233
Сурет 32- NAVSTAR жер серігі
GPS жер серігі сигналдарының құралымы
Сурет 33 - GPS жер серігі сигналдарының құрылымы
АҚШ GPS-ті жаңаландырып көпшілікке пайдалану мақсатында L2
жилігіндегі жаңа L2C (Similar to CA Code on L1) кодын, сонымен қатар жаңа
үшінші L5 жилігін ұсынды. Қазіргі таңда үшінші буын-ның GPS-III –
навигация лық жүйе сіне талап күшей тілуде. Қазіргі жұмыс істеп тұрған жер
серігімен салыстырғанда, GPS-III жүйесі келесідей ерекшеленеді.
- жер серігінің жұмыс істеу мерзімі - 12-18 жыл;
- әрбір жер серігінің құны - 100-120 миллион долларды құрайды;
- екі жер серігін бір зымыранмен ұшырады;
- сигналдардың өтуіне келетін кедергіні төмендетіп, сигнал қарындылығы 20
дБ өсті;
- нүкте орнын қосымша шараларсыз анықтау дәлдігі 1 м-ді құрайды.
Аталмыш жүйеге объектіні іздеу, апат сигналдарын қабылдау, тарату
және қосымша байланыс қызметі қосылады. Осы орайда орбита
құралымының екі варианттағы артықшылығы мен кемшілігі қарастырылу
үстінде: 6 жазықтықтың әрқайсысында 4 жер серігі және 3 орбиталық
жазықтықта 7 жер серігі орналасады. GPS-III жер серігі 2030 жылға дейін
жұмыс істейді деген болжам бар
Достарыңызбен бөлісу: