1 – рейтинг (тұрақты). Мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтердің саны аз, несиенің нашар орналастырылуына қарсы тұру үшін ішкі бақылау жүйесі мен басқару механизмдері жеткілікті банктер.
Бұл рейтингтегі банктердің диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы керек.
2 – рейтинг(қанағаттанарлық).1 – рейтингке жатқызылған банктерге қарағанда, бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтерінің мөлшері үлкен болады, бірақ проблемалы активтердің көлемі орташа, ал жалпы активтердің сапасы қанағаттандырарлық болады.
Несие саясаты мен ішкі бақылау жүйесінің саясаты жалпыға сәйкес деп бағаланады, сондай-ақ кез келген айқындалған шығындарды жұмыс тәртібінде түзетуге болады.
Бұл рейтингтегі банктердің де диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы керек.
3 – рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген жене жіктелінген активтердің көлемінің жоғары болып келуі қауіп төндіреді. Жалпы жіктелінген активтердің деңгейі әзірше банктің капитализациялануын қажет етпейді, бірақ жағдайдың нашарлап кету мүмкіндігі бар. Мұндай банктер берілген несиелердің қайтарылуын талап етуді жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген.
Банктің жағдайын жақсарту үшін бақылау әдістерін жетілдіру қажет.
4 – рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемі шығынды және активтердің сапасы нашар деп бағаланады. Жағдайды түзетуге байланысты жедел түрде шаралар қолданбаса, проблемалы активтердің деңгейі мен ауыртпалығы – болашақта банктің төлем қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай банктердің несиелерді басқаруы нашар, несие саясаты мен ішкі бақылау механизмі әлсіз болады және басқару мен иемдену мәселелері бойынша заңсыз іс - әрекеттердің де болуы мүмкін. Бұл банктердің несиелік портфелі банкпен ерекше қатынастағы тұлғалардың белгілі бір санымен ғана шектеледі.
Банктер мен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындалмауын сипаттайды.
5 – рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемінің нашар жағдайы және банктің төлем қабілеттілігіне нақты қауіп туғызады.
Сауықтыру бойынша бірнеше механизмдерді іске қосып және ағымдағы шығындары қысқартуға байланысты жақын арада шаралар қолданбаса, банктің банккротқа ұшырау қаупі бар.
Табыстылық. Табыстылық пен рентабельдік банк жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Табыстылықты талдауда ең алдымен мынандай факторларды ескеру қажет:
банкте уақыт сайын өзінің құнын жоғалтатын активтердің (құралдар, негізгі құралдар) амортизациялау тәжірибесі бар ма?
салық бойынша қарыздың есептелуі дұрыс жүргізіле ме?
Салықты төлегеннен кейін акционерлерге дивиденд түрінде төленген сомалардың есеп баптарында көрсетілуін тексеру.
Өйткені дивиденд түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банк пайдасының көп бөлігін аз капиталын көбейтуге жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде сақталмағандығын көрсетеді.
Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMEL жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі. Пайдалылықты талдау мынадай принциптерге сүйенеді.(6 - кесте).
6 - кесте Пайдалылықты сапасын бағалау принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |