1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Плазмолемманың құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз



бет24/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
шпор цитооо

Плазмолемманың құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз.
Жасушаның сыртқы қабаты (плазматикалық) оны сыртқы ортадан бөліп тұрады, ал ішкі мембраналар көпіршік түрінде келіп, өзінің құрамындағы заттарды цитоплазмадан ажыратады. Жасуша цитоплазмасындағы мембраналар қуыстар, түтікшелер немесе көпіршіктер жасап, өздерінің ішіндегі заттарды гиалоплазмадан бөліп, күрделі тор құрайды. Мұндай мембраналарға митохондрия, пластидтер, эндоплазмалық торлардың мембраналары жатады.
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестеринге бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалыңдығы 3—4 мм-дей болады.
Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты әр түрлі өсінділер болады.
Бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен қызметіне түсінік беріңіз.
Бұлшық ет ұлпасы-организмнің қозғалысы мен ішкі органдардың жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпа. Бұлшық ет ұлпаларына бірыңғай салалы, көлденең салалы, жүрек бұлшық ет ұлпалары және оның мамандалған түрлері-сүт, сілекей, тер бездерін қоршаушы миоэпителийлік клеткалар, көздің цилиарлық денесі мен қарашығының мускулатурасы жатады. Организмдегі орналасуына қарай бұлшық ет ұлпасын висцеральдік (ішкі органдардың) және сомалық (дене) бұлшық еттер деп ажыратады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан ішкі органдардың-қан тамырларының, ас қорыту жолының диафрагма астыңдағы бөлігінің, тыныс жолдарының, несеп-жыныс органдарының бұлшық ет қабаты түзілген. Бұлшық еттің бұл түрі мезенхимадан дамиды. Бірыңғай салалы деп аталуы оның талшықтарында көлденең жолақтың болмауына байланысты. Жиырылу біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы- бірыңғай салалы миоцит. Клетка мағынасында «талшық» деген термин де колданылады. Пішіні ұршықтәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан. Жеке клеткалар сирек кездеседі, әдетте олар жуандығы түрліше шоғырлар құрайды. Шоғырларда және олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер ұлпасының жіңішке қабаты болады. Коллагендік және эластиндік талшықтар бұлшық ет клеткаларын байланыстыратын қаңқа құрайды. Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді. Бұлшық ет клеткасы миолемма деп аталатын қабықшамен қапталған. Ол сыртқы жағынан базальдық мембранамен (пластинкамен) қоршалған. Клетканы қоршаушы базальдық пластинка механикалық функциямен бірге клетканың гомеостазын сақтауда манызды роль атқарады. Жуандығы 7 нм жіңішке және диаметрі 17 нм жуан миофиламенттердің (микрофилламенттердін) болатыны да байқалды. Жіңішке миофиламенттерді актиндік, ал жуанын-миозиндік деп атайды. Жіңішке миофиламенттің
құрамында актиннен баска тағы да екі белок болады-тропомиозин мен тропонин. Бұл екі белок Са2+ иондары болмағанда актин мен миозиннің өзара әрекеттесуін бәсеңдетеді.
Көлденең салалы бұлшық ет
Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы, қаңқа еті, немесе сомалық (дене) еті деп те аталады. Шығу тегі біркелкі болмайды, әдетте миотомдардан дамиды, бірақ оның кейбір учаскелері мезенхимадан, тіпті нейромезенхимадан дамуы да мүмкін. Бұлшық еттің бұл түрінің құрылымдық элементі клетка емес, симпласт болып саналатын көп ядролы талшық. Талшықтың пішіні цилиндр тәрізді, ұзындығы 1-ден 40 мм дейін, ал жуандығы 0,1 мм жетеді. Көлденең салалы бұлшық ет талшықтары плазмалеммамен шектелген. Оның сыртқы бетінде базальдік мембрана мен коллагендік талшықтардың жұқа қабаты болады. Осы құрылымды сарколемма (гректің саркос-ет, лемма- қабықша) деп атайды, талшығының цитоплазмасын саркоплазма дейді. Ядросының пішіні таяқша тәрізді. Жүрек еті (миокард) вентральдық мезодерманың висцералдық жапырақшасынан дамиды. Жүректің негізгі
массасын құрайды, бірақ оның белгілі мөлшері өкпе және жоғарғы қуыс веналардың қабырғасында да болады. Жүрек етінің құрылымдық функциялық бірлігі жүрек бұлшық ет клеткасы-кардиомиоцит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бірімен бірі жалғасып жататын бұлшық ет талшықтарынан тұратын симпласт деп санаған. Электрондык микроскоп жүрек ет талшықтарының ұштарымен жалғасқан жеке клеткалардан тұратынын анықтады. Жүрек еті өзінің жиырылғыш элементтерінің құрылымы жағынан көлденең салалы бұлшық етке ұқсас. Соңғылардікі сияқты бұлардың миофибриллалары көлденең сызылған. Сонымен бірге жүрек етінің құрылысында өзіне тән ерекшеліктер де бар. Оның бірі бұлшық ет талшығында көлденең орналасқан «аралық жолақ» деп аталатын ерекше құрылымның болуы. Электрондық микроскоп «аралық дискілердің» жүрек ет клеткаларының шекарасына сәйкес келетінін көрсетті. Жүрек еті көлденең жолақты болғанмен, оның жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Жүрек етінде митохондриялар көп болады. Саркоплазмасында митохондриялардың арасында гликогеннің гранулалары жиі кездеседі. Митохондриялар мен гликоген, Гольджи қапшықтары мен липид тамшылары саркоплазмада ядроның полюстарында орналасқан.
Жүрек етін плазмалеммадан басқа базальдық мембрана қаптап тұрады. Клеткалар қатарларының арасында дәнекер ұлпасының қабатшалары мен көптеген қан капиллярлары және нерв талшықтары болады. Жүрек бұлшық етінің жиырылуына автоматизм тән, бірақ жиырылу жылдамдығын нерв импульстары реттейді. Жүрекше мен қарыншаның келісіп жиырылуы «жүректің өткізуші жүйесі» деп аталатын жүйені құрайтын арнаулы бұлшық ет клеткаларының кызметімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет