1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері



бет9/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Мақаш Айнұр

That kind of stuff. The old bull.
Словом, наворачивал как надо.


It’s awful.
Страшное дело.
Біз Л.С.Бархударов, В.Н.Комиссаров және Я.И.Рецкер ұсынған аудармашылық трансформациялардың үш түрін қарастырдық.
Біз грамматикалық трансформациялардың үш түрін ажыраттық, олар :
Сөзтудырушы трансформациялар
Морфологтялық трансформациялар
Синтактикалық трансформациялар

Сөз таптары деңгейіндегі трансформациялар категориялық-морфологиялық трансформациялар деп аталады, себебі сөз таптары морфологияның негізгі категорияларының бірі. Бұл трансформациялар түрі аударма кезінде кеңінен қолданылады. Олардың басты ерекшелігі олар аударма кезінде негізігі мәтіннің мазмұнын ең аз көлемде жоғалтады және модификацияларға жол бермейді.


Синтактикалық трансформациялар да мағынасы жағынан өте бейтарап болып келеді. Синтактикалық трансформациялар негізінде бір синтактикалық трансформацияның екінші бір синтактикалық трансформациямен алмастыруына негізделген. Сонымен қатар Л.К.Латышев трансформацияларды қарастырған кезде аударма процесі кезінде аудармаға берілген бір лексема аударма тілінің лексемаларымен емес, басқа контекстуалды эквиваленттермен алмастырылады. Аударма кезінде негізгі тілдің сөз тіркесі аударма тілінің эквиваленттерімен алмастырылады.
Осылайша лингвисттердің піірлерін саралай отыра грамматикалық трансформациялар аударма кезінде сөйлем құрылысын өзгертуге және сол аударылып отырған сөйлемдердің аударма тілінің тілдік нормаларына сай болуына негізделген деген пікірге келдік. Синтаксис деңгейіндегі трансформациялар синтактикалық трансформациялар болып аталады, олар:
- синтактикалық өзгертулер
- орын алмастырулар
- сөйлем мүшелерін алмастыру
- тура сөз тәртібінен кері сөз тәртібіне алмасу
- аударма кезінде баяндауыштарды алмастыру
- іс-әрекетті көрсетіп отырған конструкциялардың ырықсыз етіске өзгертілуі
- сөйлемді мүшелерге бөлу
- сөйлемдерді біріктіру
- синтактикалық байланыс түрінің өзгертілуі
- сөз қатарын азайту немесе сөйлемді толықтай аудармау
- қосу немесе сөз қатарын көбейту
Морфологиялық деңгейдегі трансформациялар :
сөз таптарын алмастыру
есімдіктің өзгеріске ұшырауы
сын есімнің зат есіммен немесе үстеулерге алмасуы
етістіктік мағынаға ие зат есімнің етістікпен алмастырылуы
сандық түрдің өзгеруі (жекеден көпшеге және керісінше)
шақтардық грамматикалық өзгеріске ұшырауы
сөзтудырушы трансформациялар

Әрі қарай жоғарыда айтылған грамматикалық трансформацияларды тереңірек қарастырсақ.


1.3 Синтактикалық трансформациялар және олардың түрлері. Сөйлем мүшелері құрамының өзгеруі


Синтактикалық трансформациялар дегеніміз – сөздердің және сөз тіркестерінің синтактикалық функцияларының өзгеруі.


Көркем әдебиет шығармаларындағы негізгі синтактикалық трансформациялардың түрлерін қарастырайық.

Сөйлем мүшелері құрамының өзгеруі


Сөйлем мүшелерін алмастыру сөйлемнің синтактикалық құрылысының толықтай өзгеруіне әкеледі. Аталған өзгерулер әсіресе сөз таптарын алмастырған кезде жүзеге асады. Сөйлемнің синтактикалық құрылысының өзгеруі сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін, әсіресе бастауышты алмастырғанда жүзеге асады. Ағылшын тілінен орыс тіліне аударған кезде көбінесе ағылшын тіліндегі бастауыш орыс тіліндегі бастауышқа қарағанда өзге қызметтерді атқарады деп көрсетіледі, ағылшын тіліндегі бастауыш іс-әрекетті орындаған объектті көрсетумен ғана шектелмейді. Мысалға :
іс-әрекетті орындаушы объектті көрсете алады (бастауыш толықтауышпен алмастырыла алады)
іс-әрекеттің орындалған уақытын көрсете алады (бастауыш уақыт пысықтауышымен алмастырыла алады)
іс-әрекеттің орындалған кеңістігін көрсете алады (бастауыш мекен пысықтауышымен алмастырыла алады)
іс-әрекеттің жасалу себебін көрсете алады (бастауыш себеп-салдар пысықтауышымен алмастырыла алады) және т.б.
Аударма кезінде көбінесе ағылшын тілінен аудару барысында ағылшын тілінің пассивті конструкцияларынің аударма тілінің активті констркуцияларымен алмастыру жиі кездеседі. Мысал ретінде ағылшын және орыс тілдерін салыстыратын болсақ аударма кезінде жоғарыда айтылғандай ағылшын тілінің пассивті конструкциясы орыс тілінің активті констркуциясы алмастырылады, осылайша ағылшын сөйлеміндегі бастауыш орыс тіліндегі сөйлемнің басында тұратын толықтауышқа сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі етістіктің пассивті формасы орыс тіліндегі етістіктің активті формасы алмастырылады. Мысалға :


He was met by his sister.
Его встретила сестра.

Осы сияқты, яғни пассив → актив көптеген лингвистикалық, ағылшын тілінің грамматикасы, ағылшын тілін меңгеру оқулықтарында жиі кездеседі. Аталмыш трансформациялар өзге синтактикалық трансформациялар сияқты кері бағытта да жүзеге аса береді. Орыс тіліне ағылшын тіліне аудару кезінде жоғарыда аталған трансформацияға қарама-қарсы актив→пассив трансформациясы қолданыла береді.


Сонымен қатар ағылшын тіліндегі сөйлемдерді орыс тіліне аударған кезде ағылшын тілі сөйлеміндегі бастауыш аударма кезінде орыс тілінің пысықтауышымен алмастырылады. Бұл трансформациялар ағылшын тіліндегі сөйлемнің бастауыш сөйлем басында тұрып, пысықауышқа тән белгілерді көрсетіп тұрған кезде қолданылады. Осындай жағдайларда орыс тіліне аудару кезінде ағылшын тілінің бастауышы орыс тілінің мекен пысықтауышымен алмастырылады :
After dinner they talked long and quietly.
После обеда у них был долгий, душевный разговор.

Орыс тілінің грамматикалық нормалары негізгі сөйлемнің структурасының сақталып қалуын қамтамасыз ете алады «После обеда они долго и душевно разговаривали», алайда стилистикалық жағынан қарастыратын болсақ жоғарыда көрсетілген аударма қолайлы болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет