231
байланысты едәуір ұлғайтылады. Жерсеріктік бақылау сеанстарын жүргізу
процесінде аппаратураларды бақылау пунктіне жеткізуге байланысты
мәселелер де қарастырылады. Көптеген қазіргі заманғы геодезиялық
жерсеріктік қабылдағыштарды іс жүзінде кез келген көлікпен тасмалдауға
болады. Көлікке қойылатын негізгі талаптар – аппаратуралық комплекстің
бақылау пунктіне жеткізілуін қамтамасыз ету. Егер тасымалдау үшін
автомашина қолданылса, онда кейде жерсеріктік қабылдағыштарды
автокөлік аккумуляторларынан қоректендіру мүмкіндігі де қарастырылады.
Бұл кезде автошина тұрағы радиосигналдардың жер серігінен қабылдауына
бөгет жасамайтындай және көпжолдылық тудыруы мүмкін шағылыстырушы
беттің біреуі болмайтындай жолы ескеріледі.
Жерсеріктік аппаратураны бақылау пунктіне орналастыру мен оны
оларға даярлау кезінде:
антена блогын (немесе сенсорды) сәйкес жабдықтарға (штативке,
трегерге немесе ауыспалы мачтаға) орнату, оны геодезиялық маркамен дәл
центрлеу;
жеке блоктарды бір-бірімен сәйкес кабельдердің көмегімен қосу
және аппаратураны аккумуляторлық батареяға (қосу) бекіту;
қабылдағыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру;
осы станцияға қатысты ақпараттарды далалық бақылау
журналына жазу;
антенанны геодезиялық марканың үстінен орнату биіктігін
өлшеу және осы ақпараттарды клавиатура арқылы қабылдағыш жадына, дала
журналына енгізу;
қосымша параметрлерді (қажет жағдайда) өлшеу (антенаны
центрден тыс орнату элементтері, метеорологиялық деректер) шаралары
орындалады.
Даярлау жұмыстарын аяқтағаннан кейін оператор қабылдағыштың
жұмыс режимін іске асыруға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: