Компания негiзгi бәсекелестiк артықшылықтар келесi бағыттар бойынша алынады:
-
Бағасы – Hubbard ISA және ROSS 308 тұқымы өнiмдiлiгi жоғары құс түрi болып келедi. Компания қызметi қазiргi таңда осыған бағытталған.
-
Сапасы – компания өнiмi үнемi санитарлы – ветеринарлы талаптарға сәйкес тексерiлiп сертификацияланады.
-
Қорабы – қорабы-ең көп көңiл тауар сапасына және қораптық сыртқы келбетiне аударылады. Бiрiншiден, қорап сыртында тауар белгiсi қолданылады, бұл тұтынушы үшiн танымал және өнiмнiң жақсы сапасымен ассоциацияланады. Екiншiден, қорап (пакетте) тұтынушы үшiн өте ыңғайлы және берiк болып келедi. Сонымен қатар қорап сыртындағы бояуы өнiмге жұқпайтындай қылып етiлген. Бұдан басқа қорапта (пакетте)өнiмнiң сапасы мен оның тағамдық құндылығы туралы толық ақпарат жазылған.
-
Бройлер өндiрiсi процессiн ұйымдастыру, толық циклға негiзделген: инкубациялық жұмыртқа алудан бастап дайын өнiм алуға дейiн.
Өндiрiсте қолданылатын құрал жабдықтар 100 % ауыстырылған. Бұл жаңа технологиялық құрастырмалар есебiнен бройлердi өсiруге көмектеседi, ол құстың жарақат алуын төмендетiп және құрамажем мен ауыз суға үзiлiссiз қол жетерлiкке алып келедi және қосымша салмақ алуда негiзгi фактор болып келедi.
11 кесте - SWOT – талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
нарықтағы 6 жылғы тәжірибе
-
банктердің несие берудегі сенімі
-
жоғары профессионалды команданың болуы
-
салада брендттің танымал болуы
-
жекешелендіру мен тоқтап тұрған құс фабрикаларын қалпына келтірудегі жоғарғы тәжірибе
-
өндірістік құс өсіру бойынша білімділік
-
ҚР-ның Үкметі тарапынан ұйым стратегиясын саяси қолдау
| -
жобаларды жүзеге асыру үшін меншікті капиталдың жеткілікті болмауы
-
иелікке алған құс фабрикаларындағы негізгі қорлардың жоғарғы тозу деңгейі
-
ұйым брендінің халықаралық деңгейде айтарлықтай танымал болмауы
-
ТМД елдерінде саяси байланыстың жеткіліксіздігі.
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіпті тұстары
| -
ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанда «ұзақ» және «арзан» ақшаның болуы
-
ТМД елдеріндегі экономикалық өсу
-
ТМД елдеріндегі тұтыну секторының өсуі
-
жоғары рентабельді, өте ауқымды сала
-
тұтынушылардың отандық тауарларды көбірек тұтынуға бейімделуі
-
жергілікті шикізаттың болуы
-
өндірістік қуаттың болуы
| -
саяси тәуекелдер
-
заңдық реттеу
-
құс өнімдеріне импорттың жоғарылауы
-
негізгі өндірістік қорлардың тозуы
-
күшті бәсекелестердің пайда болуы
-
саладағы профессионалды кадрлар дефициті
|
Ал енді “Алматы Құс” АҚ ғы маркетингті ұйымдастыру мен оның өнімінің бәсекеге қабілеттігін қорытындылайтын болсақ, мұндағы маркетингпен айналысатын бөлім өз жұмысын жақсы атқарады. Өнім бәсекеге қабілетті деп қорытынды шығаруға болады.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары.
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.
Әлемдік нарықта қалыптасқан өнімді ұсыну мен оның сұранысына қатысты маркетингтік қағидалар қоғамның дамуына, тұтынушылардың талғамдарына, ұсыныстың артуына байланысты жаңа бағытта көрініс таба бастады. Негізгі үш қағидадан тұратын бұл бағыттың негізгі нысаны болып тұтыну нарығының қажеттілігін ескеру саналады:
1. Тұтынушыныңы қажеттілігін ескеру.
2. Өзгермелі сұранысқа тез икемделу.
3. Өндірістің тиімділігін арттыруда маркетинтік кешенділік сипатын ұстану.
Сонымен аталған бағыт кәсіпорынның тарапынан басқаруға келетін, нақты нарыққа тиісті жауап қайтара алатын, өзара тығыз байланысты жүйені құрайды. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру тетіктері сол өнімнің нақты нарықтағы тұтынушылардың талғамдарына сәйкестік деңгейімен айқындалады. Бұл шарт өнімнің бәсекелік деңгейін анықтауды қажет етеді. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау, ең алдымен, оның сапалық құрамына тәуелді (өңделу деңгейі, дәмі, пішіні, сақталу мерзімі, түсі және т.б.). Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Ішкі нарықтағы жұмыртқа өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай-ақ сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол өнімнің тартымдылық қасиеті. Оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарлауына кепіл болады.
Қазақстан Республикасында жұмыртқа және құс еті өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруда, осы сала кәсіпорындарында, жоғарыда аталған маркетингтің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жасайтын маркетинтік бөлімдер ұйымдастырылған жөн. Бұл кәсіпорындарда арнайы маркетингтік жүйені ұйымдастыру олардың нарықпен тығыз байланысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
-
Қазіргі кезде жұмыртқа өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға нарықтағы сұраныстың сипаты, оның сыйымдылығы, бәсекелестерінің мүмкіндіктері және бәсекелік саясаттары туралы толық мәліметтердің жетіспеушілігі байқалады.
Ұсынылатын жаңа өнімнің тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетингтік жүйелік саясаттың маңызды буынына жатады.
Өнімнің сұранысын қалыптастыруда ішкі нарықтағы тұтынушылар мен сыртық нарыққа шығу мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмаған жөн.
Отандық кәсіпорындардың өнімді өткізу саясатындағы ең бір әлсіз тұсы өнімді жарнамалау деңгейінің төменділігі. Көптеген тұтынушылардың отандық өнімдердің тұтынушылық сипаттарын жете білмегендігі олар туралы ақпараттың аздығы, осыған сәйкес танымалдылығы жоғары шетелдік өнімдерге сұраныстың қалыптасатыны сезілуде.
«Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі ұсыныстар.
. Біздің ойымызша қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін көтерудің шаралары келесідей:
-
Маркетингтік зерттеулердің негізінде бәсекеге қабілеттілік саласындағы жүйелі зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу.
-
Микродеңгейдегі маркетинг және менеджментті жақсарту. Маркетинг өндірістік шығындарды азайтуға бағытталуы керек.
-
Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі. Несие алуды жеңілдету.
-
Мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауарды жылжытуда ақпаратты қолдау. Нарықты, бәсекелестік деңгейін, шикізатты, материалдарды жеткізуде стратегиялық серіктестерді білу қажет.
-
ҚР-ң “Теріс пиғылды бәсекелестік” Заңының бұзушылығына жол бермеу.
-
Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейін көтеру мақсатында жекелеген тұтынутауар нарығын өндіруге инвесторлар тарту. Әлемге танымал тауарлық белгілерді иемденуге мемлекеттік көмек көрсету.
Осындай шараларды жүзеге асыру отандық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы орнын тұрақтандырады. Тауар және тұтыну нарығында сапалы отандық тауар өнімінің көбеюіне және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Ал енді жеке “Алатау” серіктестігінің маркетингтік қызметі мен бәсекеге қабілеттігін жетілдіру жолдарын қарастырып өтейік. “Алатау” серіктестігінің барлық кешендi маркетингiн қолдану тиiмдiлiк көрсекiтштерiн жақсартады және тұрақтандырады.
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң мәнiн тереңiрек критерилерiн және факторларына көңiл бөлейiк, бұл жерде критерии ретiнде өнiмнiң сапалық және сандық сипаттамасы түсiндiрiледi. Оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн негiзгi болып келетiн, ол фактор ретiнде – тiкелей, себебi бәсекеқабiлеттiлiк бiр немесе бiрнеше критерилерiнiң өзгеруi үшiн қажеттi және жеткiлiктi болуы. “Алатау” серіктестігінің тауарларының бәсекеқабiлеттiлiк критерилерiне мыналарды жатқызса болады:
- Сапа деңгейi және оның тұрақтылығы;
- Жаңашалдықтың деңгейi ;
- Имидж;
- Тұтыну бағасы;
Тұтынудағы жаңашылдық тауардың жаңалық дәрежесi ретiндегi тұтынушы позциясымен анықталады. Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Шетел тәжiрибесi көрсеткендей, бес жыл бойы бiр өнiм түрiн шығарып келетiн компаниялар және тұтынушылық жаңашылдыққа өнiм өндiрiсiн өткiзуiн дайындамағандықтан, бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. АҚШ фирмалары тауар-жаңалықтар есебiнен 30-50% пайда алады.
Ассортименттi тиiмдi жаңалаудың басты шарты құрастырылатын жаңалықтарға инвестиция және жаңашылдықты ендiрудiң нәтижесiнде тиiмдiлiк алынуы керек, ол – инновация. “Алатау” серіктестігі енгiзген жаңашылдығының бiрi құс етiн тiтiркендiргiш мұздату (метод шоковой замарожки). Бұның негiзiнде жұмсақ ет бола отырып, өзiнiң тұтынушылық көрсеткiштерiн жоғалтпайды. Бұл жоба арқылы нарықта пайда болатын жаңа құс етi (дәстүрлi түрге қарағанда тоңазытылғанан кейiн құс етi мұз мұз болып қалады) бұзылмайтын болып шығады.
“Алатау” серіктестігінің өнімінің өзіндік құны жұмыртқаға теңге, ал бір килограмм құс етіне теңге болып отыр. Жаңа техниканы енгізумен жұмыртқаға теңге данасына, ал құс еті үшін теңге бір килограммға жетуі мүмкін. Сәйксінше жаңа техниканы қолдану сапаға әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның барлық маркетингтік қызметі маркетинг тұжырымдамасының негізі болып келетін қағидаларына бағытталуы керек. Маңызды қағидалардың бірі болып икемділік қағидасы саналады. Кәсіпорын өнімінің оңды жылжыту үшін потенциалды клиенттермен және сауда делдалдарымен тұрақты және тиімді байланысып тұруы қажет. Бұл компания мен оның тұтынушыларын жақындатады.
-
Жарнаманың тиімділігін көтеру үшін кәсіпорынға ақпараттық толқын бағытталған халықтың ең жиі шоғырланған ортасын анықтау қажет және ақшаны қайда жұмсау дұрыс болатынын шешу керек .
Жалпы айтқанда , “Алатау” ЖШС-нің маркетинг қызметін жоғарылату үшін келесі шараларды қолдану қажет:
-
Тауар қозғалысының есебін үнемі жүргізу және көбірек сатылатын тауарды анықтап осының негізінде өнімге деген бағаны дифференциациялауға және нақты мен қатаң бағалар саясатынан бас тарту керек;
-
Сату және жылдам жеткізу арналарын жетілдіру (жаңа тоңазытқышы бар көлік құралдарының санын көбейту);
-
Тиімді жарнамалау жұмыстарын жүргізу, әсіресе көп шоғырланған халықтың тығыз қоныстанған жерлеріне (Оңт. Қазақстан аумақтары)
-
Маркетинг бөлімінің сыртқы нарықтардан келетін ақпаратты өңдеу жұмыстарын үйлестіру және соның негізінде бәсекелес ірі компаниялар туралы мәліметтер алу
Қорытынды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа - әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.
Тауардың сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.
Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамалар жасалып, тәжірибелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу тәртібімен танысу қарастырылды.
Қазіргі таңда біздің елімізде маркетингке жаңадан көп көңіл бөлініп келе жатыр. Себебі маркетингті жетілдіру арқылы өнімнің бәсекеқабілеттігіне қол жеткізуге болады. Бүгінде бәсекеге қабілетті өнім ғана сұранысқа ие болады. Маркетинг теориясының тәжірибесін зерттей келе мынандай қорытындыға келеміз: “Маркетинг дегеніміз – тұтынушылар сұранысының келісімі және оларды тиімді түрде қызмет атқару үшінкәсіпорынның табыс табу мүмкіндігіне негізделген өндірістік және өткізу қызмтін басқару жүйесі”.
Ал өнімге сұраныс болды деген сөз кәсіпорынның пайдасының ұлғаюына алып келеді. Мұндай жағдайда тек кәсіпорын басшыларына ғана емес, мемлекетке, халыққа өте пайдалы болып келеді. Көптеген кәсіпорындар нарыққа шығар алдында маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Ол нарықтағы бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
БСҰ-на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері деназардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын арттыру жолында бір-бірімен сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалды.
Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі.
Тәжірибе көрсеткендей, бизнестегі жетістіктер маркетинг қызметінің сапасына байланысты болады. Сондықтан, нарықта әрекет етуші кез келген кәсіпорын үшін маркетинг қызметін тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.
Аталған жағдайлар маркетинг мәселесінің теория және практикасын тереңірек зерттеу жолдарын ашуға тиісті. Маркетингтік мақсаттар мен стратегеялық бағдарламасы, сонымен қатар уақытты ескерумен байланысты екендігін ескерген жөн.
Нарықтық жағдайда қызметін жүргізетін кез келген ұйымға нөмірі бірініші мәселе – бұл өмірін сақтап қалу және үзіліссіз дамуын қамтамасыз ету. Ұйым күтіп отырған болашақта өзінің нарықтағы орны мен бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуында өзінің миссиясы мен стратегиялық мақсаттарын айқындап, оған жетуде стратегияны жүзеге асыру керек екендігі сөзсіз. Тәжірибе көрсеткедей көптеген кампаниялардың жабылуы немесе бәсекелестік күрсте жеңілуінің өз стратегиялық мақсаттарын айқындамағандықтан, тек ағымдық пайданы ойлағандықтан.
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз тауардың сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсәр етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:
- өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;
- қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;
- тұрақты болуы;
- өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;
- бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;
Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас - сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.
Осы орайда “Алатау” серіктестігінде маркетингтік қызметінің болашақтағы позициясы мен бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуда маңызы зор. Өзінің ішкі өндірістік мүмкіндіктерін, яғни техника мен технологияның сала аралық деңгейге көтеру, сату көлемін ұлғайту. “Алатау” серіктестігінің нарықтық жағдайының өндірістік экономикалық сипатын зерттеу нәтижесінде маркетинг қызметін кешенді пайдалану арқылы олардың жоғары әлеуетке ие болғаны анықталды. Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі бір кемшілік – маркетингтік қызмет негізінен жарнама және өткізу қызметі арқасында ғана жүзеге асырылады.
Шетелдік маркетинг жолдарын қазіргі Қазақстан экономикасына енгізуді қолға алған жөн. Оның арасындағы біздің мемлекеттік өндірісті, байланыс және ақпарат жүйелерінің ерекшіліктерін ескеру қажет. Сондықтан, еліміздің экономикасын нығайту жолында маркетингті кеңінен қолданып, дұрыс шешімдер қабылдауға тиіспіз.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалардың түрлі қиындықтарға кездесуінің субьективті себептері де мол. Реформа қалтарысы көп, зардабы мол үрес барасы болғандықтан түрлі қиындықтардың туындауы қалыпты құбылыс.
Уақыт - әділ қазы, көш – жүре түзеледі дегендей, дамушы елдердің бәріде өз реформаларын сәтті аяқтары хақ. Сол қатада Қазақстанның да аяғынан тік тұрып, саяси және экономикалық дербестігін толық қолына алып, өркениетті ел қатарына қосылатынына кәміл сенемін.
Пайдаланылған әдебиет көздері
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- : Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, Қауіпсіздігі және хал – ауқатының артуы Ел Президентінің Қазақстант халқына жролдауы.А : Юрист, г.
-
Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін.// Егемен Қазақстан наурыз.
-
ҚР “Бәсеке және монопольдік қызметті шектеу туралы” Заң .// Егемен Қазақстан, жыл , қаңтар.
-
ҚР “Тамақ өнімдері сапасы мен қауіпсіздігі туралы” Заң.// ҚР Парламентінің жаршысы, №.
-
ҚР “ стандарттау және сертифмкаттау туралы” Заңы //Егемен Қазақстан1993,17 қаңтар
-
Закон РК “ О недобросовестной конкуренции” // Азия – ЭЖ , июнь №.
-
Абрамова Г.П. Маркетинг : вопросы и ответы; М; Агропромиздат год.
-
Алтынбаев Б.А. Истаева А.А. Основы маркетинг Алматы, Экономика год.
-
Ассель.Г. Маркетинг :принципы и сратегия; М: Инфра – М год.
-
АзоевГ.Л. Конкуренция: сратегия анализ и практика. Москва Центр экономики и маркетинга. год.
-
АзоевГ.Л., Членков А.Т. Конкурентные приемушества фирмы. – ОАО “Типография”, год.
-
Баринов В.А. , Макаров Л.В. Основы маркетинга ;М: изд. РИОР, год.
-
Басовский Л.Е. Маркетиг: курс лекции; М: Инфра – М, год..
-
Березин И. Маркетинг и исследование рынка. М: Русская деловая литература, год.
-
Беляевский И.К. Маркетинговый анализ . М:Финансы и статистика
-
Джумагельдиева Т.Л. Конкуренция: иеория и механизм развития. Алматы год.
-
Голубков Е.П. Основы маркетинга. М: изд-во “Финпресс” год.
-
Генри.А. Мар
-
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. А: Экономика год.
-
Есімжанова С.Р. Маркетинг. Алматы, Экономика жыл.
-
Ильюшенко Е.В. Маркетинг на предприятии. М. “Экоперспектива” год.
-
ҚР Стасистикалық Агенттігінің жинақтары.
-
ҚР БСҰ кіруі. 2004 часть 2. Опредиление конкурентоспособности товаров.
-
Материалы международной конференций 18-20 мая 2005 Измаханова А.А. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары.
-
Мамыров Н.К.,СахановаА.,Ахметова Ш.,Брузатии Ш., Госудаоство и бизнес.Алматы, Экономика 1999 год.
-
Мамыров Н.К., Менеджмент и рынок: казахстанская модель.Қазақ энциклопедиясы, 1998 жыл7
-
Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері, Қазақ Университеті жыл.
-
Критерий и факторы конкурентоспособности продукций //Каз ЭУ хабаршысы 2003 № 9
-
Ковалев А.И., ПривалавВ.П. Анализ финансового состояния предприятия. М:Центр экономики и маркетинга.
-
Протасов В.Ф.Анализ деятельности предпиятия: производство, экономика, финансы, маркетинг.
Достарыңызбен бөлісу: |