1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Маркетингті басқару және халықаралық маркетинг



Pdf көрінісі
бет39/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

14. Маркетингті басқару және халықаралық маркетинг
14.1. Маркетингті басқару, жоспарлау және бақылау процестері
«Маркетинг» терминінің негізінде «нарық» десен сөзді білдіретін
«market» сөзі жатыр. Сондықтан маркетинг термині басқару философиясы,
нарық жағдайындағы басқару, нақты пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған процесс ретінде түсініледі.
Кең мағынада маркетинг – бұл индивидтер мен жекелеген топтардың
өнімді шығаруы мен алмасу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатындағы әлеуметтік - басқарушылық процесс. Бұл процесстің негізінде
келесі түсініктер жатыр: қажеттілік, сұраныс, өнім, айырбас, келісім, нарық.
Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін бір нәрсеге деген зәрулік. Егер
адам қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алмаса, онда ол оны
өзгертеді немесе қажеттілік деңгейін төмендетеді. Маркетингтің басты
мақсаты – қажеттілікті табу және оны қанағаттандыру.
Қазіргі кітапханалардың мамандары, бірінші кезекте директор,
меңгеруші және құрылымдық бөлімдерді басқарушылар – кітапханалық
менежерлер маркетингтің негізгі мәнін теоретикалық білуі және


48
кітапханалық-ақпараттық мекемені басқарудың нарықтық концепциясын
практикада қолдана білуі тиіс.
Классикалық интерпретацияда маркетинг жеткізіп беруші (өнімді,
қызметті) және сатып алушы (пайдаланушы) арасындағы қарым-қатынасты
оңтайлы жолмен шешуге бағытталған әрекетті ұсынады. Бұл қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған, профильді сұранысты қалыптастыратын
басқарудың жүйелі әдісі [20].
14.2. Агробизнесте маркетингтің шегін айыру
Нысанды
маркетингті
жоспарлау
табысқа
жеткен
көптеген
компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау
стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп
тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау
мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұ-
ғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана
маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық
компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан
оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате,
жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз
жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы
қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда
фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет
жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымды талқылануы керек.
Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін,
рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың
табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп,
оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
Маркетинг жоспары ― бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына
жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы
нысандандырылған құжат.
Ол – маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген
ұйымдарда маркетингтік жоспарлау жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің
бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге
асырылады.
Маркетингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімшелері,
стратегиялық шаруалық бөлімшелер /СШБ/, компания, өнім түрлері және
жеке өнім, жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша
жасалынады.
Маркетинг жоспарлары мынадай белгілер бойынша бөлінеді:
қамту арқылы;
іс-әрекет ету мерзімі;
мәнділігі;
әзірлеу әдістері;


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет