1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж. 2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”. 3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-компьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93. 4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж. 5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж. 6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж. 7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж. 8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”. 9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж. 9. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.
Қазақстанның Банкілік жүйесі: 2006 ж Бірінші жартыжылдық
Қазақстан банкілерінің есеп берілуінің бірінші және екінші үлгілерінің (формаларының) деректері қолданылған 2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Банкілік жүйесінің зерттелуінің жалғасы. Біз бұл есеп берудің 2006 жылғы 1 қаңтарының көрсеткіштерін, 2006 жылдың 1 шілдесіндегі Банкілердің есеп берулерінің көрсеткіштерін салыстырдық.
Біз рейтингілерге қалай келдік? Ең алдымен, біздің ресейдегі түйінді көрсеткіштер бойынша рейтинг құрудан жеткілікі тәжірибеміз бар. Бұл өнім мамандар арасында да сонымен қатар ******** арасында қажеттілікке ие. Рейтингілер несімен қызық? Ең алдымен қаржылық көрсеткіштер бойынша ранжирлеуге негізделген рейтингтер, нарықтың толық көрінісін берумен, сонымен қатар банк секторының қандай да бір сегментінде әрбір жеке банктің орнын анықтауымен қызық. Ал динамиканың болуы банкідегі болып жатқан жалпы нарық динамикасына қатысты және басқа да рейтингке қатысушылардың қаржылық көрсеткіштер динамикасына қатысты өзгерістерді көрсетіп беруге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелеріне көшеміз. Ең алдымен бастапқы деректер туралы. Біз Қазақстан банкілерінің сауалнамасын жүргіздік, онда Қазақстан банкілік секторының 01.07.2006 жылғы даму динамикасының сараптамасы үшін есеп беруді жіберуді сұрадық. 2006 жылдың 1 қаңтарының деректері бізде алдыңғы сауалнама нәтижесінен бар болатын. Нәтижесінде біз республикада жеке-бөлшек операцияларында мамандандырылған 25 Қазақстан банкілерінің жұмыс материалдарын алдық.
Жеке – бөлшек операциялары бұрынғы Одақ аумағында жоғарғы екпінімен дамуда. Жеке бөлшек бизнесінің дамуының негізі болып, жеке-бөлшек клиентіне бағдарланған банкілік өнімдер ұсынысы табылады. Ресей мен Қазақстанда шетелдің еншілес банкілерінің көптігін алға тарта отырып, бұл банкілердің банкілік өнімдері іске асыру кезінде батыс технологиясын белсенді алға тартатынын пайымдауға болады. Іс жүзінде өнімдердің технологиялылығының көтерілуін көріп отырмыз, дәлірек айтқанда ол шоттарды дистанциялық басқару, шот арқылы шоттармен операциялар және кредиттеу, халықаралық және ішкі төлем жүйесі. Осының бәрі жаңа клиенттерді тартуға және бұрынғы клиенттерден ақша ағымын көбейтуге ықпалын тигізеді, себебі бұл технологиялар ағымдағы, есептегі, депозиттік, брокерлік, кредиттік және т.б. шоттарға жету процестерін едәуір жеңілдетеді. Алайда, әзірге ресейде де, Қазақстанда да клиенттердің қаржылық сауаттылығының жоқтығынан тұтынушылар шектеулі. Клиент үшін жеке-бөлшек банкілердің ерекшелігіне қарай клиенттер үшін есеп беру жағынан өте тиімді. Басқаша айтқанда жеке-бөлшек банкілер қызметі әрқашан «көз алдыңда» - банкоматтар, бөлімшелер, жаңа өнімдер мен технологиялардың жарнамалары, осылардың бәрі клиенттің күнделікті өмірін қоршап тұр және «Кеңес» адамы үшін өте маңызды позитивті имидж құрып тұр.
«Жеке-бөлшек» банкілеріне ораламыз. Зерттеуге қатысқан банкілер саны 2005 жылғы зерттеулер нәтижесімен салыстырғанда өзгерген жоқ, бұрынғыша 25. Қаржылық есепті көптеген Қазақстан банкілері жібергенін ескере отырыпы, алынған банкілердің іріктемесін репрезентативті деп және ол Қазақстан банкілік секторының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы беталысының басым бөлігін айқындайды деп есептейміз. Біз екінші реттік шоттар бойынша банкілік баланс агрегациясының өз әдістемелерін қолданған жақпыз. Біз Халықаралық стандарттар мен Қазақстан Ұлттық Банк талаптарына сәйкес агрегацияларды пайдаландық. Алынған нәтижелер кесте түрінде безендіріліп, оқушы назарына ұсынылды.
Тағы бір айта кететін жағдай, кейбір көрсеткіштер мен коэфициенттер атауы Ұлттық банктің және экономикалық нормативтерді пайдалану кезінде қолданылатын терминдермен дәл-келуі мүмкін. Біздің коэфициенттер-бұл бөлек көрсеткіштердің қатынасы, оның үстіне бұның мағыналық мәні бар. Мысалы, капиталдың жетімділігін бағалау кезінде біз «капиталдың активке қатынасының» көрсеткішін пайдаланамыз. Міне осы көрсеткішті кестеде көрсетіп бердік. Тағы да бір маңызды сәт бар, біз соған көңіл аудартқымыз келеді. Соңғы үш кестеде біз 2006 жылдың 1 шілдесіндегі Ресей банкінің қаржылық көрсеткішінің кейбір аналогиясын өткіздік. Бұл салыстырулар үш агрегацияланған көрсеткіштер мәні бойынша өткізілді. «Активтер», «капитал» және «займдар» (кредиттер). Нәтижелері туралы артынан айтылады, ал әзірге кестелердегі үйлеспеушілік Ресейлік бухгалтерлік есеппен МСФО бойынша есеп тәртібіндегі айырмашылықтан Ресей банкілерінің көрсеткіштерінің мәні Қазақстан банкілерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда біршама жоғары болуы мүмкін. ROE және ROA коэфициенттері банктердің пайдасының капитал мен соңғы есеп беру күнінің активіне қатынасы ретінде жеңілдетілген әдістеме бойынша есептелді. Есеп берудің халықаралық стандарттары бір жылдағы активтердің орташа мәніне қатыстыруды қарастырады. Алайда айта кететін жағдай бұндай есеп егер салыстыру бір күнтізбелік жылда өтсе мысалы 01.01.2005 -01.01.2004 жылдар сонда ғана дәлірек болады. Біздің жағдайда екі жартыжылдық даталар салыстырылады, сондықтан активтердің орташа көрсеткішінің мәніне мезгілдік фактор әсерін тигізеді. Ал, 2005 жылдың кірісі орташа жартыжылдыққа келтірілген.
Тағы бір шарт – теңгемен рубльден АҚШ долларына аударып есептеу 2005 жылдың 1 шілдесіне мынадай курспен жүргізіледі. АҚШ-тың 1 доллары 118,41 теңге (Қазақстанның Ұлттық банкінің дерегі); АҚШ-тың 1 доллары 26-94 рубль (Ресейдің ЦБ дерегі).
Енді түсіндірме алғысөзден кейін кестелерге қараймыз.
Қазақстан банктерінің жиынтық активтері жарты жылда 21,4 пайызға өсті. 4535 млрд. теңгеден (38,3 млрд. АҚШ) 5507 млрд. теңгеге (46,5 млрд. АҚШ) дейін. Салыстыру үшін Ресей банктерінің жиынтық активтері 2006 жылдың 1 шілдесіне 400,8 млрд. АҚШ құрды. Активтердің ең жоғары өсуі «АБН АМРО Қазақстан банкінде» тіркелді. Бұл банктердің активтері 01.01.06 жылы 01.07.06 жылы аралығында екі есеге өсті. Активтердің өсуі бұл банктердің, «актив мөлшері бойынша» энкингдегі орнын 13-тен 10-шы тұғырға өзгертуіне мүмкіндік берді. Ал 2006 жылдың 1 шілдесіне активтерінің бойынша ең ірі банк болып КазКоммерцбанк болып табылады. Біз зерттеп отырған банктердің жиынтық активтеріндегі бұл банктің үлесі жарты жылдықта 26,3 пайыздан 21,6 пайызға дейін қысқарды, бұл кезде Ресейдің ең ірі Сбербанк Россий банкі 2006 жылдың 1 шілдесінде 27,9 пайыз болған еді. Алайда Қазақстан банктік секторында тағы бір ірі банк бар ол активтері бойынша екінші орын алатын – Тұран Алем банкі. Бұл банкілер арасындағы ажырау өте болмашы ғана. Тұран Алем банкінің активтерінің өсуі Қазақстанның бірінші банкі активтерінің өсу динамикасынан өліп келеді. 1 шілдеде олардың активтерінің мәндері бір-бірімен тең түсті десе де болады, бұл дегеніміз Қазақстанда жалғыз ірі банктің монополизмі жоқ деген сөз, бірақ үлесіне нарықтың 40 пайызынан астамы келетін екеуі бар. Активтерінің мөлшері бойынша Ресейлік банктермен салыстыру кестесінде екі Қазақстанның ірі банктері сәйкес 6 және 7 орында.
Қазақстан банктерінің капитализациясы 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында 2006 жылдың басымен салыстырғанда 20,6 пайызға өсті, 444,5 млрд. теңгеден (3,7 млрд. АҚШ) 535,8 млрд. теңгеге (4,5 млрд. АҚШ). Ресейдегі банкілік сектор капитализациясы 2006 жылдың 1 шілдесіне 45,6 млрд. АҚШ құрады.
2006 жылдың бірінші жартыжылдығында капиталдың 1,7 есе ең үлкен өсімі «Валют-Транзит Банкі» АҚ – да тіркелді. Сол аралықта «Темірбанк» АҚ-ның капиталы 22 пайызға қысқарды. Екі ірі банктің үлесіне Қазақстанның барлық банкілік жүйесінің капиталдауының 50,4 пайыз келеді. Ресейде жағдай басқаша. Онда екі ірі банктің үлесіне жиынтық капиталдың тек 22,8 пайыз келеді.
Барлық Қазақстандық банктер түсімділіктің жақсы көрсеткіштерін, береді. Олардың ішінде он бірі 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 млрд. теңгеден астам пайда тапты.
Қазақстан банктерін ресейдегі әріптестері сияқты несие беруді белсенді жүргізуде. Қазақстан банктері активтерінің ең үлкен өсуі, клиенттерге ұсынылған займдар портфельдерінің өсуімен шарттас. Активтер құрылымында несиелер үлесі 40 пайыздан 70 пайыз аралығында толқып тұрады. Рейтингте алдыңғы тұғырларды Казкомерцбанк пен Тұран Алем банкі иеленді. Ал үшінші орында бұрынғысынша Қазақстанның Халық банкі Ресей банктері арасында займдар мөлшері бойынша бұл банктер 6,7 және 14 орындарды иеленер еді.
«Экспертпен» алдын-ала қабылданған Қазақстан банкілерінің рейтингтік сараптамасы банктік жүйенің жоғары деңгейде топталуын және олардың озаттарынан жедел өсуде екенін айқындап берді.
Берілген жарияланымда, біз, Қазақстан Республикасы банктерін арнайы шолу жобасын бастаймыз. Банк нарығындағы түйінді беталыстар мен маңызды оқиғаларды жүйелі түрде қадағалап, сараптап отырамыз сонымен қатар, Қазақстан банктері қызметінің маңызды көрсеткіштерінің рейтингтік кестесін дайындаймыз.
Бізде Ресей банктік бизнесінің түйінді көрсеткіштері бойынша рейтингтер құрудан жеткілікті тәжірибеміз бар. «Эксперттің» алғашқы банктік рейтингі 1996 жылы жасалды. Бұл өнім мамандар арасында да, банк, компания клиенттері мен жеке тұлғалар арасында да қажетті қолданысқа ие. Рейтингтер несімен қызық? Рейтингтер, ең алдымен, қаржылық көрсеткіштер бойынша саралауға негәізделген, қызығы сол, ол нарықтың тұтас көрінісіп және банк секторы сегментіндегі жеке банктің орнын көрсетіп береді.
Ал динамиканың болуы, нарық динамикасының банкпен салыстырғандағы өзгерісін айқындауға және басқа рейтингке қатысушылардың қаржылық көрсеткіштер динамикасының
Өз тәжірибемізді біз Қазақстандағы банк секторында рейтингтер құруға бағыттауды шештік. Біздің көзқарасымыз бірнеше себеппен қызық болады деп үміттенеміз. Біріншіден, бұл Қазақстанның банк саласына сырттан, тәуелсіз көзқарас. Екіншіден, бұл ресей банктерімен салыстырмалы статистика. Қазақстан мен Ресейдің қаржылық нарығына қарсы өктемдік кезеңінде біздің рейтинг дер кезінде іске асады.
Қазірдің өзінде, ресей нарығына көптеген қазақстан банктері тікелей немесе дәнекершілер арқылы келгенін ашық айтуға болады. Ресей нарығындағы қазақстан капиталының үлесі өсе береді. Ресей банктері де қазақстанның қаржы нарығына қызығушылық танытуда.
Сонымен, біздің зерттеулер нені көрсетті, Қазақстан банктерінің жиынтық активтері 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 22 пайызға, 1598 млрд. теңгеден (11,8 млрд. АҚШ) 1952 млрд. теңгеге (14,4 млрд. АҚШ) дейін өсті. Салыстыру үшін: ресей банктерінің жиынтық активтері 2004 жылдың 1 шілдесіне 212,3 млрд. долларды құрады. Ең үлкен өсу Қазақстанның индустриалды банкінде тіркелді. Бұл банктің активтері бірінші жартыжылдыққа 1,57 есе өсті. Бұл банк рейтингте активтер мөлшері бойынша 19-шы тұғырдан көрінді.
2004 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның ең ірі банкі казкоммерцбанк болды. Біз зерттеп отырған банктердің жиынтық активтерінің ішіндегі бұл банктің үлесі 25 пайыз, ал ресейдің ең ірі банкі – Сбербанк России үлесі 29 пайыз болды. Алайда, қазақстанның банктік секторында тағы бір ірі банк бар, ол активтері бойынша екінші орында – ол Тұран Әлем банкі. Бұл екі банк арасындағы айырма үлкен емес.
Ресейде екінші ірі банк жоқ болып шықты, себебі бірінші Сбербанк активтері екінші Внешторгбанк активтерінен 5,7 есе жоғары. Ресей банкілерімен салыстыру кестесінде актив мөлшерлері бойынша қазақстанның екі ірі банкі сәйкес 6-шы және 9-шы тұғырларды иеленеді. Осылайша, Қазақстанда алғаш рет үш банк нарықтың шамамен 63 пайызына келеді, осы кезде Ресейде тек 39 пайыз. Бұл Қазақстанның банк жүйесі, қаражат көзі көптеген банктер арасында ******* Ресейге қарағанда көбірек шоғырланған.
Қазақстан банктерінің капиталға айналуы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 19,6 пайызға, 168 млрд. теңгеден (1,2 млрд. АҚШ) 201 млрд. теңгеге (1,5 млрд. АҚШ) өсті. Ресейдің банк секторының капиталға айналуы 2004 жылдың 1 шілдесінде 29,4 млрд. долларда құрады.
Ең үлкен капитал өсімі 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,7 есе АТФ Банкінде тіркелді. Бірінші жартыжылдықта «темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталы 7,8 пайызға өсті. Қазақстанның үш ірі банкінің үлесіне Қазақстанның барлық банк жүйесінің капиталға айналуының 57 пайыз келеді. Ресейде жағдай басқаша. Онда үш ірі банк үлесіне жиынтық капиталдың 31 пайыз келеді.
Тек жалғыз ғана қазақстандық банк 2004 жылдың бірінші жартыжылдығын шығынмен аяқтады. Қалған банктердің пайда көрсеткіштері жақсы. Ал, оның ішінде бесеуі бірінші жартыжылдықта 1 млрд-тан астам пайда тапты. Ресейлік әріптестер сияқты Қазақстан банктері белсенді несие беруде. Активтер құрылымында несие үлесі 40 пайыздан 70 пайызға дейінгі аралықта ауытқиды Рейтингте Казкоммерцбанк пен ТұранАлем алдыңғы тұғырды иеленеді. Үшінші орында Қазақстан Халық банкі. Ресей банктері арасында бұл банктер заем көлемі бойынша сәйкес 6-шы, 9-шы және 14-ші орындарды иеленер еді. Барынша қызықты көрсеткіш болып «Банкаралық позиция» көрсеткіші табылады, ол банкте орналасқан қаржылар мен есеп беру күніне банктен тартылған қаржылар арасындағы айырмашылық ретінде саналады. Бұл 2004 жылдың 1 шілдедегі жағдай. Ресейдің осыған ұқсас көрсеткіштерінен айырмашылығы Қазақстан банктеріне қолданылған мәндер, шетел банктері тарапынан, сонымен қатар мақсатты қаржыландыру мен синдикаттауға батыстық банк-серіктестердің қатысуы артылған сенімнің дәрежесін көрсетеді. Сондықтанда тізімнің соңғы жағында еліміздің ірі банктері Қазақстан Халық банкі мен ТұранАлем банкі тұр.
Рейтинг деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар.
Позитивті:
бұрынғыша қолайлы макроэкономикалық жағдайлар және өсудің болашағы барынша жақсы, алайда әрі қарай жетілдіруді талап ететін банк қызметін реттеу принциптері;
банк қызметінің әртараптандыруды өсіру - әсіресе жеке-бөлшек қызметін дамыту бағытында;
міндеттерін атқару мерзімін созуға мүмкіндік беретін, ірі банктердің халықаралық капитал нарықтарына қол жеткізе алу;
бизнес өсуінің бірқалыптылығынан тәуелді болса да, барынша жеткілікті банктердің пайда тапқыштығы.
Негативті:
Шикізат тауарлар бағасының ауытқуларына және сыртқы сілкіністерге сезімтал кішігірім әрі жақсы күші шоғырланған экономика;
Айқындықтың жетіспеушілігіне байланысты қатерлер және жекеменшік құрылымының жоғары топтасуы;
Активтердің тез өсуінен болған банк капиталына қысым;
Несие берудің едәуір өсуі-несиелердің қайтарылуы экономикалық және саяси стрестық жағдайларда, экономиканың құлдырау кезеңіне тексеруден өтпеген.
Ресурстық қор мен несиелік портфельдердің жоғары топтасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |