламаыз.
Экспликация немесе бейнелеу арқылы аудару бұл – лексикалық-грамматикалық трансформация, яғни аудармаға берілген сөз аударма кезінде аударма тіліндегі оның мағынасын экспликациялайтын лексикалық бірлікпен алмастырылады.

Компенсация


Аудармашылық трансформацияның тағы бір түрі компенсация жөніндегі толық мәлімет А.В.Федоровтың еңбектерінде ұсынылған.
А.В.Федоровтың еңбектерінде аудармашылық трансформациялардың бірі компенсация жөнінде былай делінген: « Аудармашылық практикада аударма кезінде тіптен аударуға қиын немесе мүлдем аударуға келмейтін, аударма тілінің әдеби нормаларына жатпайтын, аударылған кезде мәтін контекстін ашпайтын сөздер немесе сөз қатарлары кездеседі. Осындай қиын, яғни аударма принциптеріне қарама-қайшы сөздер кездескен кезде кез-келген аудармашы бұл сөздерді аудармауға, тастап кетуне барынша күш салады. Мұнымен іс бітті деп есептесеңіз қателескеніңіз, себебі бұл тастап кеткен сөз негізгі ақпаратты жеткізуші сөз болуы мүмкін. Әдетте дәл осындай жағдайларда компенсация тәсілі қолданылады. Компенсация тәсілін қолдану арқылы аудармашы аудармаға берілген сөздің тура аналогын таппаса да мағынасын барынша жеткізуге тырысады. Компенсация арқылы бір бүтін ұғымды бөлшек арқылы немасе осыған қарама-қайшы құбылыс бөлшек арқылы бүтін ұғымды жеткізуге болады».
Семантикалық трансформация эквивалентсіз лексиканың орнын толықтыру үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет