234
4.2. Спутниктік жүйелерде қолданылатын өлшеу және есептеу әдістері.
Қабылдау-есептеу кешені – тұтынушы секторының негізін құрайды.
Бұл сектор пайдаланушыға бақылау пунктісінің орналасқан жері, дәл уақыт
көрсеткіші және қозғалатын обьектілерге қатысты – жылдамдық пен олардың
орнын ауыстыру бағыты жөніндегі ақпаратты алуға мүмкіндік беретін,
барлық құрамбөліктерді біріктіреді.
Қабылдау-есептеу кешенінің жұмыс істеу ерекшелігі оларды бөлуге
қабылданған пайдаланушы категориясына аса тәуелді. Жеке алғанда, қазіргі
уақытта пайдаланылатын GPS және ГЛОНАСС жүйелері өзінше екі мәнді
жүйе болып есептеледі. Яғни, оларды әскери де, азаматтық та тұтынушылар
пайдалануына бағытталған. Әскери тұтынушыларға арналған аппаратура
жұмысының сипатты ерекшелігі – бұл аппаратура әскери қызметті жүргізу
жағдайларында тез әрі сенімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл кезде бақылаудың
қозғалмайтын пункттерін ғана емес, сонымен қатар ұшу аппараттары, әртүрлі
жүзу құралдары мен жерүсті көліктері сияқты, қозғалатын обьектілердің де
орналасу орнын анықтау дәлдігін қамтамасыз етуі керек.
Жүйенің азаматтық пайдаланушылары екі негізгі топтарға бөлінеді.
Олардың біріншісі – осындай жүйедегі навигацияда, ал екіншісі – геодезияда
қолдануға бағытталған. ГЛОНАСС жүйесінің қазіргі заманғы күйі, оны кең
ауқымда геодезиялық есептерді шешуге мүмкіндік бермейтіндіктен, негізгі
геодезиялық қабылдау- есептеу кешендері GPS жүйесінің құрамына кіреді.
Қазіргі заманғы кешендердің, барлығының болашағы зор. ЖРНЖ-ді
пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады.
Геодезиялық қабылдау-есептеу кешенінің функциялары
Қабылдау-есептеу кешенін пайдаланушы қарамағында орналасқан
негізгі функцияларға [1,2]:
бақыланатын жер серіктерінен радиосигналдар қабылдау;
тіркелетін мәндердің анықталуын ұйымдастыру;
тікелей пунктте өлшеуден алынған нәтижелерді алдын ала өңдеу;
пайдаланушыға қажетті деректердің соңғы мәндерін алуға
мүмкіндік беретін камералды жағдайларда, «өңдеуден кейінгі өңдеуді»
жүргізу жатады.
Жоғарыда келтірілген функциялармен қатар, тұтынушы аппаратурасы
оған тиісті программалық қамтамасызданумен бірге, дала жағдайларында
бірқатар:
•
нақты
жер
серіктерінен
қабылданатын
радиосигналдар
селекциясы, яғни осы сигналдардың басқа, барлық жер серігі сигналдарынан
бөлінуі, аталған сигналды қармау (ұстау) және барлық бақылау сеансының
бойында оны тізбекті қадағалау;
•
қабылданған сигналдарды, тұтынушыға қажет деректерді
өлшеуге даярлау мақсатында, модульсіздеу (демодуляция) және декодтау;
•
жер серігінен берілетін навигациялық деректерді шифрлау;
•
барлық бақылау және далалық жағдайларда орындалатын өлшеу
процестерін ағымды басқару;
235
•
өлшеу нәтижелерін алдын ала өңдеу және оларды жадының сол
немесе басқа құрылғыларын пайдаланып, сақталуын ұйымдастыру;
•
барлық қабылдау кешенінің жұмыс қабілеттілігі жағдайын
бақылау қосалқы мәселелерді шешуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: