СОФИСТЕРДІҢ АТАҚТЫ СОФИЗМДЕРІ — яғни, логикалық әдіс, тәсіл,
амалдары болды: бір қарағанда дұрыс пікір айтылған сияқты болып көрінеді,
ал қорытындыда қарсыласты әдейі шатастырып, жалған тұжырымға келу
әдісі. Софизмдердің тарихи түрлері көп: «Үйінді», «Әке», «Электра»,
«Күшік», «Тақырбас», «Мүйіз» т.б.
СОФИСТИКА — айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара
деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге
жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану үшін емес, тек қарсыласын
айтыста жеңу мақсат етіледі (Ежелгі Грекияда кең таралған).
СОЦИОЛОГИЗМ (СОЦИОЦЕНТРИЗМ) — қоғам, шынайы тарих,
мәдениет тек әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар методтарымен зерттелуі
керек дейтін ағым «Социологиялық имперализм».
СОЦИУМ (латынша – ортақ, бірлескен) — адамдардың біршама тұрақты
үлкен бірлестігі.
СХОЛАСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ (лат. «схоластика» – мектептік ілім) —
ортағасырлық философияның осы бір кезеңі Европа тарихында Рим
империясының күйреуінен бастап, Қайта жаңғыру дәуіріне дейінгі 600-700
жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа
елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия және т.б.) феодалдық қарым-
қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық
салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылық, қолжазбалар сақтау
ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік
қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой
күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күніне
айналған-ды.
СПИРИТИЗМ (латынш. – рух, жан) — деп жаратылыстан тыс дүниедегі
бейматериалдық рухтың тіршілігіне негізделген ежелгі мысыр нанымын,
бақилық адам жанының бар болуына сенуді айтады.
СТОХАОСТЫЛЫҚ (болжам, айтып едім ғой - дегендей) — процесс, оның
уақытта өзгеру сипатын алдын-ала дәл білу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |