1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


Сөйлемді актуалды жағынан бөлудің аударма кезінде өзгеруі



бет14/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мақаш Айнұр

1.3.7 Сөйлемді актуалды жағынан бөлудің аударма кезінде өзгеруі

Мәтін аудармаға берілген кезде оның негізгі мазмұны мен ақпаратының толықтай жеткізілуі аудармашылың аударма тілін жетік білуі мен кәсіби қабілеттері тікелей байланысты. Осыдан басқа ақпараттың аударма кезінде толықтай жеткізілуі үшін аудармашының аудармаға берілген сөйлемді коммуникатифті функциялары жағынан дұрыс бөлуіне, сөз тәртібін сақтауына, сөйлемнің актуалды жағынан бөлуінің аударма кезінде өзгеруіне тікелей байланысты. Аударма кезінде негізгі фактор болып сөз тәртібі, сөйлем мүшелері арасындағы коммуникативті байланыс болып табылады.


Әдеттегі сөз тәртібінің өзгеруі ағылшын тілінде, орыс және қазақ тілдерінде де көркем шығарманың ішінде берілген сөйлемдердің арасындағы позициялық жақындастықты, эмфазаны, ақпаратты жеткізу ритміне тікелей әсер етеді.Осындай мысалдар әсіресе көркем әдебиет үзінділерінде жиі кездеседі.
Фраза бастауыш инверсия орыс және ағылшын тілдерінде айтарлықтай эмфатикалық мүмкіншіліктерге ие.
Аударма кезінде фразабастауыш толықтауыштың сақталмауы жиі кездеседі, ал ағылшын тілінде сөйлемдегі сөз тәртібі белгілі бір жүйеге негізделген және де ол эмфазаның шарттарына бағынбайды :
But for this apparently he had no inclination.
... Но, по-видимому он не имел ни малейшей склонности к театру.
... Алайда, оның театрға еш қызушылығы болмаған сияқты.
Орыс тіліне аударған кезде сөйлем басындағы баяндауыштың инверсиясы сақталмайды. Орыс тіліндегі күрделі баяндауыш құрамындағы предикатты баяндауыш бөлігі орыс тіліндегі сөйлем соңының экспресивтілігіне байланысты сөйлем соңындағы позицияға ие болады. Мысалға :
Indulgent and severe was her look.
Взгляд ее был снисходителен и строг.
Оның көзқарасы суық және қатал еді.
What muga men are.
До чего же мужчины глупы.
Осы еркектер соншалықты ақымақ.
Сонымен қатар аударма кезінде күрделі сөйлем құрамындағы басыңқы және бағыныңқы сөйлемдердің орындарының өзгеруі жиі кездеседі.
Мысалы:
If he ever gets married, his own wife will probably call him “Ackley”.
Наверное, и жена будет звать его «Экли», если только он когда-нибудь женится.
Егер ол үйленетін болса, оның әйелі де оны «Экли» деп атайтын болар.
Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлемнен кейін басыңқы сөйлем, ал орыс тілінде керісінше қолданылады. Алайда бұл тәртіпке қарама-қайшы мысалдар да баршылық. Төменде көрсетілген мысалда басыңқы сөйлемнен бұрын бағыныңқы сөйлем қолданылып, ағылшын тіліне тән алмастырулар орыс тіліне тән ситактикалық байланысқа алмастырылады:
The silver saucer clattered when he replaced the pitcher.
Он быстро поставил кувшин, даже серебряная подставка звякнула.
Ол лезде құмыраны қоя салды, тіпті күміс табақтың сыңғыры естілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет