1. банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың теориялық негіздері


Активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық көрсеткіштері



бет6/9
Дата25.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499830
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-БАНК-РЕЙТИНГІН-АНЫҚТАУДЫҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ЖОБАЛАУ

Активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық көрсеткіштері

CAMEL жүйесі бойынша
рейтингісі

1%- дан жоғары
0,75%- дан 1%- ға дейін
0,50%- дан 0,75%- ға дейін
0,25%- дан 0,50%- ға дейін
0,25%- дан төмен немесе шығындар

1.Тұрақты
2.Қанағаттанарлық
3.Орташа
4.Шекті
5.Қанағаттанарлықсыз

Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде есептелінеді:




Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда
Активтерің орташа құны
Өтімділігі. Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану мүмкін емес және CAMEL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспектор бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа алуы қажет:

  1. салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстырылуды(талап еткенге дейінгі депозиттер),

  2. активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады);

  3. банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық Банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады);

  4. банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.

Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға болады:



Берілген несиелер

Депозиттік салымдар
1)

Өтімді активтер

Салымдар
2)

CAMEL жүйесі бойынша өтімділікті талдаудың жалпы критерийлері:


1 – рейтинг (тұрақты). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемі жеткілікті. Банктің ішкі бақылау әдістері мен ақпаратты өңдеу жүйесі банк басшыларына сәйкес мәліметтерді беріп отырады. Банкте депозит түрінде несиелеудің үлкен көлемді көздері бар. Өтімділік деңгейі бойынша банктерді салыстырғанда бұл банктің өтімділік коэффиценті жоғары.
2 – рейтинг (қанағаттанарлық). Бұл рейтингтегі банктерде өтімділік деңгейінің төмендеуі мен қаражаттарына тәуелділігінің жоғары тенденциялары байқалады. Банкте депозит түрінде несиелеу көздерінің белгілі бір бөлігі ғана бар. Және тез арада қаржы қаражаттарын тартуды белгілі бір мүмкіндігі бар. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа деңгейден жоғары.
3 – рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктерде өтімді активтер көлемі жеткіліксіз. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа.
4 – рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемінің жеткіліксіздігінен өтімділік көрсеткіштері нашар. Яғни, өтімділік коэффициенті үнемі сақталмайды. Банк қарыз қаражаттарына тәуелді. Өтімділік көрсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда орташадан төмен.
5 – рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Банктің өтімділік көрсеткішінің өте нашар жағдайда болуы оның өмір сүруіне қауіп төндіреді. Өтімді активтердің жетіспеушілігі және өтімділік коэффициенттерінің үнемі сақталмауы байқалады. Мұндай банктерге тез арада реттеу шараларыфн қолдану керек.
Менеджмент. CAMEL аббревиатурасының жазылуында менеджмент үшінші компоненті болғанымен, менеджменттің талдауын басқа компоненттердің барлығын таладағаннан кейін жүргізеді. Өйткені менеджментті бағалау басқа 4 компанентке тікелей тәуелді болады және басқаруды бағалау CAMEL жүйесіндегі субъективті компонент болып табылады.
Капиталды активтердің сапасы, пайда мен өтімділікке қарағанда,басқару әдістерін бағалау үшін коэффициентті көрсеткіштерді қолдану мүмкін емес. Басқару әдістерін бағалау кезінде CAMEL жүйесі бойынша басқа 4 бағытының рейтингісін ескеру қажет.
Менеджментті талдау кезінде мынандай факторлар ескерілу қажет:

  • банктерге тексеру жүргізгенде, банк басшылығы өзінің техникалық біліктілігін, басқарушылық және әкімшілік қабілеттілігін көрсету қажет;

  • банк басшылығының экономикалық жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ банктік жүйенің өзгеруіне бейімделу қабілеті болу керек және Ұлттық Банк пен сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын орындауы керек;

  • банк басшылығы банк жұмысының ішкі тәртіптерін жасауға және оның орындалуына жауапты болуы керек;

  • банк басшылығы білікті басқаруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлкрді оқытып отыру қажет;

  • банк басшылығының кез келген заңсыз іс-әрекеттері айқындалған жағдайда, әсіресе банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға жеңілдікпен несие бергені үшін сыналуы керек.

CAMEL рейтинг жүйесі бойынша барлығы 5 компоненттің бағалануы жүргізіліп болған соң, жалпы банктің бағасын сипаттайтын банктің жинтық рейтингісін анықтайды.
Жиынтық рейтингісін есептеу үшін 5 компоненттің әрқайсысы бойынша баллдарды қосып, шыққан соманы 5-ке бөлеміз
Мысалы:
капитал жеткіліктілігі = 2
активтердің сапасы = 2
менеджмент = 3
табыстылық =3
өтімділік = 1

Барлық компоненттардің сомасы 11-ге тең болса, оны беске бөлеміз, нәтижесі – 2,2, оны бүтін санға айналдырсақ (7 - кесте), жиынтық рейтинг 2-ге тең немесе қанағаттанарлык болып табылады.


7- кесте Жиынтық рейтингтің мәндері



1-ден 1,4 дейін

1-ге айналдырылады және рейтинг тұрақты

1,5-тен 2,4 дейін

2-ге айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлық

2,5-тен 3,4 дейін

3-ге айналдырылады және рейтинг орташа

3,5-тен 4,4 дейін

4-ге айналдырылады және рейтинг шекті

4,5-тен 5,0 дейін

5-ге айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлықсыз

1 – рейтинг немесе тұрақты рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар тән:


- қаржы жағдайы барлық аспектілер бойынша сенімді;
- табылған кемшілікер айтарлықтай емес және оларды қызмет барысында түзетуге болады;
- банктің қаржылық жағдайы экономикада немесе банктік секторда болып жатқан мәселелер мне өзгерістерге қарағанда тұрақты.
2 – рейтинг немесе қанағаттанарлық рейтингісін алған банктерге мынадай жағдайлар тән:
- табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және олар банк басшылығымен түзелуі мүмкін;
- банктің қаржылық жағдайы өз деңгейінде тұрақты саналғанымен, банктің, экономикалық конъюктураның жағдайы мае банк секторының жұмысының өзгерісіне бейімделу қабілеті болуы керек;
- банктік қадағалау департементін мазасыздандыратын тексеру немесе есеп беруді талдау дарысында айқындалған мәселелер банк басшылығымен міндетті түрде шешілуі керек.
3 – рейтинг немесе орташа рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар:
- банк әлсіз, егер экономикада немесе банктік сектордағы жағдайлар қолайсыз жақтарға өзгерсе, онда банктің қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін;
- тез арада жіберілген қателіктерді түзету бойынша шаралар қолданбаса, банктік қаржылық жағдайы нашарлайды;
- банктің жағдайы банктік қадағалау департаментін ерекше мазасыздандырады.
4 – рейтинг немесе шекті рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар:
- қаржы қызметінде айтарлықтай кемшіліктер болады;
- жағдайының тұрақсыздық белгілері бар және ол қажетті түрде қалыпқа келтірілмеген;
- егер жағдайды түзету бойынша шаралар қолданбаса, жағдайдың асқынып кетуі, банктің болашақта өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін;
- банктің банкротқа ұшырау қаупі бар;
- банкті қадағалау департаменті жағынан қатаң қадағалау мен бақылауды қажет етеді.
Сондай-ақ мәселелер мен кемшіліктерді жоюға байланысты толық жоспардың болуын талап етіледі.
5 - рейтинг немесе қанағаттанарлықсыз рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар:
- жақын арада банкротқа ұшыраудың жоғары деңгейдегі мүмкіндігі бар;
- бірнеше қауіпті кемшіліктері бар, жағдайдың өте нашар болуы банктің акционерлері тарпынан немесе басқа да қаржы көздерінен жедел қаржылық көмекті қажет етеді;
- жағдайды түзету бойынша жедел шараларды қолданбаса және қаржылық көмек көсетімесе, күштеп таратуды қажет етеді.

1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері.


Қолдану облысы: өзінің банкінің ішкі жағдайының талдауы және банктердің қаржылық жағдайының дистанционды талдау – контрагенттері.Талдау келесі мәліметтерге негізделіп өндіріледі:



  • Баланс және баланстан тыс шоттар бөлімдері;

  • Кіріс және шығыс туралы есеп беру;

  • Нормативті мәні;

  • Нұсқау формалары «Қаржылық есеп туралы құрылым» ;

  • Банктің одан басқа есеп берулері.

Құрылым және есеп берудің дұрыстығын тексеруге арналған әдістемелер:

  • баланстың дұрыстығын тексеру және есеп берудің дұрыстығын тексеру;

  • міндетті резервті Фондына есептеу саласын депозиттеу.

Талдау өтімділігі және активтердің сапасымен әдістемелері:

  • Банктермен-контрагенттерге операцияларға лимиттер жиынтығының есептеу тәуекелділігі;

  • Сальдолық балансты талдау;

  • Айналым балансын талдау;

  • Активтер-пассивтерді мерзімі бойынша орналастыру-қатыстыру;

  • Тәуекел-өтімділік;

  • Коммерциялық банктің агрегирленген балансы;

  • Баланстан тыс шоттарды талдау.

Пайдалылықты талдау әдістері:

  • Орналастырылған құралдармен пайыздық ставка;

  • Тартылған құралдармен пайыздық ставка;

  • Банктің кіріс пен шығысының құрылымы;

  • Банктің пайдалылығының талдауы.

Банктің қаржылық жағдайын бағалау әдістері:

  • Баланстың дұрыстығын тексеру;

  • Банктердің санацияларының жоспары;

  • Құру және талдау;

  • Міндетті резервті Фондына есептеу сомасын депозиттеу;

  • Есептеу жағдайының оперативті бағалау;

  • Кредиттік ұйымның депозиттік операцияларының бағасына әдістамелік ұсынымы.

Банктер рейтингін құрастырудың әдістемесі (методикасы):

  • Банк сенімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесі (CAMEL);

  • Банк сенімділігінің рейтингі (В.С. Кромонова методикисының негізінде);

  • Банктің қаржылық жағдайының коэффициенттік экспресс-анализі (жедел-талдауы);

Эксперттік талдау жүйесі банкте қолданылатын автоматтандырылған банктік жүйесімен үйлесе (бірігіп) жұмыс істейді, бұл өз кезегінде:

  • айналым және сальдолық баланстың күнделікті талдау жүргізуіне. Сальдолық балансты талдау кезінде жүйе активтердің сапасын банктің өтімділігін және пайдалылығын сипаттайтын шоттардың агрегирленген аналитикалық топтарының қалдықтарын және коэффициенттерін санайды (бағалайды);

  • активтер мен пассивтердің орналастыру-тарту мерзімдерімен байланысты тепе-теңділігінің негізінде алынған ақпараттар бойынша GAP-талдау өткізу;

  • орналастырылған қаржы құралдарын пайдалылығы мен тартылған қаржы құралдардың шығын деңгейінің негізінде алынған ақпарат негізінде активтердің тиімділігін максималдау;

  • міндетті есептілік құруға мүмкіндік береді.

Стандартты есептіліктің басқа да түрлерін құрастыруға мүмкіндік беретін басқа да әдістер қосуға болады.
«Жиынтық кестелер» талдау құралы – жабдығы.
Жиынтық кестелер – арнайы бағдарламалау (программалау) тілдерін білмей – ақ , бір уақытта мәліметтерді бірнеше ақпарат көздерінен таңдап алып, қажетті ақпаратты құрылымдап құрастыруға мүмкіндік беретін арнайы мәліметтерді өңдеуге арналған аналитикалық құрал.Жиынтық кесте таңдап алынған нәтижені қалауыңызша өзгертуге болатын графикалық режимде көруге болады, бұл құралды интуитивті түсінікті және ыңғайлы етеді. Қолданушы өз қалауынша иерархия күйінде әрбір деңгейдің бөлшектенуі көрсетілген агрегирленген көрсеткіштерді құрып, мәліметтерді аналитикалық бағыт бойынша реттеп алуына болады. Осындай мәліметтер моделінің көмегімен қолданушылар күрделі сұраныстарды жасап, есеп беруді құрастыру, мәліметтердің ішкі жиынын алу.
Қосымша өнімдер (қызмет көрсет):

  • банктің қаржылық жағдайын тапсырыс арқылы тұрғызу (зерттеу);

  • тапсырыс бойынша қаржылық талдау жүйесін құру;

  • тапсырыс берушінің алгоритмі бойынша методологиялық қосымшалар құрастыру, сонымен қатар ТМД елдері мен таяу шет елдердің шот – жоспарына да байланысты;

  • тапсырыс бойынша қаржылық талдаудың нақты есептерін шешу үшін әдістерін құру;

  • таңдап алынған параметрлер бойынша банк рейтингін құру;

Банктердің несие рейтингінің рейтингтік шкаласы (шәкілі).
Рейтингтік класс арқылы банктің қаржылық жағдайы және өз тәуекелділіктерін басқару сапасы бірыңғай анықталады. Банктің сенімділік деңгейіне байланысты банктер 4 классқа бөлінеді: А, В, С және D. А, В, және С төлей алу көрсеткішіне, қаржылық тұрақтылығына және даму болжамына байланысты бірнеше класстарға бөлінеді. Нәтижесінде банкке келесі рейтинг меншіктелуі мүмкін (барлық класстар сенімділік деңгейінің төмендеу тәртібімен көрсетілген):
А++ класы
Позитивтік дамуы бар сенімділіктің жоғарғы деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк қаржылық міндеттерді қазіргі заманға сай орындайды, жоғарғы мүмкіндікпен қамтамасыз етеді. Орташа мерзімді дамуда нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық ыңғайсыз өзгерістерге қарамастан міндеттері жоғары мүмкіндікпен орындай алады.

А+ класы
Тұрақты дамуы бар сенімділіктің жорғарғы деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк барлық қаржылық міндеттерді ағымдағы сияқты, жұмыс барысында да туындайтындарды қазіргі заманға сай орындайды, жоғарғы мүмкіндікпен қамтамасыз етеді. Орташа мерзімді дамуда міндеттерді жоғарғы мүмкіндікпен орындау нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономиканың тұрақты жағдайында болуы мүмкін.


А класы
Сенімділіктің жоғарғы деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк барлық қаржылық міндеттерді ағымдағы сияқты, жұмыс барысында туындайтындарды да қазіргі заманға сай орындауды жоғарғы мүмкіндікпен қамтамасыз етеді: Орташа дамудағы белгілі бір төлемдерді талап ететін міндеттерді орындау белгілі молшерде нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты.
В++ класы
Позитивтік дамуы бар сенімділіктің тиімді деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк барлық ағымдағы қаржылық міндеттерді, сонымен қатар көлемі бойынша кішкентай және орташа жаңа міндеттерді, орындауды жоғарғы мүмкіндікпен қамтамасыз етеді. Белгілі бірдей уақтылық төлемдерді талап ететін міндеттер туындағанда қаржылық қиыншылықтар мүмкіндігі бар. Орташа дамуда банк міндеттерді орындау мүмкіндігін жоғарылату үшін нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық ыңғайсыз жағдайларда да потенциалы бар.
В+ класы
Тұрақты дамуындағы сенімділіктің тиімді деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк барлық ағымдағы қаржылық міндеттерді, сонымен қатар жұмыс барысында туындайтын көлемі бойынша кішкентай және орташа жаңа міндеттерді орындауды жоғары мүмкіндікпен қамтамасыз етеді. Белгілі төлемдерді талап ететін міндеттер туындағанда қаржылық қиыншылықтар мүмкіндігі бар. Орташа дамуда банк міндеттері орындау мүмкіндігін жоғарылату үшін, нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық тұрақтылық жағдайы болса, банк потенциалы болады.
В класы
Сенімділіктің тиімді деңгейі. Қысқа мерзімді дамуда банк барлық ағымдағы қаржылық міндеттерді, сонымен қатар жұмыс барысында туындайтын көлемі бойынша кішкентай және орташа жаңа міндеттерді орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ағымдағы қаржылық жағдай кезінде белгілі төлемдерді төлеуді талап ететін міндеттер туындаса қаржылық қиыншылықтар мүмкіндігі бар. Орташа дамудағыда міндеттерді орындау мүмкіндігі белгілі мөлшерде нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты.
С++ класы
Позитивтік дамудағы сенімділіктің төменгі деңгейі. Банк ағымдағы қаржылық міндеттерін қазіргі заманға сай орындалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында туындайтын банктің қаржылық міндеттерінің орындалмауының жеткілікті түрде жоғары мүмкіндігі бар. Орташа дамуда нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық тұрақтылық жағдайында банктің міндеттерін орындау мүмкіндігін арттыру үшін потенциалы болады.
С+ класы
Тұрақты дамудағы сенімділіктің төменгі деңгейі. Банк ағымдағы қаржылық міндеттерін қазіргі заманға сай орындалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында туындайтын банктің қаржылық міндеттерінің орындалмауының жеткілікті түрде жоғары мүмкіндігі бар. Орташа дамудағы міндеттерді орындау мүмкіндігі нарықтық көрсеткіштер мен макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты.
С класы
Сенімділіктің төменгі деңгейі. Банк ағымдағы қаржылық міндеттерін қазіргі заманға сай орындалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында туындайтын банктің қаржылық міндеттерінің орындалмауының жеткілікті түрде жоғары мүмкіндігі бар.
D класы
Сенімділіктің қанағаттандырылмаған деңгейі (банкротство). Банк ағымдағы қаржылық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алмайды немесе жұмыс барысында туындайтын қаржылық міндеттің орындалмауының жоғары мүмкіндігі бар.
Рейтингтік бағалау жүргізу нәтижесі бойынша рейтингтік банкке берілетін толық рейтингтік есеп құрылады. Рейтингтік бағалау нәтижелері тек қана олардың келісімімен және тек елшінің хаттай келісімімен кейін ғана жарияланады.
Fith Қазақстан бойынша рейтингтік болжамын «Позитивтік» өзгертті және бірқатар қазақстандық банктердің рейтинггін көбейтті. 21 желтоқсан 2006 ж. Fith Ratings (РДЭ) Қазақстан Республикасы эмитет дефолты рейтингі бойынша болжамы шетелдік және ұлттық валютада «Тұрақты» - дан «Позитивтік» - ке өзгереді.Қазақстанның РДЭ – сі шетелдік және ұлттық валютада «ВВВ» және «ВВВ+» деңгейіне сәйкес бекітілген. Сонымен қатар агент «ВВВ+» деңгейінде рейтингті және «F3» шетелдік валютада қысқа мерзімді рейтингті бекітті. «Соңғы уақытта Қазақстан таңқаларлық экономикалық көрсеткіштер көрсетті. 2000 жылдан 20005 жылға дейін экономика жылына орташа есеппен 10,3% өсті, ал тұрғындардың әрқайсысына ВВП көрсетілген аралықта доллар түрінде орнықты» - деп тәуелсіз рейтинг бойынша Fith сараптама тобының директоры Эндрю Кохун ескертті. Fith болжамы бойынша 2007 жылы экономикалық өсу қарқыны 9,5% құрайды. Жоғары дамуға елдің мұнай секторының тез дамуы әсер етеді. Мұнай өндіру көлемі 2001 – 2006 жылдармен салыстырғанда екі есеге 0,7 млн. барр. тәулігіне, 1,4 млн. барр. тәулігіне өскен.
Жақсы экономикалық көрсеткіштер мен жоғары мұнай кірістері позитивтік рейтингтік фактор ретінде шығуды жалғастыратын мемлекеттік қаржыға жақсы әсер етуі мүмкін. Мемлекеттік қарыздың ҚР – ң ВВП – сына қатынасы 2006 жылы ВВП рейтингіндегі мемлекеттер ішінде ең төмен және Fith рейтингтелетін барлық мемлекеттер ішінде бесінші ең аз 6,2% деңгейінде болады. Fith – тың күткені, капитал мен мұнай кірістері Қазақстан мұнай қоры мен валюталық резерві 2007 жылы соңына дейін 27 млрд. доллар деңгейіне дейін өсу мүмкіндігі (ВВП 38%) 2006 соңындағы 15 млрд. доллар мен салыстырғандағы.
Fith бұрынғысынша жоғары өсу көрсетіп отырған Қазақстанның экономикасының бастау мүмкіндігін білдіріп, тынымсыздық танытты. Билеушілер саясатты инфляцияның өсуіне қатысты анықталмаған болып қала береді және 2006 жылы инфляция қарқыны жоспарланған деңгейге сәйкес келмеуі мүмкін. Елдің банктік жүйесі көп мөлшерде несиелеудің өсуінің сыртқы қаржылық көздеріне сенеді. Банктік сектордың сыртқы қарызы 2006 жылы 06 айының соңына 20 млрд. доллар құрады. Банктер жылжымайтын мүлік секторын несиелеу көлемін үлғайтуды жалғастыра беруде. Соған қарамастан Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімді перспективасы қуантарлық болып қала береді, «Мұнай секторындағы Бум әліде бастапқы бөлімде тұр» - деп Кохун мырза атап өтті. – Мұнай өндіру көлемі тәулігіне 3,5 млн. барр. дейін көтерілуі мүмкін. Бұл 2015 жылға резерв пен мұнай қорының дамуына мүмкіндік береді. Қазақстанның ағымдағы дәлелденген артық мұнай қоры 40 млрд. барр. мөлшерде. Бұл осы деңгейде табысты 30 жылға дейін қамтамасыз ете алады. Алайда, өндірілген мұнайды нарыққа шығару үшін экспорттық күшіне инвестицияларды көбейту болады.
ҚР – сы рейтингі бойынша өзгерістен кейін Fith Ratings Қазақстандық 4 банк рейтингі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтікке» өзгертті. Басқа үш банк рейтингі бойынша (төменде көрсетілген) «Тұрақты» болжамы сақталған.
Қазақстан даму банкі («ҚДБ»):
Шетелдік және ұлттық валютада «Тұрақтыдан» «Позитивтікке» өзгереді. Банк шетелдік валютада «ВВВ» деңгейінде бекітілген, ал Ұлттық валютада «ВВВ+» деңгейінде. Басқа банк рейтингілері келесі деңгейлерде бекітілген: шетелдік валютада қысқа мерзімді рейтинг «F3», ұлттық валютада қысқа мерзімді рейтинг «F2» және қолдау рейтингі «F2».
Банк Туран Алем (БТА), Казкоммерцбанк (ККБ), Халық банк (Халық ), болжам бойынша шетелдік және ұлттық валютада «Тұрақтыдан» «Позитивтікке» өзгерді. Банктердің РДЭ – сі шетелдік валютада «ВВ+» деңгейінде бекітілген. Қалған валюталар жоғарыда көрсетілген үш банктің әрқайсысы келесі деңгейлерде бекітілген: ұлттық валютадағы РДЭ «ВВВ-» (ВВВ минус)/ «Тұрақты» болжамы, шетелдік валютада қысқа мерзімді рейтинг «В», ұлттық валютада қысқа мерзімді рейтинг «F3», қолдау көрсету рейтингі «3» және жеке рейтинг «С/D».
Банктер рейтингі келесі деңгейлерде бекітілген: шетелдік валютадағы РДЭ «ВВ-» (ВВ минус)/ «Тұрақты» болжамы, шетелдік валютада қысқа мерзімді рейтинг «В», қолдау көрсету рейтингі «3» және жеке рейтинг «D».
Осы төрт банктің рейтингі бойынша болжамды өзгертетін Қазақстан билеушілерінің осы банктерге қолдау көрсету бойынша мүмкіндіктерін болашақта жақсартатынын көрсетеді. Сонымен қатар банк тапсырмасы ұлттық экономиканы дамытуға септігін тигізу де Қазақстанның билеушілері жоғарғы деңгейде қолдау көрсетуге дайын. Қазақстан билеушілерінің банктерге қолдау көрсету мүмкіндігі есебімен тәуелсіз рейтинг деңгейі куәландырады. Fith – тың пікірі бойынша егер банк қолдау көрсету керек болса, онда оны жоғары мүмкіндікпен ұсынуға болады. Банкті құру мақсаты: инфроструктуралық және өндірістік проект бойынша орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру арқылы, сонымен қатар экспорт алдындағы несие иен гарантия беру арқылы ҚР – ның экономикалық дамуына септігін тигізу.
БТА, ККБ, және Халық Банк рейтингтері Fith – тің ҚР – билеушілерінің осы банктерге қажет жағдайда олардың елдегі банктік жүйеге қаншалықты маңыздылығын және нарықтың белгілі үлесін ескере отырып қолдау көрсетуге жоғарғы деңгейде дайындығы туралы пікірін көрсетеді. Fith – тің пікірі бойынша егер банк қолдау көрсету қажет болса, онда оны жоғары мүмкіндікпен ұсынуға долады. 2006 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша (банктік жүйенің активтер үлесі – 21%, 22%) БТА мен ККБ ең ірі банктер, ал Халық жеке тұлғалардың көп мөлшерде салымдарына ие болды. Сонымен бірге Fith – тің ескертуімен жоғарыдағы банктер қолдау көрсету потенциалы «ВВВ-» (ВВВ минус) деңгейімен шектеледі. Осы себепті «Позитивтік» болжам ұлттық валютадағы РДЭ бойынша емес шетелдік валютадағы банктің РДЭ – сі бойынша берілді.Альянс, АТФБанк және БЦК рейтингтері Fith –тің ҚР – билеушілерінің осы банктерге қажет болған жағдайда олардың белгілі нарықтағы үлесін ескере отырып, қолдау көрсетуге дайындығы туралы пікірін көрсетеді. Сонымен бірге Fith – тің ескертуімен осы банктерге қолдау көрсетуге билеушілердің дайындығы туралы агенттің ағымдағы пікірінің есебімен қолдау көрсетуді жоғарылату потенциалы «ВВ-» (ВВ минус) деңгейімен шектеледі.
Сонымен қатар Fith –тің айтуынша Альянс, АТФБанк және БЦК нарықтағы өздерінің үлестерін 2006 жыл бойына өсіруді жалғастыра берген. Оның үстіне, ағымдағы өсу қарқыны есебімен Альянс Халықты елдің үшінші ірі банк ретінде алдын орауы мүмкін, ал 2007 жылы Қазақстан банктері арасында активтер көлемі бойынша үшінші орынға шығады. Қазіргі уақытта Fith нарықтағы ең көп салалық үлес алатын үш банктің қолдау көрсетілуінің арасындағы белгілі айырмашылықты есептеуде. Үш банк: БТА, ККБ және Халық Банк.

1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар.


Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Ұлттық банк, Үкімет және де қарапайым халық үшін банктің рейтингін талдаудың маңызы өте зор. Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып кеткенімдей оған Ұлттық банк басшылық етеді. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың бірі болып отыр. Банктің рейтингін жариялау тек оның таза жұмыс істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен екендігін білдіріп қоймай, банк елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де танымал бола бастайды. Оның өзі банктің басқа елдерде филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне тікелей қатысты.
Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтығырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдерінің ара-қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірек болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпарат жүйесінің құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Есептер комплексі – белгілі бір қасиетіне қарай топталған есеп жиынтығы.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:

  • жоғары алгоритмдеу;

  • иерархиялық, яғни ішкі жүйелеріне, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;

  • шешімнің бір қалыптығы;

  • шешімге белгілі бір уақыттың болуы;

  • типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;

  • жүйенің шығу-кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі.

1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар


Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.


Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Ақпараттық ресурс – бұл апараттың әр түрлi формаларының (деректердiң, мәлiметтердiң, фактiлердiң, құжаттардың, есеп берулердiң және т.с.с.), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестерi алдында маңызды басымдылық беретiн ақпараттық техникалар жиынтығы.

1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар


Математикалық жабдықтау – бұл есептеуiш техникаларын қолданылатын есептердi шешу мен ақпараттарды өңдеуге арналған математикалық әдiстердiң, моделъдердiң және алгоритмдердiң жиынтығы.


Қазiргi таңда әрбiр дербес компъютердiң өзiнiң математикалық жабдықтау жүйесi бар. Оның құрамына машинаның ақауларын тексеруге және туындаған ақауларды iздеу арналған тестер мен бақылау есептерiнен; қарапайым функцияларды есептеуге арналған стандартты программалар жинағынан және математикалық есептеудiң әр түрлi әдiстерiн жүзеге асыруға арналған программалардан; пайдаланушы интерфейсiн жасауға арналған қызметтiк программалар мен программалық- қоршамдар жинағынан тұрады.

1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар


Лингвистикалық жабдықтау – бұл тiл құралдарынң, ғылыми-техникалық терминдердiң және ақпаратты автоматтандырылан өңдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мен адамның ақпараттың техникалық құралдарымен тiлдесуiн жеңiлдетету үшiн пайдаланылатын табиғи тiлдi формалъдау ережелернiң жиынтығы.


Лингвистiк жабдықтаудың тiл құралдары екiге бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншi бөлiмге жататындар: математикалық және табиғи тiлдер, алгоритмдiк тiлдер және алгоритмдер мен блок-сызба тiлдерi. Екiншi бөлiмге ақпараттық тiлдер, деректер базасының тiлдерi, ақпаратты iздеу тiлдерi және т.б. жатады. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.
Программалау тiлiн таңдаудың мақсаттылығы сервистiк программа құралдарының болуымен, осындай программалар пакетiнiң басқа да қолданбалы программалар пакетiмен оңай байланыстырылуы және программаларды құру мен жөндеудiң қарапайымдылығымен қамтамасыз етiлуi қажет.

1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:







Түрі

Көрсеткіші, мәні

1

Компьютердің қуаттылығы

2400 Ггц

2

Жедел жадының көлемі

512 Мб

3

Қатты жадының көлемі

40 Гб

4

Дисковод

Қажет

5

CD – ROM

Қажет

6

Микропроцессор

Pentium (R) 4 CPU

7

Модем

қажет емес

8

Файлдық жүйесі

NTFS

9

Монитор түс беру сапасы

32 бит

10

Монитордың экрандық рұқсаттамасы

1152 нүкте 864 нүктеге

11

Видеокарта

128 Мб

1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар


Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.


Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.
Арнайы ПЖ-ға әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:





1

Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы

Microsoft 2000, NT, XP

2

Офистік бағдарламасы

Office 2002

3

Қолданбалы программалық ортасы

Delphi 7 программалық ортасы

4

МББЖ

Paradox, Oracle

5

Көмекші программалар

Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар

Программалық жабдықтау қамтамасыз етуi қажет:



  • пайдаланушыларды регламенттiк және сұранысты-жауап беру режимдерiнде қызмет көрсету;

  • функционалдық есептердi шешу;

  • өзара байланысқан есептердi шешудiң кезектiлiгiн басқару;

  • ақпараттың сақталуын және оның жаңылысудан кейiн қалпына келтiрiлуiн;

  • деректермен жұмыс iстеу мен жеткiзiлудiң қарапайымдылығын және сенiмдiлiгiн;

  • пайдаланушыдан келiп түсетiн ақпаратты бақылауды;

  • ақпаратты қорғауды, ЭЕМ-ге тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауға рұқсат берудi;

  • қажет болған жағдайда кешеннiң жекелеген есептерiн шешуге мүмкiндiк берудi.

1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар


Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.


Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтауБанк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:

  • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;

  • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;

  • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;

  • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;

  • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

    • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;

    • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;

    • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;

    • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;

    • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;

    • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
Машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:

  • Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;

  • Сыныптау және кодтау;

  • Нормативті-анықтамалық құжаттар.

Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.

Ішкі жабдықтау – Жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар


Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.


Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

  • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;

  • типтік жобалар шешімі;

  • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;

  • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

Екініші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері Үкіметте қабылданған қаулылар, заңнамалар, актілер және т.б. заңнамалық құжаттар арқылы рейтингті немесе басқа сөзбен айтқанда қаржылық сенімділігінен тексерістен өтіп отырады. Төменде сол қабылданған заңдардың біреуі келтірілген.
2001 жылы 1 желтоқсан.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік тапсыратын екінші деңгейдегі банкілердің және басқа тұлғалардың валюталары мен қорлар атауларының мемлекеттік біліктемелерін пайдалану туралы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік тапсырған кезде елде, валюталар мен қорлар атауларын:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік тапсыратын екінші деңгейдегі банкілер менбасқа тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептілік тапсыру кезінде Қазақстан Республикасының ГК РК 06 ИСО 3166.1 – 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік аумақтық бөлімшелерінің кодтары.

1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы


Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді және негізгі құралдарды анықтайды.


Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Концептуалдық схема























Ақпараттық база

Математикалық жабдықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет