1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Кәсіпорнынның шетелдік нарыққа шығу мақсаттарын



Pdf көрінісі
бет40/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

14.3. Кәсіпорнынның шетелдік нарыққа шығу мақсаттарын
анықтау
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген
шаруашылық
жүргізуші
субъект;
өндірістік-шаруашылық
қызметті
ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу
мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді,
жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы
мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде
және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын
заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген
мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін,
салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін
қалған пайданы иеленеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп
саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру
туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның
жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы,
банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған
мөрі болады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін
керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар,
жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды,
оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын
таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету
белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да
айрықша құқықтар кіреді [23].
15. Мемлекеттің жер қатынастарындағы рөлі
15.1 Жер қатынастарын реттеу тетігін сақтау
Жер қатынастары қоғамның экономикалық құрамын қалыптастыратын
өндірістік қатынастар жүйесінің негізгі бөлшегі болып табылады.
Жер меншігі, жер иелену және жер пайдалану формалары әрқашанда
олардың негізі ретінде болады.
Жер қатыннастары бүкіл өндірістік қатынастарымен және өндіргіш
күштерімен бірге дамиды. Мысалы, егіншілікте қуатты тракторлар мен
күрделі ауылшаруашылық техниканың қолданылуы өндірістік қатынастары
мен жер қатынастарын елеулі түрде өзгертіп жібереді. Бұндай жағдайда
өндірісті шоғырландыру, егіншілікте кооперацияны пайдалану, соған сабепті
жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің аудандарын ұлғайту
қажеттілігі туындайды. Осының нәтижесінде белгілі бір мөлшерде егіншілік
еңбегінің өнімділігі де арта түседі.


50
Жер шаруашылық құндылығының өсуіне, жер құқығының бірте-бірте
дамуына қарай межелеу қажеттілігі пайда болады, ал соңғысы уақыт өте бара
күрделі
жерге
орналастыру
шаралары
кешеніне
айналды.
Жер
қатынастарының күрделене түсуіне сәйкес, жерді экономикалық және
экологиялық
тұрғыдан
пайдалану
мақсатымен,
оларды
реттеуге
қолданылатын жерге орналастыру іс-қимылдары да сан алуан формаларына
ие болады
Жер қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлар арасында негізгі
орын алады., ол экономикалық қызметтің барлық аясында маңызды
функциялар орындайды. Ауылшаруашылығында жер өндіріс процесінің
басты бөлігі, ал басқа ортада – әлеуметтік қызметтің өндірістік және кеңістік
базисі [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет