1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Эпикалық шығармаларды оқыту. Мектепте эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі



бет7/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134
емтихан

2.Эпикалық шығармаларды оқыту. Мектепте эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі.
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалык шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
Көркем образдары, образдар галереясы.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мүғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дөрежесінде талдау мүмкін емес. Сондыктан, әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мүғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, кандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы кабылдайды, ал мүғалім мақсаты - сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай карастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Әңгіме жанрын оқыту.
Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл керкемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Әңгіме жанрын жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Теменгі сыныптарда әңгімелер монографиялық жолмен оқытылса, ал жоғары сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», т. б. әңгімелері оқуға берілген (11-сынып, шолу дөрежесінде олар оқулыкта талданған). Бұл әңгімелер - жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері. Оқытқанда, оларды тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне қарай топтап алып, талдау керек. Мысалы, алғашкы әңгімелерінің ішінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматта» көтерген проблемалары негізінде «М.Әуезовтің алғашқы өңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?» деген ортақ сұрақпен талдауға болады. Сыныпты талданғалы отырған шығармалардың санына байланысты топ-топқа бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру керек. Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келетіндіктен, өз беттерімен талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғары сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерімен талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.
Мысал жанрын оқыту
Мысал - аллегориялық жанр. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқау таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет