232
қабылдағыштарды
өлшеудің
толық автоматтаттандырылған режимі
қолданылатындықтан, оператор–бақылау функцияларын ғана орындайды.
Бұл кезде ол жүйелі түрде аккумулятор батареясының заряды мен есте
сақтау құрылғысындағы бос жадының болуын бақылайды. Сонымен қатар,
қажет жағдайда сыртқы ортаның (қатты найзағай, дауыл, т.б.) аппаратураға
әсерінің алдын алу, қорғау шараларын іске асырады. Бақылау сеансын
жүргізу процесінде оператор дисплей экра- нында қабылдағыштың қандай да
бір бұзылуы туралы ескертулерді қадағалауы тиіс (мысалы, аккумулятор
батареясының отыруы). Одан бөлек, ол далалық бақылау журналында
циклдердің өту жағдайлары мен олардың ұзақтығын, геометриялық
факторлардың жол бергісіз факторларын, басқа да радиобөгеттердің
болуынан, жұмыстағы үзілістерді, т.б. белгілеуі қажет.
Өлшеу процесінің қосымша бұзылуының пайда болуы, болмауы үшін
оператор сеансты жүргізген сәтте антеннаға өте жақын болмауы тиіс.
Өйткені ол жер серігінен түскен сигналдардың экрандалуына және
шағылуына алып келеді. Егер жазу құрылғысы толық толтырылған болса,
онда бақылаушы автоматты түрде бақылауды тіркеуді тоқтатады. Басқа есте
сақтау құрылғысын қосқанда, батареяны алмастырғанда, т.б. жағдайларда
технологиялық үзілістерді алдын ала жоспарлаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: