1. банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың теориялық негіздері



бет2/9
Дата25.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499830
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-БАНК-РЕЙТИНГІН-АНЫҚТАУДЫҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ЖОБАЛАУ

Глава 1 ҚР дамуы жаңа шаруашылық принциптерге және сапалы жаңа деңгей қарым-қатынасқа өту, экономиканың барлық салаларының интенсивті түрде дамуына жұмыс істеткізеді сонымен бірге нарық экономикасының ең ңегізгі құрылымдарының бірі-банк жүйесін дамытуды қажет етеді.


Банк ісінің пайда болуы мен дамуы капиталмен байланысты. Жеке меншік пайда болуы, тауар-ақша қатынасының дамуымен қоғамдық мүлік теңсіздігі күшейді.Жағдайы жақсы топ өкілдері жағдайы нашарларға қарызға ақша беруге мүмкіндіктері туды. Капитал дамуы тығыз түрде банк дамуымен байланысты. Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге негізделген.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың негіздері бөлімінде банктік қадағалаудың мәні мен әдістері, рейтингтік бағалау, талдаудың әдістемелері көрсетілген.
Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы көрсетілген.
Үшінші бөлімінде банктер жағдайының көрсеткіштері арқылы рейтингісін құрастыру көрсетілген.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар көрсетілген.

1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері


Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.


Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл – қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі механизмі 1-суреттегі тәртіппен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет