1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЛЕВИ-СТРОСС, Клод Леви-Стросс



Pdf көрінісі
бет118/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЛЕВИ-СТРОСС, Клод Леви-Стросс (1908–2009) — француз 
этнографы, социологы әрі культурологы, этнологияда 
структурализм мектебін құрушы, «инцест» теориясын 
(мемлекет және құқық теориясының бір бөлігі) құрушы, 
туыстасу жүйесін, мифология және фольклорды зерттеуші. 
Шығармалары: 
«Құрылымдық 
антропология» 
(1983), 
«Қайғылы тропикалар» (1975) және «Миф құрылымы» (1970) 
деп аталатын еңбектері бар. Оның міндеті - жалпы 
мәдениетті түсіну, батыстық өркениеттің дағдарысты күйін ұғыну, 
Шығыстың тәжірбиесіне қарап, дағдарыстан құтылу. Классикалық батыстың 
философиясы тіл, мифология, туыстық жүйесі сияқты мәдениеттің ең 
маңызды феномендерін ескерусіз қалдырып, негізінен сана мен адамның 
танымдық қызмет мәселелерін зерттеумен айналысқан. 
ЛЕОНТЬЕВ, Константин Николаевич Леонтьев (1831–
1891) – орыс діни философияның өкілі. Ол орыс өмірінің 
негативтік құбылыстарын, әсіресе капитализмді қатты 
сынады. Ол Европадан оқшауланып, ғасырлар бойы 
қалыптасқан православиелік-христиандық орталық құру 
керектігін айтты. К.Н.Леонтьев тарихи процесті адам 
өмірімен тығыз байланыстыра отырып, оны салыстырды. 


294 
ЛЕВКИПП, Левкипп Абдерский немесе Милетский 
(б.д.д.Vғ.) — гректен шыққан натурфилософ, атомистиканың 
негізін қалаушылардың бірі. Ол туралы философия 
тарихында, жалпы ғылым тарихында ешбір мәлімет 
сақталмаған. Дегенмен, дүниенің негізі – атомдар деп санап, 
философиялық материалистік мектептің негізін қалаған 
тұлға. 
ЛЕЙБНИЦ, Готфрид Вильгельм фон Лейбниц (1646–1716) 
— неміс философы, математик, өнертапқыш, филолог, 
тарихшы, 
психолог, 
заңгер-юрист, 
дипломат. 
Ол 
дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді ойлап 
тапты. Шығармалары: «Метафизика туралы ойлар», «Адам 
парасаты 
туралы 
жаңа 
тәжірбиелер», 
«Теодицея», 
«Монадология», т.б. Монада туралы ілім – Монадологияның 
негізін салды (монада гр.т.ауд – «бір», «тұтастық» деген сөзін білдіреді). 
Оның ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс классикалық философиясының 
қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар оның монадалардың әмбебаптық 
байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы, т.б. идеяларын әрі қарай 
дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық қағидаларды дүниеге 
әкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет