1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


билет Эукариот клеткасы мен прокариот клеткасының айырмашылықтарына анықтама беріңіз



бет25/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
шпор цитооо

11 билет
Эукариот клеткасы мен прокариот клеткасының айырмашылықтарына анықтама беріңіз.
1)Жасушадағы ядроға байланысты ағзаларды 2 топқа бөлеміз: эукариоттар және прокариоттар. Эукариоттар – ядросы толық қалыптасқан ағзалар. Прокариоттар – ядросы қалыптаспаған немесе ядросы жоқ ағзалар.
Эукариот жасушаның негізгі үш құрамбөлігі:

- Жасуша қабықшасы;


- Цитоплазма;
- Ядро.

Прокариот жасушасының құрылысы:


- Жасуша қабықшасы;


- Цитоплазма;
- Бір сақиналы ДНҚ;
- Рибосома.
Эукариот жасуша құрамбөліктерінің негізгі қызметі:

- Рибосомалар – нәруыздарды синтездейді;


- Жасуша орталығы – микротүтікшелерден тұратын және хромосомаларды жас жасушаларға бөлетін бөліну ұршығын түзеді;
- Эндоплазмалық тор – жасуша ішінде заттарды тасымалдайды, нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды синтездейді;
- Гольджи кешені – липидтер мен көмірсуларды синтездейді;
- Лизосомалар – асқорыту вакуольдері;
- Митохондриялар – энергия көзі;
- Пластидтер – хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар;
- Ядро – көптеген жасушалардың міндетті бөлігі.
Бактерия жасушасының құрылысы:

- 3 қабаттан тұрады: капсула, жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана;


- Цитоплазма;
- Рибосома;
- Плазмида;
- Нуклеоид;
- Пили – кішкене өсінділер;
- Бактерия талшығы – қозғалысты қамтамасыз етеді.
Пластидтер – классификациясы, құрылысы, химиялық құрамы. Фотосинтездегі
пластидтердің рөліне түсінік беріңіз
2) Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, тузейтін) — эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар.
Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер (хлоропласттар) сары-ашық қызыл және қызыл (хромопласттар) және түссіз (лейкопласттар) болып ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас шығу тегі бар.[1] Пластидтер бір түрден екінші түрге ауыса алады.

Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады:


С02+6Н20=С 6Н1206+602
Хлоропластардың кұрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен де көптеген ерекшеліктері де бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді, оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4 мкм. Хлоропластардың саны әр өсімдікте әр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10—30 шамасында. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың ішіне орналаскан стромалардың ламеллаларын құрайтын және тилакоидтардың құрамына кіретін мембраналарды байқауға болады

Строманың ламеллаларын құрайтын мембраналар Жалпақ қапшықтар тәрізді: олар хлоропластардың ішкі мембранасымен тығыз байланысып, бір- біріне параллель орналасады.


16-сурет. Пластидтердің кұрылысы.


Жалпақ, жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге дейін тилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара мембраналар арқылы байланыскан. Хлорофилл осы граналарда шоғырланғандықтан, мұнда фотосинтез процесі жүреді.


Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және рибосомалар орналасады. Хлоропластардың рибосомалары ақуыз синтезін жүзеге асырады.


Хромопластар (хромо… және грек. plastos − сомдалған) − ішкі құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент − каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер белокты-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл түрінде болады. Хромопластарда қос мембрана болады, олардың көмегімен цитоплазмадан ажырайды. Хромопластардың биологиялық маңызы зор, мұның құрамында биологиялық белсенді заттар − май ыдыратқыш D, E, K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады. Хромопластар көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан түзілген клеткаішілік тұрақты органоид) түзілуі мүмкін. Хромопластар айқас тозаңданатын өсімдіктердің жәндіктер арқылы тозаңдануын, жемістерінің құс арқылы таралуын жеңілдетеді.


Лейкопластар (гр. leukos− ақ және plastos − жасалған) − өсімдік жасушасындағы түрлі пішіндегі, (шар тәріздес, сопақ, эллипса тәріздес және т.б.), түссіз пластидтер. Көптеген жағдайларда күн сәулесінен қалтарыста жатқан ағзаларда, тамырда, түпте, тамырсабақтарда, тұқымда, сирек жарықтандырылатын өсімдіктерде кездеседі. Лейкопластар қабықшасы екі мембранадан тұрады. Лейкопластың ДНҚ-сы, рибосомы, сонымен қатар қордағы заттардың синтезделуін және гидролизделуін жүргізетін ферменттері бар. Лейкопласттардың физиологиялық орыны, органикалық заттарды синтездеу. Қайталанған крахмалды синтездеуші және жинақтаушы Лейкопластар амилопласт деп, майларды синтездеуші, элайопласт деп, белоктар, протеинопласт деп аталады.
3.Эпителийлі шекаралық ұлпалар жүйесі. Шығу тегі, морфологиясы мен қызметіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет