1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЛЕНИН, Владимир Ильич Ульянов



Pdf көрінісі
бет119/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЛЕНИН, Владимир Ильич Ульянов (1870–1924) — көрнекті 
ресейлік төңкерісшіл, шешен-оратор, философ, ленинизмнің 
негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті 
құрылтайшылардың бірі, РСФСР мен ССРО орнатушысы, 
Совет Үкіметін басқарушысы (1917ж. қарашаның 8 (қазанның 
26) бастап РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 
1922 желтоқсанның 30 бастап ССРО Халық Комиссарлары 
Кеңесінің 
төрағасы). 
Шығармалары: 
«Философиялық 
дәптерлер», «Материализм және эмпириокритицизм» және т.б. Ол 
капитализмге өту диалектикасын аша келіп, Ресейдің нақты жағдайларына 
сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті олар: 1-
буржуазиялық қарсылығын басу; 2 - азамат соғысы; 3 - ұсақ буржуазияны 
бейтараптандыру; 4 - буржуазиялық мамандары пайдалану; 5 - жаңа адамдар 
тәрбиелеу.
ЛЕССИНГ, Готхольд Эфраим Лессинг (1729–1781) — 
парасат және ағартушылықтың радикалды жақтаушысы
шіркеу догматикасына сыни көзбен қараушы, масон. Ол өз 
өмірінің соңында 1778ж. «Ақылды Натан» атты драма жазды, 
онда негізінен адамгершілік және дінаралық сенім жөнінде 
айтылады. Ағартушылық рационализмге деген сенімін 
сақтай отырып, Лессинг оны табиғат, тарих және өнермен 
ұштастыра білді. 


295 
ЛОКК, Джон Локк (1632–1704) — британдық педагог әрі 
философ, 
эмпиризм 
және 
либерализмнің 
өкілі. 
Сенсуализмнің тарауына атсалысушы (яғни, барлық 
білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады дейтін 
принциптің негізін салды). Шығармалары: «Ақыл-парасат 
туралы тәжірибие», «Төзімділік туралы хаттар», «Үкімет 
туралы екі трактат», «Түсінікті пайдалану туралы», «Сенім 
төзімділігі туралы хаттар», «Христианның парасаттылығы», «Мемлекеттік 
басқару туралы екі трактат», т.б. Таным концепциясын психологиялық 
теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына 
жол ашты. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде 
қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу 
(заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға 
бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет